Акимат » Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2017 жыл

Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2017 жыл

Дене шынықтыру және спорт бөлімімен дене шынықтыру және спортты дамыту және дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысушылардың санын арттыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Қабылданған шаралар Семей қаласында дене шынықтыру және спорттың дамуына септігін тигізді. 
Семей қаласында тұрғындар қызметіне 384 спорт ғимараты, оның ішінде 7 бассейн, 4 стадион, 5 спорт кешені, 123 спорт залы, 1 дене шынықтыру – сауықтыру кешені, 5 шаңғы базасы, 5 мылтық ату тирі, 2 мұз айдыны (Локомотив, Цементник), 1 коньки тебу стадионы, 22 футбол алаңы, 130 арнайы салынған спорт залдар және 72 қосарланған спорт залдар бар.
Спорт саласында 692 маман қызмет атқарады, оның 595-нде жоғары дене шынықтыру білімі, 97 -нде орта арнайы дене шынықтыру білімі бар. Соның ішінде 295 жалпы білім беру орта мектептерінің мұғалімдері, 163 жоғары оқу орындары мен колледждердің мұғалімдері, 192 спорт бойынша жаттықтырушы – мұғалімдер, 15 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері (директор, директордың орынбасары, әдіскерлер). 12 кәсіптік техникалық мектептердің мұғалімдері және дене шынықтыру пәндерінің басшылары, 12 -сі спорт клубтар аппараттарының, 10 басқа дене шынықтыру қызметкерлері. 
Қалада 2016 жылы 3 шағын футбол алаңы, 2 теннис корты және жағажай волейболы ойнына арналған алаң салынды. «Полковничий» аралында облыстық мәслихат депутаты және «Металлист» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айдос Серікқалиұлының есебінен «STREET WORKOUT» алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен Шмидт көшесі 44 мекен-жайында орналасқан балалар – жасөспірімдер спорт мектебі аумағында «STREET WORKOUT» алаңы салынды. Шүлбі кентінде заман талабына сай хоккей корты пайдалауға берілді. 
Аквапарк ауданында жеке кәсіпкер С. Агапкиннің есебінен теннис кортының құрылысы аяқталып, қала әкімінің қатысуымен 2016 жылдың 18 маусымында ашылу рәсімі өтті. 
«Цементник» стадионында келушілерге арналып асханасымен бірге 100 орындық қонақ үй салынды. 2018 жылы спорт зал құрылысы басталады. 
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың 2015 жылғы 5 наурыздағы № 1/154 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Дастенов көшесі, 34 «А» мекен-жайында орналасқан «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар – жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының базасында 2016 жылы 200 орындық спорт академиясы және күрес залы ашылды. 
Жеке кәсіпкер А. Кузнецованың есебінен Абай көшесінде хауыз залы бар теннис залының құрылысы басталды.
2017 жылы қалалық бюджет есебінен Юность, Восход, Энергетик, Шмидт көшесіндегі және Сатпаев көшесіндегі Ертіс өзенінің жағалауында «STREET WORKOUT» арнайы алаңдары салынды.
«Қарағайлы» мөлтек ауданында 5000 орынға арналған мәдени – спорттық кешенінің құрылысы басталады. Құрылыс жаңа спорт түрлерінің дамуына және дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысушылардың санын арттыруға септігін тигізеді. 
№ 12 жалпы білім беру орта мектебінің аумағында демеушілік қаражаттар есебінен шағын – футбол алаңы, жүгіру жолы салынып, құрал – жабдықтар сатылып алынды. Яғни ол аудан тұрғындарын және оқушыларды спортпен үнемі айналысуға тартады. 
Озерка ауылдық округінде «Лань» және «Кирилл» шаруа қожалықтары есебінен спорттық құрал – жабдықтары үнемі жаңартылып тұрады. Мектеп спорт залында үнемі әртүрлі спорт түрлерінен спорт түйірмелері жұмыс істейді. Ауылдық округ спортшылары хоккей бойынша қатарынан 5 жыл 1 орынды жеңіп келеді. 2016 жылдың жылы облыстық бюджет есебінен жалпы құны 500 мың теңге тұратын хоккейге арналған құрал – жабдықтар алынды. 
