Акимат » Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2017 жыл

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2017 жыл

Мектепке дейінгі білім
Семей қаласында 55 мектепке дейінгі ұйым (16 мемлекеттік, 39 жеке-меншік) және мектеп жанындағы 42 шағын орталық қызмет етеді. Балабақшаларда – 9502 бала, шағын-орталықтарда – 1997 бала, барлығы 11 500 бала қамтылған. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту – 100% құрайды, 1-6 жас 84%. Балабақшаға кезекте 1-6 жастағы 4938 бала тұр.
3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім беру бойынша жұмыс жалғасуда. «Ұшақтар» кентінде 280 орынға және «Қарағайлы» кентінде 320 орынға  2 балабақшаны салу құрылысы басталды.
Мектепке дейінгі мекемелерде 890 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 13,0 % -жоғары санатты, бірінші санатты – 14,3%,  екінші санатты – 27,7 %, санатсыз- 44,8 %. 
Семей қаласының балабақшаларында оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды: ойын, жеке тұлғаға бағытталған белсенді оқыту, жобалау, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану жұмыстары жалғасуда. 2016-2019 жылдарға арналған көптілділік білім беруді дамыту мектепке дейінгі мекемелерде үш тіл: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерту арқылы жүзеге асырылады.  
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үрдісі мемлекеттік стандарт, типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асады.
Орта білім беру
Жалпы білім беру мекемелер жүйесі – 70 мекемемен қамтылған: 66 - мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер; 2- жеке меншік; 2 - кешкі. Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер саны – 25, орыс тілінде  - 9, оқыту екі тілде білім беретін мектептер -32. 2016-2017 оқу жылында мемлекеттік мектептерде 1-11 сыныптар аралығында  43463 оқушы білім алды (2016 ж.- 41939, 2015 ж. – 39636). Олардың ішінде қалалық жерлерде -41206   (2016 ж.-39625, 2015ж.-3711, 2014ж.-35719) оқушы, ауылдық жерлерде – 2257 (2016 ж-2314, 2015 ж. – 2325, 2014 ж. –2404, 2013ж. – 2470) оқушы. Семей өңірі бойынша 14 – шағын жинақталған  мектеп, олардың ішінде 5 – негізгі, 9- орта, контингенті- 1433,  мектеп алды даярлықты қосқанда-1625 (2016ж.-1271, мектеп алды даярлықты қосқанда -1447) оқушыны құрайды.
Оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы 63,2 % пайызды құрайды. 
Мектеп жасындағы барлық балаларды жалпы орта білім берумен қамту міндетті. Аталған сұрақ үнемі бақылауда, білім бөлімі жергілікті полиция қызметімен бірлескен жұмыс жүргізеді. 2017 жылғы 4-тоқсанына қарасты  2 оқушы себепсіз 10 және одан да көп күн сабаққа қатыспағандар (№ 12-1,  № 47 – 1 ОМ).
Қорытынды аттестаттау
Білім беру мазмұнын  жаңарту  негізінде қорытынды аттестаттауда өзгертілді.
Мемлекеттік бітіру емтиханы-орта мектеп курсын тәмамдағаны туралы аттестат алу үшін қорытынды аттестаттау өткізілді. 2016-2017 оқу жылындағы түлектер саны 1701, былтырғы оқу жылына қарағанда 162 адамға артық. Қорытынды аттестаттауға қала мектептерінен 1682 оқушы қатысты, соның ішінде мемлекеттік тілде 948 (56,3%), орыс тілінде оқытылатын мектептерден 734 (43,6%) тапсырды. Қорытынды аттестаттаудан 19 оқушы босатылған. 18 оқушы денсаулығына байланысты, 1 оқушы халықаралық спорттың қатысушысы.
Қорытынды аттестаттаудың нәтижесінде білім сапасы 65,8% құрады, 11 сыныптардың жылдық білім сапасы 48,9%-ды көрсетсе, жылдық қорытындыда 16,9%-ға артық. 
Пәндер бойынша жылдық бағалардың, байқау емтихандардың, қорытынды аттестаттаудың салыстырмалы қорытындысы  мектептерде өткізген емтихандардың бағалары №2,4,7,10,11,12,13,15,16,26,47, Шақаман мектептерінде алгебра және анализ бастамаларынан 19,8%-ға,ана тілінен (эссе) 15%-ға, Қазақстан тарихынан 18%-ға көтерілген.
