Акимат » Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының  әдеп жөніндегі уәкілі. 
Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі              № 40, 127 кабинет.
Байланыс телефоны: 8 (7232) 71-31-78. 
Электронды мекен-жайы: r.arystanbek@akimvko.gov.kz. 
 
 
 
 
 
 
Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау 
КЕСТЕСІ
 
 
 

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдайтын тұлғаның аты-жөні, тегі

Қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы

Қабылдау күні мен  уақыты

Қабылдау орны

Байланыс телефоны

Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы

Шығыс Қазақстан облыс әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Апта сайын сейсенбі күндері

сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

Өскемен қаласы,

М. Горький көшесі, 40,  127 кабинет

 

8(7232)

71-31-78

 
 
 
 
Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
 
 
1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;
12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.
 
Өңдеу күні: 10-08-2018