Шүлбі кентінің аумағында стандартқа сай хоккей қорабы салынып, «АЭС Шүлбі ГЭСі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есебінен құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. 
2017 жылдың 26 мамырында Приречный ауылында «Приречное Агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры М.Т. Тұмабаевтың демеушілік көмегімен жасанды жабындысы бар футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді. 
Қараөлең ауылдық округінің Қайнар ауылында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналып облыстық мәслихаттың депутаты және «Қайнар – Дегелең» қоғамдық қорының президенті М.С. Құрманбайдың демеушілігімен жаттығу кабинеті, бильярд кабинеті ашылды. 
Қалада облыстық спорт басқармасының теңгеріміндегі 3 спорт мектебі: «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі», «Семей қаласы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі», «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың бұқаралық түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі», «ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласы бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» 23 федерация, 27 әртүрлі бағыттағы спорттық клубтар жұмыс істейді. Спорттың 65 түрі дамыған, соның 25 - олимпиадалық спорт түрлері, 40 – олимпиадалық бағдарламаға жатпайтын спорт түрлері. 
№ 1 облыстық балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде жазғы уақытта сауықтыру лагері жұмыс істейді. Онда жыл сайын 250 тәрбиеленушілер демалады.
Кейінгі уақытта қалада дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының біршама өскендігі байқалады. Мысалы, 2015 жылы 99897 адам немесе 29,6  % -ды, 2016 жылы 102660 адам немесе 29,8 %, 2017 жылдың қыркүйегінде 102996 немесе 29,9 % -ды құрады.   
Дене шынықтыру және спорт бөлімі уәкілетті орган ретінде «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. 2017 жылдың 1 желтоқсанында барлығы 558 көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2016 жылы: 507 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 
Қала тұрғындарының денсаулығын және қысқы демалысын ұйымдастыру мақсатында шаңғы, коньки, шананы жалға беру арқылы күнделікті 2 мыңнан астам адамды қамтыған, «Цементник», «Локомотив» стадиондарында және Орталық саябақпен «Строитель» емдеу – сауықтыру орнында бұқаралық конькимен сырғанау үшін 4 мұз айдыны жұмыс істеді. Қысқы уақытта күнделікті «Тисса», олимпиадалық спорт түрлері бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, «Строитель» емдеу – сауықтыру орны, медицина университеті, «Шәкәрім» атындағы Семей мемлекеттік университетіне қарасты шаңғы базалары жұмыс істеді. 
Қыс кезінде 35 хоккей қорабы, жаз кезінде 22 футбол алаңы жұмыс істеді. Ағымдағы жылы 35 квартал тұрғындары өз күштерімен 1 стандартқа сай келетін хоккей қорабын құйды. 1 қорап Назарбаев зияткерлік мектебі және тағы бір қорап Шүлбі кентінде құйылды. Тұрғындардың қысқы демалысын ұйымдастыру үшін, қысқы спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыру жұмыстары болып табылатын «Алтын шайба», «Шаңғы шақырады», Жаңа жылдық жарыс», аула клубтары арасындағы қысқы старттар өткізілді. 
«Шығыс Қазақстан облысында балалар – жасөспірімдер шайбалы хоккейін, футболын, волейболын, баскетболы мен өзге де бұқаралық спорт түрлерін дамыту жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 154 қаулысын орындау бойынша 2016 жылдан бастап білім бөлімімен бірлесе отырып 7 жас ерекшелігі бойынша оқушылар арасында хоккейден, волейбол, футболдан көп кезеңнен тұратын чемпионаттар өткізіледі. 2017 жылы қыркүйек айында мектеп ішіндегі бірінші кезең футбол, волейбол, хоккейден басталып, екінші кезең мектептер арасында өтті. Қараша айында жеңімпаздар облыстық жарыстарға қатысты. 