Қорытынды аттестаттау  көрсеткіші бойынша 54 түлек "Алтын белгі"(2016ж-36), үздік аттестат -72 (2016ж-14).
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу- жоғары оқу  орындарына түсетін  біліктілік формалардың бірі. ҰБТ қала бойынша өткізу орындары №836 Шәкәрім атындағы СМУ, №862 КазМЗИУ 20-25 мауысымда үш ағымда өтті. ҰБТ-ға 1231 оқушы қатысты. Қала бойынша қатысу пайызы 72,3% (2016-61,7%). Облыс бойынша-68,8%. Қала бойынша орта балл-82,6 (шығармашылық емтихан тапсырған түлектерді есептемегенде), олармен бірге-78,2балл (2016-82,96 балл), облыс бойынша-82,2 балл, республика бойынша-80,2 балл.
ҰБТ-да қала  бойынша ең төмен балл көрсеткен мектептер:
50-60 балл-№13,20,26, Бегалин атындағы 60-70 балл-№2, 8, 9, 12, 21, 40, 41, 48, Ибраев атындағы, Түрксіб  мектептері 70-80 балл -3, 4, 7, 11, 15, 18, 19, 23, 28, 31, 32, 33, 34, 35, 38, 42, 47, Пригород, Озерка Быхин атындағы, Бұлақ, Приречный мектептері 80-90 балл- үш тілде оқыту көп бейінді мектеп, №10, 16, 22, 27, 30, 36, 39, 43, Шүлбі орта мектебі, Шақаман, Знаменка мектептері. Ең үлкен орта балл көрсеткен: экономикалық лицей-105,5балл, Шүлбі мектебі-106 балл, №37 гимназия-97,8 балл, №17 ЖОББМ-96,77 балл, №1 ЖОББМ-92,46 балл, №6 гимназия -96,63 балл, №29 ОББМ-91,6 балл. 
Үш жыл бойы тұрақты орта балл көрсеткен келесі мектептер: экономикалық лицей, №6, №37 гимназиялар, №17, №1 мектептер.
Орта балдың төмендеуі Бегалин атындағы, №13,20,26 байқалады.
Ең жоғары -137 балл 140-тан №31 ЖОББМ оқушысы Қайырханов Әділ көрсетті (2016 жылы ең жоғары баллды №17 ЖОББМ түлегі, үздік аттестаттың иегері Болат Кәмшат алған). 136 балдан 6 түлек алды-Алжанов Дәурен (№6 гимназия), Тугелбаева Альбина (№22лицей -мектеп), Айтқазина Күміс (№33 ЖОББМ), Зайсанова Гүлім (№37 гимназия), Мұратбек Аяжан (№39 ОББМ). Шекті деңгейге жетпеген оқушылар саны – 153. №2,3,4,8,9,11,13,15,18,19,28,32,33,35,41 мектеп түлектерінің көпшілігі төмен деңгей көрсетті.ҰБТ нәтижесін салыстырған кезде пәндер бойынша ағылшын тілі- 4,9 балл, биология -7,2 балл, дүние жүзі тарихи -1,9 балл, география- 2,8 балл,  физика -7,7 балл, химия -3,5 баллға дейін жағымды динамика көрсетті.Қазақстан тарихынан орта балл 4,32-ге төмендеген. 
ҰБТ нәтижесі бойынша пәндерге бөлгенде орта балл көрсеткен:оқу сауаттылығы-16,8 балл, математикалық сауаттылық-11,05 балл, Қазақстан тарихы – 12,4 балл, физика-20,5 балл, химия – 19,3 балл, биология – 21 балл, география-35,91 балл, ағылшын тілі-25,4 балл. 
54 түлектердің ішінде "Алтын белгі" иегерлері бойынша 47 оқушы ҰБТ тапсырды (100 және 100-ден аса балл немесе 74,4% көрсеткен 35 оқушы), 51 түлек мемлекеттік білім беру грант иегері атанды (94,4 %).
