Акимат » 2017 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2017 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2017 жылғы қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасында Семей қаласы  9 орынды иеленді. 
2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13 көрсеткіштің 8 бойынша нәтижелер жақсарды:
- өндірістік өнеркәсіп нақты көлем индексі – 104,6% (91,8%), құрылыс жұмыстары нақты көлем индексі – 96,5% (95,6%), бөлшек-сауда тауар айналымы нақты көлем индексі – 107,4% (104,2%), қала бюджетінің меншікті кірістер көлемінің өсу қарқыны – 122,3% (109%), шағын бизнестің белсенді кәсіпорындар санының өсу қарқыны – 113% (94,4%), қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны – 101,3% (100,6%), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған 1-6 жастағы балалар санының өзгеруі – 112,3% (101,8%),  қылмыстылық деңгейінің өзгеруі – 78,1% (98,9%); 
- жағымды динамикаға қарамастан өткен жылдың деңгейіне жетпеушілік 3 көрсеткіште байқалуда: ауыл шаруашылығы жалпы өнімі нақты көлем индексі – 100,6% (103%), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны – 110,3% (122,2%), қылмыстылықты ашу деңгейінің өзгеруі – 97,7% (112,2%);
- 2 көрсеткіш жағымсыз динамика байқалады: негізгі капиталға салынған жеке меншік инвестицияның нақты көлем индексі 79,7% (94,1%), 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда – 98,6% (95,6%). 
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік бағалау көрсеткіштеріне бақылау жүргізу бойынша жұмыс тобының жұмысы жалғасуда.
 
2017 жылдың қаңтар-қараша Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының әлеуметтік- экономикалық даму серпіні бойынша ішкі өңірлік талдау
 
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Өңдеу күні: 05-04-2018