2016 жылы 2000,2001,2002,2003,2004,2005 жылдары туылғандардың құрама командалары үшінші кезең бойынша облыстық жарыстарға қатысып, облыс жеңімпаздары атанды. Ары қарай төрт жас ерекшеліктеріндегі топтар республикалық жарыстарға қатысып, 2000 жылы туылғандардың құрама командасы республика чемпионы болып шықты. Сонымен бірге 2016 жылы 1999-2000,2001-2002,2003-2004 жылдары туылғандардың қыздар командалары үшінші кезеңнің Супер Кубогына қатысып бір үшінші және екі екінші орынға ие болды. Қаланың балалар – жасөспірімдер құрама командасы үш жыл қатарынан хоккейден «Жұлдызша» облыстық турнирінің жеңімпаздары. 
Білім бөлімімен бірлесе отырып 7 жас ерекшелігі бойынша оқушылар арасында хоккейден, волейбол, футболдан көп кезеңнен тұратын чемпионаттар өткізіліп тұрады. 2016 жылы 2000-2005 жылдары туылғандар құрама командалары  футболдан төрт жас ерекшеліктері бойынша облыс жеңімпаздары атанып, облыс намысын республикалық жарыстарда қорғады. 2000 жылы туылғандар құрама командасы республика жеңімпаздары атанды. 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өтетін облыстық ХХ халық спорты ойындары 2016 жылдың 19-24 мамыры аралығында Өскемен қаласында өтіп, Семей қаласының құрама командасы ұтқан медаль санына байланысты ІІ орынға ие болды.
«Наурыз» мейрамын мерекелеу кезінде Орталық алаңда, «Көктем» сауда үйінің алаңында, Әуезов және «Силикат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алаңдарында гір спортынан, таэквондо, дойбы, қазақ күресі, дартс, пауэрлифтинг, шағын – футбол, шахмат және тоғызқұмалақтан, қой көтеруден жарыстар ұйымдастырылып, оған 1000 –нан астам адам қатысты. Спорттық қоғам үшін жыл сайын киіз үй құрылады. 
Қалада бөлімнің қолдауымен автодыбыс және мотокросстан қалалық жарыстар ұйымдастырылып, оған 40 авто көлік және шамамен 30 мотокросшылар қатысты. 
2017 жылдың 14 наурызында Селевин көшесі 1 «А» мекен-жайында орналасқан «Тарлан» спорт кешенінде каратэ Шинкиокушинкай бойынша Semey open Ашық республикалық турнирі өтті. 
3 мамырда 900 қатысушыны қамтыған Жеңіс күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета өтті.
2017 жылдың 14 мамырында Степной кентіндегі қалалық ипподромда Алаш Орда қозғалысының 100 жылдығына арналған ат спорты түрлерінен қалалық жарыс өткізілді. 
27 мамырда жаңа көпір үстінде балаларды қорғау күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс өтіп, 500 –ден астам адам қатысты.
Жыл сайын жаз маусымында футбол бойынша «Былғары доп» қалалық жарысы және балалар командалары арасындағы «Кока – Кола» республикалық турнирі өтеді. Оған қаланың және еліміздің әр облысынан келген 30 команда қатысады.
Әрбір сенбі және жексенбі күндері «Цементник» стадионында допты хоккейден ардагерлер арасындағы қалалық турнир өтеді. Жыл сайын шайбалы хоккейден «Жұлдызшай облыстық туриріне қалалық іріктеу жарыстары өткізіледі.
12 маусымда Семей қаласы арқылы Ресей-Қазақстан-Қытай арасында «Жібек жолы-2017» халықаралық раллиінің кезеңі өтті. 
Осы жылы Семей қаласында алғаш рет пауэрлифтинг және штанганы жатып сығымдау түрінен мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, еліміздің барлық аймақтарының спортшылары жиналды. 