Үздік аттестат бойынша 72 оқушыдан 63 оқушы ҰБТ-ға қатысты, 100 және 100-ден аса балл немесе 66,6% (№1,4,8,29,11,16,30,6,42,38,7,22,33,37,39 және Шәкәрім атындағы 3 тілде оқытатын көпбейінді гимназия). 272 түлек мемлекеттік білім беру грантының иегерлері. ҰБТ қорытындысы  жан-жақты сараланып, талданды. Семей қаласының білім бөлімінің кеңесінде қаралды.
Дарынды балалармен жұмыс
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне Семей қаласынан № 7 ЖОББМЛ (Маратов Нурлыбек, Бегимова Алина) мен Экономикалық лицейден (Сыдыкова Арай, Тұрмыс Нұр) 4 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша №7 мектеп-лицейінің оқушысы Маратов Нұрлыбек ІІІ орынға ие болып, Теміртау қаласында өткен қашықтық кезеңіне қатысты.
2017 жылдың 13-16 наурызы аралығында Таулы Үлбі өзенінің жағалауындағы «Дарын» оқу-сауықтыру базасында өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа Семей қаласы мектептерінен 3 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды: № 29 – І орын, №21 – ІІ орын;
Өскемен қаласында өткен «Жас математик» және «Жас физик» атты облыстық олимпиадаға Семей қаласының 5 мектептен (№6 Г,  №7 МЛ, №1, 23, 26 ОМ) 6 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 5 қатысушымыз жүлделі 2, 3 орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды: ІІ дәрежелі дипломмен 2 оқушы, III дәрежелі дипломмен 3 оқушы.
Жалпы командалық есеп бойынша  Семей командасы «Ең үздік команда-2017» номинациясы бойынша марапатталды.
Жыл сайын Қазақстан Республикасының мектеп оқушылары халықаралық ғылыми жобалар жарыстарына қатысуда ( Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес). Республикамыздың интеллектуалды потенциалын қалыптастыруда Семей қаласының да мектеп оқушылары өз  үлесітерін қосуда.
Халықаралық ғылыми жобалар жарыстарына ғылыми жобалар сайысының республикалық, облыстық кезеңінің жүлдегерлері қатысады.
2017 жылдың 03-08 ақпаны аралығында Тэджон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми конкурсына Семей қаласынан Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Шарипбаев Думан қатысты.
Байқаудың басты мақсаты – ізденіс-зерттеу ісіне қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау және қолдау, оқушылардың үздік жетістіктерін насихаттау, Кореяның үздік жоғарғы оқу орындарымен шығармашылық қатынасты дамыту.  
Конкурстың қорытындысы бойыншаШарипбаев Думан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпазымызға WOOSONG Халықаралық университетінің 40% -дық  оқу грантын берді.
Мәскеу облысы Королев қаласында өткен «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасына Семей қаласынан 3 оқушы қатысты: Макишева Адия  (№ 6 гимназия), Мұратқызы Камила, Амантайқызы Жансая (№22 мектеп-лицейі).  № 6 гимназияның 11 сынып оқушысы Макишева Адия   жүлделі орынға ие болып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2017 жылдың 28 ақпан 5 наурыз аралығында Алматы қаласында   өткен  Ө. Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына Семей қаласының 4 мектебінен (№1 ОМ, №7 МЛ, № 34 ОМ, №39 ОМ), 6 оқушы қатысты. 
Халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша 6 қатысушымыз да жүлделі орындарға ие болып, І,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 
І – 1 оқушы (№34 ОМ), ІІІ – 4 оқушы (№1 ОМ, №7 МЛ, №39 ОМ).
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Дарынды оқушылармен жұмыс істеуде жалпы білім беретін мектептердің 2-11 сыныптары арасында әр түрлі пәндер бойынша  қалалық,  өңірлік, облыстық, республикалық және халықаралық интеллектуалдық ойындар мен конкурстар өткізу  болып табылады. 2016-2017 оқу жылында:
Облыстық интеллектуалдық конкурстар, қазақ тілінен «Айналайын», математика пәнінен «Малахит», Қазақстан тарихы пәнінен «Тұлпар», «Үркер», ағылшын тілінен «Лидер», «Асыл тас», «Балапан». Осы оқу жылында барлығы 1643 қатысушы, 5630 жүлдегер болды. (2015-2016 о.ж. – 17089 қатысушы, 7 297 жүлдегер).
Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонға – 1700 оқушы, 225 жүлдегер (2015-2016 о.ж. – 1306, қатысушы 209 жүлдегер).
Халықаралық конкурстар: орыс тілінен «Орыс қонжығы», «Алтын жабағы» әлемдік тарихынан, ағылшын тілдерінен «Британ бульдогы», «Кенгуру-лингвист», математикадан «Кенгуру-математика» конкурстары бойынша  2016-2017  оқу жылында 2154 қатысушы, 959 жүлдегер (2015-2016  2058 қатысушы, 729 жүлдегер) 
Жыл бойы қаламыздың дарынды балалары  квота шегінде «Балдаурен» республикалық оқу сауықтыру демалыс орталығына жолдамамен демалуға жіберіліп тұрады. 2016-2017 о.ж. 27 мектептен (СОШ № 4, 5, Г 6, 9, 10, 11, 15, 16, 18, 19, 21, 22, 23, 27, 29, 30, 32, 33, 34, 35, 36, Г №37, ШЛ №38, 39, 47, Пригород) 66 оқушы жолдамамен демалды. 
Барлық нәтижелерді қорытындылай келе 2016-2017 оқу жылында әр түрлі деңгейдегі жарыстар, конкурстар мен интеллетуалдық сайыстарға қатысқан барлығы 22563 оқушы,  7 432 жүлдегерлер санын көрсетті (2015-2016 о.ж. - 19778 оқушы, 6643 жүлдегер). 
Мамандармен жұмыс. Әдістемелік жұмыс.
Орта білім беру жүйесінде 4026 педагог білім алып жатқандығы жайлы атап айту керек. (2016 ж. -3921 адам). 2016 ж. салыстырғанда педагогтар саны 2,6% (105 адамға) өсті. Жоғары білімі бар 3537 мұғалім, ол жалпы педагогтар санының 87,8%-ын құрайды, 439 мұғалімнің немесе 10,9%-ның орташа кәсіптік білімдері бар.  
2016-2017 оқу жылдарында қала мектептеріне 98 жас маман келді. Олардың 14 мұғалімі ауылдық жерге. Тағы 11 педагогикалық қызметкерлерге,  қоғамдық қолдау көрсету шараларын ұсыну ережелері бойынша, ауылдық жерлерге жұмысқа және тұруға келген, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы 138740 көлемінде көмек ұсынылды. Бұл жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең. Сонымен қатар, 6 мұғалімге тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіліп – 1500 көлеміндегі айлық көрсеткішінен аспайтын бюджеттік несие бөлінді. 
Орташа есеппен жалпы білім беру саласында педагогикалық құрылымның сандық және сапалық құрамын жақсарту тенденцияларын нығайту жалғасуда. Сонымен қатар, қалалық – 84,35% және ауылдық жерлердегі -  75,8% педагогтардың біліктілік деңгейінің айырмашылығы орын алуда. Ауылдық аймақтарда жоғары білімі бар ұстаздар саны өсті. Педагогикалық кадрлардың жасару үрдісі нығайтылуда. Білім мекемелерінің педагогикалық ұжымдарының басты бөлігін әйелдер құрайды. Жергілікті атқарушы органдарымен жас мамандарды мектепте жұмыс істеуге, әсіресе ауылдық жерлерде қызметке  тарту жұмыстарын жалғастыру керек. 
Білім беру мазмұнын жаңарту  жүйесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары маңызды рөл атқарады. Оқытудың алғашқы сатысында 66 жалпы орта білім беру мекемелерінде 871 мұғалім жұмыс істеген, оның ішінде 212 мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті.
2017 жыл ішінде ағылшын тілі курстарын 244 химия, биология, физики, информатика пән мұғалімдері  оқып шықты. Соның ішінде 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 112 мұғалім терминологияны ағылшын тілінде оқуды сабақ кезінде қолданылатын болады. Сабақтың 30% ағылшын тілінде өтетін болады. Қосымша төлем 30 %  құрайтын болады.
