Акимат » Семей қаласында құрылыстың дамуы 2017 жыл

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2017 жыл

2017 жылы Семей қаласы бойынша 92,342 мың кв.м тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 100,1 % орындалған. 
Жыл қорытындысы бойынша 20 көпқабатты үй пайдалануға берілді. 14 тұрғын  үй 2018 жылға өтпелі болып саналады. 
9 тұрғын үй құрылысы 2018 жылы басталады деп күтілуде. 
2018 жылы барлығы 23 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, оның ішінде:
 - 8 несиелік үй  ЖАО құнды қағаздарын сатып алу арқылы, Қарағайлы тұрғын ауданында.
- 3 несиелік үй  «СПК «Ертіс»ҰҚ» АҚ арқылы, Қарағайлы тұрғын ауданы (поз.2,3,4); 
- 3 несиелік үй «СПК «Ертіс»ҰҚ» АҚ арқылы, Абай Арена спорттық кешенінің сол жағында, Қарағайлы тұрғын ауданы; 
- 2 сатып алу құқығымен жалға беру арқылы, Сеченов көшесі 9/3, «ЖҚ «Самрұқ Қазына» арқылы.
Әлеуметтік нысандар 
Қарағайлы тұрғын ауданында келесі әлеуметтік нысандар құрылысы жоспарланған: 
1. «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені. Құрылыс жұмыстарына шарт 2017 жылдың желтоқсан айында жасалды. 
2. Мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік бағдарламасы аясында «Фирма Азия» ЖШС бірлескен 320 орындық бала-бақша құрылысы. Жоба дайын. 
4. Мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысы. ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптау қорытындысы алынды.  
5. Әкімшілік ғимарат пен 7 жатақхана корпусы.  Тапсырыс беруші – Семей мемлекеттік медицина университеті. 
 
Құрылыс бөлімі 
Өңдеу күні: 05-04-2018