2017 жылдың 17 маусымында «Спартак» стадионында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің күніне арналып спорттың жеті түрі: футбол, дойбы, тоғызқұмалақ, қол күресі, гір спорты, арқан тарту, жеңіл атлетика бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кіші спартакиада өткізілді. 
2017 жылдың 30 маусымы – 7 шілдесі аралығында Селевин көшесі 1 «А» мекен-жайында орналасқан «Тарлан» спорт кешенінде 2001-2002 жылдары туылған қыздар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты және Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, СССР халықаралық дәрежедегі спорт шебері А.В. Лю-Шиннің 70 жылдығына арналған ауыр атлетикадан 2003 жылы туылған және одан кіші жастағылар арасындағы республикалық турнирі өтті. 
2017 жылдың 2-9 шілдесінде «Шәкәрім» атындағы Семей мемлекеттік университетінің спорт кешенінде пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы және чемпионаты болып өтті. 
Қазақстанда «Спорт күні» мейрамын, «Алаш Орда» қозғалысының 100 жылдығын мерекелеу аясында 2017 жылдың тамызында Семей қаласында бірқатар спорттық бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. 
2017 жылдың 18-20 тамызы аралығында «Көктем» сауда үйінің спорт залында балалар және жасөспірімдер арасындағы таэквондо ІТҒ бойынша қала біріншілігі өтті.
19 тамызда қалалық жеңіл атлетикалық жүгіріс ұйымдастырылды. Жүгіріске жыныс және жас ерекшелігіне қарамастан ниет білдіргісі келгендердің барлығы қатысты. Сөйтіп спорттық шараға салауатты өмір салтын ұстанатын 300-ден астам ниет білдірді. Жеңіл атлетикалық жүгірістің жеңімпаздары үш жас ерекшеліктері бойынша анықталды:
-18-35 жас;
-36-50 жас;
-50 жас және одан жоғары.
Барлық жүлдегерлер Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұлделері және естелік грамоталарымен марапатталды. Белсенді түрде қатысқан спортшылар Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының құрмет грамоталарымен марапатталды. 
Жеңіл атлетикалық жүгіріс қалада дәст.рге айналып, жыл сайын оған қатысушылармен қызығушылық білдіретіндердің санының артылуы байқалғанын айта кеткен жөн.
2017 жылдың 18 тамызында Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен 2000-2006 жылдары туылған жасөспірімдер және қыздар арасындағы тас жолдағы жүгіру бағдарламасы бойынша вело спорттан қала чемпионаты өтті.
Жарыстың басты мақсаттары салауатты өмір салтын насихаттау, велоспортты дамыту, вело жүргізушіл арасында, мектеп оқушылары арасында жол көлік оқиғаларын алдын – алу және облыстық жарыстарға қатысу үшін, қала құрама командасын жасақтап, ары қарай велоспортпен айналысу үшін дарынды балаларды іріктеу болып табылады. 
2017 жылдың 19-20 тамызында қаланың мәдени және демалысқа арналған саябағында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы тоғызқұмалақтан қала бірінішлігі өтті. 
20 тамызда саябақта қол күресінен және штанганы жатып сығымдау түрінен қала біріншіліктері өткізілді.
2017 жылдың 20 тамызында М. Әуезов алаңында гір спортынан қала біріншілігі ұйымдастырылды. 
2017 жылдың 30 тамызында футболдан жолдастық кездесу өтті. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналды. 
Жыл сайын қаланың ұйымдары және кәсіпорындары еңбек ұжымдарының арасындағы, медициана қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкерлердіңғ банк қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, ауыл жастары арасындағы, колледж, жоғары оқу орындары студенттері және оқытушылары арасындағы спартакиадалар өткізіледі. 
2017 жылдың 6-8 қазанында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимаратында джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 
2017 жылдың 3-6 қарашасында таэквондо ІТҒ бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты және ХІХ «Семей Кубогы» Халықаралық турнирі өткізілді. 