Қамқоршылық және қорғаншылық секторы
Қазақстанның мемлекеттік саясаты әр баланың құқығын қорғауға бағытталған. Елбасымыз: «Біздің елімізде дүниеге келген әрбір бала – қазақстандық. Мемлекет оларды қорғау керек» - деген. 
Семей қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім 403 бала  қамқорлыққа алынған, соның ішінде жетімдер – 312, ата-анасының қарауынсыз қалғандар – 164, қамқорлыққа өз еркімен тапсырылғандар – 92, патронаттық тәрбиеде – 27.  
Бүгінгі таңда аса өзекті мәселе болып табылатыны – әлеуметтік жетімдік. Экономикалық тоқырау жағдайындағы халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, отбасын қолдау және қолайсыз отбасын ерте анықтау мақсатында қаламызда «Отбасын қолдау орталығы» мен «Ана үйі» құрылған, олар білім бөлімімен бірлесе тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларына көмек, қолдау көрсетеді.Білім бөлімі жетім балаларды және аталған категориядағы отбасыларды қолдауға бағытталған жұмыстарды үнемі жүргізеді. Жыл сайын «Қорғаншылар күні», «Мейірім», «Қуан, сәби» атты жалпықалалық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.  
Бұл шараға отбасыларға қамқорлыққа алынған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған  білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері, отбасына бала асырап алғысы кеп жүрген кандидаттар шақырылады. 
Балаларды қамқорлығына алған барлық отбасылар бір балаға 10 АЕК (21210 тенге) мөлшерінде баланы күту үшін  жәрдемақы түрінде мемлекеттен қолдау алады. 
Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға және жетім балаларға арналған мекемелерден жетім бала асырап алған Қазақстан Республикасы азаматы 2015 жылдың қаңтар айынан 75 АЕК мөлшерінде (159 075) біржолғы жәрдемақы алады. 
Патронат тәрбиешілер ай сайын педаогикалық еңбек өтіліне байланысты 30 000-50000 дейін еңбекақы, сонымен қатар бір баланы асырауға 10 АЕК  (19820) алады.  
Бүгінгі таңда Семей қаласында «Мейірім» акциясымен  263  кәмелетке толмағандар қамтылған (балалар үйінде – 111, патронаттық тәрбие мен қамқорлықта -152).Балаларға  әлеуметтік-патронаттық қолдауды 80-нен артық патронаттық ұйымдар  көрсетеді
2017 жылдың 28 ақпанындағы есеп бойынша «Жилстройсбербанк» балалардың есебіне аударылған сома мөлшері – 46 млн.теңгеден асады.
Жетім балаларға үш жылға арналған Кешенді жоспарды жүзеге асыру нәтижесі бойынша 12 пәтер бөлінді, 1 тәрбиеленуші жер телімін алды, 5 тәрбиеленуші жөндеу жұмысын жүргізді және жиһаз алды, 6 тәрбиеленуші мемлекеттен жиһаз және тұрмыстық техника алды. «Мейірім» акциясына белсенді қатысқан патронатты ұйымдардың ішінде – ең алдымен білім беру мекемесі, денсаулық сақтау және ауылшаруашылық бөлімі  және т.б. бар. 
Бүгінгі таңда балалар есебіне «Жилстройсбербанк» патронатты ұйымдар арқылы 46 млн.теңгеден артық қаржы бөлінген.
«2020 – қолжетімді баспана», «Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламалары бойынша қала әкімшілігімен  соңғы үш жылда жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға 107 пәтер бөлінген (2013 жылы – 6 пәтер, 2014 жылы – 88 пәтер, 2015 жылы – 13 пәтер). 
Бүгінгі күні мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет ететіндер есебінде 1323 жетім –бала және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар тұр. 
2016 жылы ШҚО облыс мәслихатымен жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау жөнінде 2016-2018 жылдарға кешенді жоспар бекітілген. Қорғаушылық және қамқоршылық ұйымының қызметін атқаратын білім бөлімімен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды анықтау және оларды есепке алу жөнінде ұдайы жұмыстар жүргізіп отырады, ата-анасының қамқорлығынан айырылудың нақты жағдайлары ескеріле отырып,  қамқорлық пен қорғауға алу, асырап алу түрі анықталады, сонымен қатар олардың келешектегі тәрбиеленуіне, білім алуына және күтілу жағдайына бақылау жүргізіліп отырады. 
