Акимат » 2017 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

2017 жылға Семей қаласының саяси-экономикалық дамуы

2017 жылғы 11 айына қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағада 148,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл  өткен жылдың осындай кезеңінен 5,1 млрд.теңгеге немесе 3,6%-ға жоғары. Нақты көлем индексі – 104,6%-ды құрады. 
Аграрлы секторда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында өткен жылдың осындай кезеңіне (2016 жылдың қаңтар-қарашасы – 26,7 млрд.теңге) 6,8% өсумен 28,5 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 101%.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына ет өндірісі 1,1%-ға (25 479,4 тоннаға қарсы 25 772 тонна), жұмыртқа саны 2,3%-ға (2 808,2 мың данаға қарсы 2 872,7 мың дана шығарылды) артты.
Бөлшек тауарайналымының көлемі 17,1%  өсу қарқынымен 177,2 млрд.теңгені (2016 жылдың қаңтар-қарашасы – 151,3 млрд.теңге) құрады. Нақты көлем индексі 107,4%. 
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында қалаға 37,8 млрд.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды немесе өткен жылдың осындай кезеңінен (2016 жылдың қаңтар-қарашасы – 36,4 млрд.теңге) 1,4 млрд.теңгеге артық (103,8%). Нақты көлем индексі –  97,1%. 
Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 21,5 млрд.теңгені құрады, бұл 304,5 млн.теңгеге немесе өткен жылдың деңгейінен (2016 жылдың қаңтар-қарашасы – 21,1 млрд.теңге) 1,4%-ға жоғары. Нақты көлем индексі – 96,5%. 
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 58 956 ш.м. тұрғын үй енгізілді немесе өткен жылдың деңгейіне 88,1% (2016 жылдың қаңтар-қарашасы – 66 903 ш.м.). 
Шағын бизнесте тіркелген кәсіпорындар санының 212 бірлікке немесе 5,3%-ға өскені байқалады  (4225 бірлік), соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар – 253 бірлікке немесе 113%-ға артты (2198). 
Шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген субъектілер саны қаңтар-қараша айларында 29 946 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар – 18 348 бірлік. 
Ағымдағы жылдың қаңтар-қырүйегінде ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететін жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы 110 583 теңгені құрап, 2016 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 6,1%-ға артты (104 209 теңге). 
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 17,9 млрд. теңгені құрады (2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында – 14,8 млрд.теңге). Өсу қарқыны – 120,7%.
2017 жылдың 11 айына мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен 13 729 баланың ішінен 13300 бала қамтылды немесе 99,9%. 
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 1221 адамды құрады, бұл 2016 жылдың деңгейіне қарағанда 641 адамға жоғары (2016 жылғы қаңтар-желтоқсанына – 580 адам). 
2017 жылдың 1 қаңтарына аз қамтылған азаматтар саны 1685 адамды құрады, бұл 2016 жылдың деңгейінен 2 адамға аз (2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 1687 адам).
 
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Өңдеу күні: 05-04-2018