2017 жылдың 15-17 желтоқсаны аралығында аралас жауынгерлік күрес ММА бойынша Қазақстан Республикасының IV Кубогы өтті. Үш күн аралығында өткен жарысқа Қазақстанның түкпір түкпірінен келген 120 спортшы өнер көрсетті. Тұңғыш рет бұл ММА жарысына қыздар қатысты. 
16 желтоқсанда Семей қаласында қыздар, жасөспірімдер, балалар арасындағы каратэ Шинкиокушинкай бойынша V-ші Ашық Республикалық турнирі өтті. Турнирге Астана, Алматы, Талдықорған, Көкшетау, Өскемен, Аягөз, Зырян, Шемонайха және Новосибирск қалаларынан келген жалпы саны 400 – ден астам спортшы қатысты. 
Биылғы жылы ауыл округтері арасындағы спартакиада 2 кезеңнен түрды. 1 кезең ауылдық округтердегі іріктеу жарыстары 8 спорт түрі бойынша 2017 жылдың ақпан – қыркүйек айларында өткізілді. 2 кезеңдегі ақтық жарыстар Семей қаласында 2017 жылдың 6-8 қазаны аралығында «Спартак» стадионында және № 17 жалпы білім беру орта мектебінде өтті. Салтанатты ашылу рәсімі 2017 жылдың 7 қазанында сағат 12:00-де «Спартак» стадионында өткізілді. Жарыстар спорттың 8 түрі: шағын футбол, волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, гір спорты, жеңіл атлетика және арқан тартудан тұрды. Жарысқа барлығы 10 округтен 300-ден астам спортшы қатысты. Спартакиадаға 4 округ: Ақбұлақ (Теміржанов Нұртай Төлеуұлы), Абыралы (Мұқажанов Ұлан Мырзағалиұлы), Алғабас (Несіпбаев Шегебай Нұрмұханұлы), Айнабұлақ ауылдық округтері (Адкеев Жаннұр Маратұлы) қатыспаған. Спартакиада қатысушыларына арналып орталықтандырылған тамақтану ұйымдастырылды. Жуынатын кабиналары бар киім ауыстыр бөлмелері жұмыс істеді. Қоғамдық қауіпсіздік және медицинамен қамтамасыз етілді.Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есептер келесіні құрады:
1 орын Шүлбі кенті.
2 орын Знаменка ауылдық округі.
3 орын Достық ауылдық округі.
4 орын Озерка ауылдық округі.
5 орын Жианәлі ауылдық округі.
6 орын Шаған кенті.
7 орын Новобаженово ауылдық округі.
8 орын Приречный ауылдық округі.
9 орын Ертіс ауылдық округі. 
Жеңімпаздармен жүлдегерлер қала әкімдігі мәжілісінде дипломдар және грамоталармен марапатталды. 
 Ауылдық округтер арасындағы спартакиада 2014,2015,2016 жылдардағы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған облыстық халық спорты ойындарына қатысып, жүлделі орындарға ие болуға септігін тигізді. Жыл сайын облыс әкімінің жүлдесіне арналған жарысқа ауыл округтерінің спортшылары табысты қатысып келеді. Спортшылар: бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, гір спорты, қол күресі сияқты спорт түрлеріне қатысады. 
Ауыл округтерінде спорттық шаралар спорт залдарда және мектептер территориясындағы спорттық алаңдарда өтеді. Мектеп оқушылары және жастарға арналған әртүрлі спорттық үйірмелер (волейбол, баскетбол, үстел теннисі, гір спорты, қол күресі) жұмыс істейді. Спорттық жарыстарды мемлекеттік мерекелерге арнап өткізу дәстүрге айналған. «Наурыз», «Жеңіс күні», «Балаларды қорғау күні», «Спорт күні», «Қазақстан Республикасының 25-жылдығы», «Конституция күні» және «Қарттар күніне» арналған жарыстар өткізілді. 
Іс-шараларды өткізу кезінде жалпы білім беру орта мектептерінің қызметкерлері, ЖШС, сонымен бірге ауыл округтеріндегі шаруа қожалықтарының басшыларымен қызметкерлері белсенді жұмыс атқарады.