2017 жылдың мамыр айында ШҚО мәслихатымен бекітілген «Мейірім» қайырымдылық акциясының аясында Білім бөлімі мен балалар үйі бірлесіп «№8 балалар үйі» ҚММ тәрбиеленушісі – Экштеин Марияға 1 бөлмелі пәтер берілді.
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы – білім жүйесін жаңғыртудағы  ең басты міндеттерінің бірі. 
Тәрбие жұмысын өткен жылмен салыстырып талдайтын болсақ, білім бөлімі және білім беру мекемелері аталған бағыт бойынша  2011-2020жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында  жұмыстар атқарып келеді. Бұл өскелең ұрпақты  тәрбиелеуде  олардың белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық сезімін, рухани жоғары және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. 
(ҚР білім және ғылым министрінің 22.04.2015ж №227 бұйрығы) тәрбие тұжырымдамасынажәне қалалық білім беру мекемелеріндегі тәрбие бағдарламасына сәйкес Семей қаласы жалпы орта білім беру мектептерінде жыл бойында жоғарыда аталған құжаттарды жүзеге асыру барысында нақты жұмыстар атқырылды. 
Білім беру  саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шеңберінде қазіргі заманғы талаптар білім үдерісінің әлеуетті тәрбиені арттыруға бағытталған, жаңартылған әдіснамасы, тәрбиенің мазмұны мен құрылымы жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы отбасылық тәрбиенің құндылығы, білім мен тәрбиені ықпалдастыру үрдісіне бағытталған.
Тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бағыттары білім бөлімінің бағдарлмасына сәйкес  бес негізігі жоба арқылы жүзеге асырылады. 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін мектептер таңдалған жобаны іске асыру бойынша  жұмыстар атқарды.Қалалық бағдарлама тәрбие жұмысы бойынша барлық бағыттарды қамтиды. 502 мәдени-бұқаралық және спорттық сайыстар өткізілді. Жыл бойында  746 бала халықаралық конкурстар мен спорттық сайыстардың  жеңімпаздары атанды.   731 республикалық, 1070 облыстық, 2341 қалалық.
Білім беру мекемелерінде тәрбиелік іс-шаралар 2017 жылғы мерекелік мерейтойларға арналды: ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығына, мемлекеттік рәміздер күніне, ҚР Қарулы күштер күніне, «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай және тағы басқа атаулы күндерге байланысты өткізілді.
«Мәңгілік Ел» кабинеттері  барлығы 20 жалпы  орта білім беретін мектептерде  ашылды.  Кабинеттер көрнекті оқу кұралдармен жұмыс жоспарларымен және жаңа бағдарламалармен, жиһаздармен, техникалық құралдармен жабдықталған. Бұл кабинетте  патриоттық тәрбие жөніндегі әдістемелік жұмыстар, ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар жүргізіледі. №№ 2,3,11,17,41,42,38 мектептерде депутаттармен,  ата-аналар қауымдастығымен, қаланың танымал адамдарымен кездесулер ұйымдастырылады. 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні   және Тұңғыш Президент күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтілді. Мектептерде «25 жұлдызды күн» шеңберінде тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, шығармашылық конкурстар және басқа да іс-шаралар өткізілді.Білім ордасының ұстаздары мен білім алушылар белсенді үлес қосып, Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жылдығына орай  және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына  арналған әскери-патриоттық тәрбие беру іс-шаралары өтті.
Алғаш  рет қаланың орталық алаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында орта мектептер арасында патриоттық ән және сап түзеу шеруі ұйымдастырылды.