Ауылдық округтердің мектеп оқушылары және жастары Президенттік сынамаларды тапсыру кезінде белсенділік танытады. 
Ауыл округтерінің командалары қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің 2014,2015,2016,2017 жылдардағы Семей қалалық іріктеу жарыстарына қатысты. 
Жеңіс күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс өтіп, оған 900 –ден астам адам қатысты. Дәстүрлі эстафетаның қатысушылары жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары, жоғары оқу орындарының және колледждерінің студенттері. Жыл сайын қатысушылар саны артуда. Веложүгіріс, қала көшелеріндегі жеңіл атлетикалық жүгіріс, жаңа көпір үстіндегі «Президенттік миля» қала тұрғындары арасында жақсы дамып келеді. Ол үнемі 300-500 қатысушыны қамтиды.
Жыл сайын салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп «Денсаулық фестивалі» өткізіледі. Осы жылы 11 алаңда, мектеп аумақтарында, кәсіпорындар, ұйымдар, ауылдық округтерден бірдей басталған жаттығуға 80 мыңнан астам адам қатысты. 
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығын орындау бойынша қалада бұқаралық түрде Семей қаласы тұрғындарынан қысқы және жазғы президенттік сынамаларды қабылдау өткізіледі. Ағымдағы жылы қысқы және жазғы сынамаларға 45 мыңнан астам адам қатысты.
Қалада спорттық туризм анағұрлым танымал болуда, оған 3820 адам үш санат бойынша қосылған: ересектер, жасөспірімдер және кіші мектеп оқушылары.
Қаланың спорттық өміріне белсене қатысатын ардагерлер Кеңесі жұмыс істейді. Сонымен бірге бөлім спорттық федерациялармен, спорттық клубтармен және қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Жыл сайын спорт ардагерлерін құрметтеу рәсімі өткізіліп, қала әкімі атынан бағалы сыйлықтар табыс етіледі. 
2016 жылы қалада 11 республикалық және халықаралық жарыстар өтсе, 2017 жылдың 1 желтоқсанында 10 республикалық және халықаралық жарыстар өткізілді.
Сонымен бірге 2016 жылы 1439 қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілсе, қала спортшылары 184 облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты. 2017 жылдың 11 айында қалада 987 қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өтіп, біздің спортшылар 179 облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай атақты спортшылар Ахмадиев Ердос, Қабыжанов Болат, Тайменов Данияр, Бектасқызы Зере «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 
Балтабеков Мұратбек 2017 жылдың 14-17 ақпанында Шымкент қаласында өткен гір спортынан ұзақ кезең бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері.
Қанатбекұлы Еркебұлан, Мақанбаев Бексұлтан, Сұлтанов Шыңғыс 2017 жылдың 29-30 шілдесінде Атбасар қаласында өткен Кеңес Одағының Батыры С.А. Курмановты еске алуға арналған грек-рим күресінен XVI Республикалық турнирінің қола жүлдегерлері атанды.
Тұрсынғазин Алмаз 2017 жылдың 14-17 наурызында Алматы қаласында өткен жасөспірімдер, жастар, шеберлер және параармрестлингшілер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.
Байгереев Азамат 2017 жылдың 13-17 наурызында Алматы облысы Жамбыл ауданының Аққайнар ауылында өткен бокстан 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы аймақтық біріншілігінде жеңімпаз атанды.
Исанжулов Арыстан Щучинск қаласында 2017 жылдың 5 ақпанында шахматтан 14 жасқа дейінгі (блиц) жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, 2017 жылдың 10-20 қарашасы аралығында Павлодар қаласында өткен Павлодар OPEN Халықаралық турнирінің жеңімпазы атанып, Халықаралық шеберліктің 1 ұпайына ие болды.
Берікболова Гүлнұр 2017 жылдың 5-7 ақпанында Тараз қаласында өткен дзюдо күресінен 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер және қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері.
Нұғымаров Айбек – «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы, Астана қаласы, қазақ күресінен 2017 жылдың қыркүйегінде өткен «Ашхабад – 2017» V Азия ойындарының жеңімпазы.
Зере Бектасқызы самбо күресінен 2017 жылдың қыркүйегінде өткен «Ашхабад – 2017» V Азия ойындарының жеңімпазы.
Советхан Дамир 2017 жылдың қыркүйегінде Солтүстік Кореяның Пхенян қаласында өткен таэквондо ІТҒ бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Қабдылрахметова Жұлдыз 2017 жылдың қыркүйегінде Солтүстік Кореяның Пхенян қаласында өткен таэквондо ІТҒ бойынша Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Кремжанова Аяулым 2017 жылдың қыркүйегінде Солтүстік Кореяның Пхенян қаласында өткен таэквондо ІТҒ бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Семсерлесуден Қазақстан Республикасының Халықаралық ойындарында командалық есепте Н. Пономарев, Н. Сафинов, А. Курманов, Д. Бычков бірінші орынға ие болды. 
Құсайнов Рамазан Мәскеу қаласында өткен джиу – джитсудан Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Исаханов Жарас қыркүйек айында Қостанай қаласында өткен тоғызқұмалақтан ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасының жеңімпазы.
Имаханов Есентай, Нұрғалиев Төлеген, Ратаев Қуаныш Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен самбо бойынша Азия чемпионатының жүлделі орындарына ие болды. 
2017 жылдың 6-7 қазанында «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында аралас жауынгерлік күрес ММА бойынша Әлем чемпионаты өтіп. 56,7 салмақ дәрежесі бойынша Адилов Санжар әлем чемпионы атанды. 
2017 жылдың 27-29 қазанында Астана қаласында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтті. Искаков Қуаныш 60 кг. салмақ дәрежесі бойынша спортшылар арасында алтын медальға ие болды. 
Дәстүрге айналған үстел теннисі бойынша «Алтын күз» Халықаралық турнирі 2017 жылдың 6 қарашасында Алматы қаласында аяқталды. Үш жас ерекшеліктері бойынша 2003, 2005, 2007 жылдары туылғандар арасында өтті. 2003 жылы туылған спортшылар арасында күміс жүлдені Құрманбаев Сағантай ұтып алды. 
5-6 қарашада Талдықорған қаласында каратэ Шинкиокушинкай бойынша Қазақстан Республикасының Біріншілігі өтті. Балабан Владислав 1 орын (14-15 жас – 55 кг.), Мұқашев Еламан (16-17 жас – 65 кг.), Серікболов Алихан 3 орын (14-15 жас – 50 кг.).
Тұрысбеков Нұрлан 2017 жылдың 14-17 ақпанында Шымкент қаласында өткен гір спортынан Қазақстан Республикасы чемпионатының ұзақ кезең бойынша қола жүлдегері, 2017 жылдың қараша айында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен гір спортынан Әлем чемпионатының жеңімпазы.
3-12 қараша аралығында Венгрияның Будапешт қаласында кикбоксингтен Әлем чемпионаты өтіп, Тұрысбеков Саят жеңімпаз атанса, Канапянов Арнал күміс жүлдеге ие болды.
23-25 қараша аралығында Сарыағаш қаласында қыздар және жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Халықаралық турнир өтті. ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшысы Құсман Бақытжан (+81 кг.) қола жүлдені ұтып алды.
2017 жылдың 10-14 қарашасы аралығында Ақтөбе қаласында ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты және Кубогы өтіп, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары  Назгүл Елмұратова (52 кг.), Төлеген Нұрғалиев (66 кг.), және Зере Бектасқызы (70 кг.) Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
2017 жылдың 21-26 қарашасында Польшада еркін күрес бойынша әлем чемпионаты өтіп, Семейлік спортшы Азамат Дәулетбеков 86 кг. салмақ дәрежесі бойынша күміс жүлдеге ие болды. 