Оқу орындарында, 15 әскери-спорттық, қоғамдық бірлестігінің Семей филиалының бөлігі болып табылатын патриоттық клубтар бар. Әскери-спорттық клубтар Федерациясы әртүрлі ұлттық, облыстық жарыстарға қатысу арқылы жыл сайын мектеп оқушылары, жүлделі орындарға ие болуда. Осылайша, Әлия Молдағұлова атынан ұйымдастырылған республикалық жарыста  Бигалиева Н. (гимназия № 5) I орын алып «Мисс снайпер» атанды. Қарағанды облысының «Спасск» оқыту полигонында өткен халықаралық әскери-патриоттық жастар жиында 5 гимназия, ОМ №26,27,34,39,42 мектеп оқушыларынан құрылған әскери-патриоттық клубтарының құрама командасы, Шығыс Қазақстан облысының атынан «Айбын» командасы қатысты. Оқушылар әскери-спорттық жарыстарда ғана емес, сонымен қатар «Эрудит» зияткерлік ойында да,  компьютерлік «Worldoftanks», робот-техникалық  жарыс «Менің роботым», «Голос Айбын» мега-арт фестивалінде жақсы нәтижелер көрсетті.
Қалалық жалпы командалық қорытынды бойынша II орынды жеңіп алды.  
Жыл бойы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері білім беру бөлімінің тұрақты бақылауында:
- Ішкі істер департаменті, прокуратура, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да мүдделі тараптардың өкілдерінің қатысуымен осы саладағы бірқатар кездесулер өткізді.
- мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, орта мектептің ұл балаларымен кездесу ұйымдастырылды.
- Қазақстан Республикасының Бас Прокуротурасы жобасы жыныстық қол сұқпаушылыққа қарсы балаларды қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеу мақсаты болып табылатын «Балаларды бірге қорғаймыз», «Жол картасы» жобаларына оқу орындары іске асыруға қатысты. Сонымен қатар жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету үшін арналған «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» жобасы бар. Жоба аясында балалар мен әйелдерге  қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған акция Алматы қаласында  23-26 ақпан аралығында  оқу орындарында «Үнсіз қалма» қоғамдық акциясы ұйымдастырылды. Бұл шара қалалық прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау тапты. Бағдарлама бойынша психологтар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, технология, алғашқы әскери дайындық, мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу, жыныстық қол сұқпаушылыққа қарсы қылмыстың алдын алу және анықтау фактілері үшін тренингтер, сауалнамалар, пікірталастар ұйымдастырылды. Қала мектептерінің ата-аналар қоғамдық оқу орындарының қатысуымен, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, алкоголизмнің алдын алу жұмыстары жүргізілді. 
Қалалық ата-аналар қоғамдастығының қатысуымен «Балаларды бірге қорғайық!» пікірсайыс алаңында жұмыс жүргізілді.   
Қала бойынша 3 қала сыртындағы лагерь жұмыс  жасайды. Күндізгі уақытты қамтитын 62 мектеп жанындағы лагерьлер қызмет етеді, онда спорттық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылған. Жазғы уақытта балаларды лагерьлерге тартуда 16500 бала қамтылған (48%). Балалар мен жастардың шығармашылығы сарайында «Жұлдыз» лагері және  Биологиялық орталықта экологиялық лагердің жұмысы ұйымдастырылған.
Жыл сайын жаз айларында басталып қыркүйек айында аяқталатын Семей қаласы әкімі сыйлығына өтетін «Былғары доп» аула клубтары арасындағы турнирді аула клубтары Ассоциациясы ұйымдастырады. 
Әлеуметтік – әлсіз санаттағы: жетім балалар, ата-ана қарауынсыз қалған балалар, жағдайы төмен отбасылар балаларының демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру жұмыстарына жыл сайын мониторинг жасалынады. Қала бойынша  осы санатта  6031 бала бар. Бюджеттен 10 млн 252 мың теңге осы санаттағы балалардың демалысын ұйымдастыруға бөлінген. Кәмелеттік жасқа толмағандар полициясы есебінде тұратын жағдайы төмен отбасы балалары демалыстың алуан түрімен қамтамасыз етіліп, мониторинг жасалған.
Семей қаласының мектептерінде 96 педагог-психолог жұмыс істейді. Қаладағы мектеп психологтары жасалған жоспар нгеізінде жұмыстарын келесі бағыттар бойынша жалғастыруда: оқушылар, педагогтар мен ата-аналар арасында диагностикалық, түзету, ағартушылық, кеңестік жұмыстар ұйымдастыру. Дарынды балалармен жұмыс, девиантты мінез- құлықты балалармен жұмыс жасалады, суицидтің, діни экстремизмнің алдын алу шараларын ұйымдастырып, ҰБТ мен МАБ жұмыстарына дайындық барысында көмек көрсетеді. Сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, қиын отбасынан шыққан оқушыларды зерттейді.