2017 жылдың 26 қарашасында Қазақстан командасы құрамында Галина Вишневская және Максим Браун шведтің Эстерсунд қаласында өткен Әлем Кубогының бірінші кезеңіндегі аралас эстафетада қола жүлдеге ие болды. Галина Вишневская Корея республикасының Пхёнчхан қаласында 2017 жылдың 9-25 ақпанында өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға кандидат.
2017 жылдың 20-28 желтоқсаны аралығында Алматы қаласында шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы өтіп, Шығыс Қазақстан облысы құрама командасы сапында эстафета бойынша Ахмадиев Ердос және Баяхметов Тлеужан күміс жүлдеге ие болды. Дүйсенов Әсет спринт қашықтығы бойынша қола жүлдегер атанды. 
Спорттың 5 түрі бойынша қала құрама командасы 7 спорт түрінен тұратын облыстық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадаға қатысып, төрт бірінші және бір екінші орынға ие болды. Осылай 122 ұпай жинап облыс қалалары арасында турнирлік кесте бойынша бірінші орында тұр.
Ағымдағы жылы «Алтай» футбол клубы футболдан Қазақстан Республикасының Біріншілігіндегі Екінші - Лигадағы командалар арасында топ жарып, Бірінші – Лигаға жолдама алды. 
Қазіргі уақытта Семей қаласында саңыраулар және соқырлардың бірлестігі, қоғамына біріккен мүмкіндігі шектеулі 10 мыңнан астам адам тұрады. Қазақ саңыраулар қоғамының аймақтық филиалында 308 адам тіркеліп тұр. Олардың арасында шағын – футболмен 30 адам, үстел теннисімен 10 адам, қол күресімен 10 адам, жеңіл атлетикамен 30 адам, дойбы және шахматпен 10 адам, тоғызқұмалақпен есту қабілеттері төмен мүгедек 15 адам үнемі шұғылданады.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға спортпен шұғылдану үшін спорт ғимараттары тегін беріледі. Барлық интернаттық мекемелерде тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, үстел теннисінен үйірмелер жұмыс істейді. 
2016 жылдың 3 мамырында қала әкімімен мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы әртүрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған спортшыларды құрметтеу рәсімі өткізілді.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар күніне арналған паралимпиадалықтарды құрметтеу рәсімі болып өтті. Салтанатты шараға 170 адам қатысты. Олардың арасында нашар көретін және нашар еститін тұлғаларға арналған интернат тәрбиеленушілері, сонымен қатар ересек спортшылар да бар. Бүгінгі күні Семейлік мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады. 
Қабыжанов Болат – 2015 жылы Алматы қаласында өткен көру мүшелері зақымданған тұлғалар арасындағы шахматтан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2016 жылғы Арменияның Ереван қаласында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы. 
2016 жылдың сәуірінде Талдықорған қаласында соқырлар арасындағы пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының Кубогы өтіп Москалев Андрей жеңімпаз атанып, Айсаулин Серікбек күміс жүлдеге ие болды. 
Аймақтық спорт колледжінің студенті Тайменов Данияр 2016 жылы 1-10 қазанда Болгарияның Благоевград қаласында өткен 38-ші Әлем чемпионатының жеңімпазы, 2017 жылдың 21-25 қарашасында Польшаның Румия қаласында өткен мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы Әлем Кубогының жеңімпазы атанды.
Алиев Амангелді 2017 жылдың ең үздік спортшысы атанды.
Алиасқаров Марат қыркүйек айында Атырау қаласында өткен мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы спартакиада бағдарламасындағы жеңіл атлетика жарысының жеңімпазы.
Сиязова Айдана қыркүйек айында Атырау қаласында өткен мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы спартакиада бағдарламасындағы жеңіл атлетика жарысының жеңімпазы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты берілген мақалада «Қазақстан Семей» телеарнасымен бірге апта сайын «Намыс» спорт бағдарламасы жүгізіледі.
 
 
 
Дене шынықтыру мен спорт бөлімі
Өңдеу күні: 05-04-2018