2017 жылдың қаңтарында №22 ОМ онлайн режимінде скайп арқылы байнаныса отырып «Балалар - біздің болашағымыз» атты ата-аналар мен педагогтарға арналып кеңес алаңы ұйымдастырылды. Мақсаты: қоғамдағы мінез-құлықтағы ауытқушылық әрекеттердің дамуының алдын алу. Қала мектептеріне психологиялық денсаулық орталығы, Семей медициналық университеті, білім бөлімі, «Отбасы» орталықтары ұсынған барлық ақпарат таратылды. Теориялық бөлім аяқталғанда ата-аналармен тәрбие мәселесіне қатысты тренингтер, сабақтар, жекелеме кеңестер ұйымдастырылды.
2017 жылдың мамыр айында дарынды балаларға құрмет көрсету аясында ата-аналар форумының жұмысы кезінде қалалық «Бала дарындылығын қалыптастыру» психологиялық  алаңы ұйымдастырылды, онда шығармашылық қабілетті дамыту турасында ата-аналарға кеңес беру жөнінде бекеттер өз жұмысын атқарды. Рефлексия қорытындысы бойынша аталған алаңда ата-аналар қоғамдастығы арасында жоғары бағаға  ие болды.  
2016-2017 оқу жылындағы жұмыстарды қорытындылай келе жаңа оқу жылына  келесі міндеттер қойылады: 
1. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша  іс-шаралар жоспары аясында қалалық «2016-2020 жылдарға арналған Семей қаласы білім беру мекемелеріндегі тәрбие бағдарламасын» орындау жұмыстарын жалғастыру. 
2. Өскелең ұрпаққа патриоттық және толеранттық, рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мақсатында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру үшін кабинеттердің  ашылуын аяқтау. 
3. Кәмелет жасқа толмағандар істері бойынша бөлімшеде есепте тұратын, «қауіп-қатер тобындағы», арнайы мектептен келген балалармен  құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жұмыстарды үнемі жүргізу.  Балаларға қатыгездікпен қарау, тұрмыстық жәбірлеу, кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық – зомбылық көрсету мәселелерін қатаң бақылауға алу. 
5. Қоршаған ортаның шынайылығына саналы көзқараспен қарай білу үшін, радикалды және діни сипаттағы ақпараттарды  қабылдай білу үшін дін жөнінде оқушыларды  қажетті білім алуын қамтамасыз ету. 
2017-2018 оқу жылында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыруда жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, жеке тұлғаның рухани әлеуетін   дамыту, сыни ойлау, әлеуметтік ақпараттарды нақты қабылдай білуін есепке алу керек. 
2017 жылы Қазақстан Республикасында ТМД елдерінің арасында тұңғыш рет EXPO көрмесі өткізілді.Көрменің тақырыбы – «Болашақ энергиясы бүкіл әлемге қажет». Көрме 93 күнге созылады. Халықаралық
«EXPO-2017» көрмесіне Семей қаласынан 4764 оқушы қатысты, соның ішінде 2606 бала аз қамтылған отбасының балалары, 150 жетім, ата-ана қамқорлығынсыз  қалған балалар, 425 дарынды оқушылар.  Сондай-ақ 2300 мұғалім қатысты. Кез келген көрме екі бағытты қамтиды – инновация және ойын-сауық. ЭКСПО-ның әрбір көрмесі ерекше. ЭКСПО -ға барған оқушылар жақсы әсер алды.
Көрмеде көрсетілген инновациялық технологиялар уақыт өте келе қолданысқа енгізіледі. ЭКСПО-ға  барған оқушы мектеп партасында отырып – ақ  сапалы білім нәрімен сусындай отырып, осы жобаны іске асыруға ұмтылуы мүмкін. Сондықтан мұғалім әлемдік деңгейде өтіп жатқан осы шараға байланысты білім беру мекемелерінде бойында рухани және көшбасшылық қасиеті, патриоттық сезімі бар тұлғаны қалыптастыру  үшін жұмыс атқарады.
 
Білім бөлімі
Өңдеу күні: 05-04-2018