Акимат » Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2018 жылға

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2018 жылға

«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 18 әлеуметтік бағдарламаның игерілуін қамтамасыз етуде. Бөлімнің ведомстволық бағынысында 4 мекеме бар.
2018 жылдың  1 қаңтарында 1 980,4 млн. теңге игерілді, соның ішінде қалалық бюджеттен 1197,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен 578,5 млн. теңге, республикалық бюджеттен 204,5 млн. теңге.
Есепті мерзім ішінде  көрсетілген мемлекеттік  қызметтер саны 45028, соның ішінде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы 6703.
 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы
 
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландырылған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен Қаланы дамыту бағдарламасы өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады, бұл бағдарламалар аясында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту; қәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2017 жылға арналған Кешенді жоспар әзірленді. Жоспарға сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 9654 адамды қамту жоспарлануда (3347 жұмыссыз, 3535 нәтижесіз жұмыспен қамтылған және 2772 жұмыс іздеп жүрген тұлғалар). Соның ішінде аз қамтылғандар - 443 адам, жұмыстан босатылғандар - 73 адам, мүгедектер 297 адам және 29 жасқа дейінгі жастар - 3579 адам. 2017 жылы Кешенді жоспардың орындалуы жылдық жоспардын 118,4%  құрады (11435 адам). 
7824 адамға жұмысқа орналастыру шаралары  көрсетілді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 6306,  уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына - 359 адам, жастар тәжірибесіне оқу орындарының  709 түлегі жолданды, қоғамдық ақылы жұмыстарға 450  адам қатысты. Кәсіптік оқытуға  2090 адам, оның ішінде қысқа мерзімді курстарына 1697 адам жолданды.
Шағын несиелендіру мәселесі бойынша 166 адам өтініш жасады, соның ішінде 69 – жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге және 97 – өз ісін ашуға, оның ішінде 56 –ы ауылдық елді мекендерден. Соның ішінде 154 адам кәсіпкерліктің негіздерін оқыунан өтіп, сертификат алды. 115 жолдама берілді ( 43- өз ісін ашуға, 72 – жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге), соның ішінде 111 жолдама  - екінші деңгейдегі банктерге және 4 жолдама - «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ.
Приречный ауылдық округінің Мұздыбай ауылындағы екіпәтерлік 10 тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. 2017 жылдың желтоқсан айында салтанатты жағдайда құрамында 42 адамы бар 11 отбасына қоныстану үшін үйлердің кілттері табысталды. Бағдарламаға қатысушылардың барлығы «Мұздыбай- 1» ШҚ тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Саны 32 адамды құрайтын 9 этникалық қазақ отбасыларына қоныс аударуға 2,541 млн.теңге, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу және коммуналдық қызметтерге кеткен шығыстарды өтеуге  1,5 млн. теңге сомасында субсидия төленді.
2018 жылдың 1 қаңтарына тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 1221 адамды құрады.
          
  Әлеуметтік бағдарламалар
 
Басымды бағыттар мен міндеттердің бірі болып табысы күн көріс деңгейінен төмен адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қолдау есебінен кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. Есепті мерзім ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – табысы күнкөріс деңгейінен төмен 687 азаматы бар 176 отбасыға көрсетілді. Осы мерзімде төленген сома 21,9 млн. теңге. 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 2035 балаға 26,6 млн. теңге сомасында тағайындалды. 60,4 млн. теңге мөлшерінде 2209 отбасыға тұрғын үй жәрдемақысы төленді, өтініштер саны 2016 жылмен салыстырғанда 140 отбасыға ұлғайды (2069 отбасы), бұл аз қамтылған халықты ұлғайтуды қамтуға мүмкіндік.
«Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізу» бағдарламасы бойынша 1180 алушылары бар 281 отбасыға барлығы 57,1 млн. теңге сомасында, соның ішінде республикалық бюджеттен – 34,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 22,5 млн. теңге көмек көрсетілді. Еңбекке қабілетті жобаға қатысушылар санынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 304 адам тартылды, соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 112 адам,  әлеуметтік жұмыс орындарына -14 адам, қоғамдық ақылы жұмыстарға – 66 адам, жастар тәжірибесіне – 8 адам, кәсіптік даярлық, қайта даярлық, біліктілікті арттыруға жолданғандар – 104 адам.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша есепті мерзім ішінде 306,8 млн. теңге игеріліп, 14936 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. 
Біржолғы әлеуметтік көмек мереке және атаулы күндерге: Ауғанстан аумағындағы ұрыс-қимылдарға қатысушыларға, Ауғанстанда қайтыс болған әскери қызметшілердің жанұяларына, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, көп балалы аналарға. Бұдан басқа, қиын өмірлік жағдай туындаған мұқтаж азаматтардың жеке өтініштері бойынша, аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу, шәкірақы, жатақханада тұру үшін мемлекеттік қолдау ретінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуге есепті мерзім ішінде 8,3 млн. теңге игеріліп, 664 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Халықтың әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж мүгедектер болып табылады. Есепті мерзімде 882 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, 206 кресло-арбалармен, тифлотехникалық құралдармен 251, есту құралдармен 69, сурдотехникалық құралдармен 214 мүгедек қамтамасыз етілді. Есту қабілеті бойынша 189 мүгедекке 4 ымдау тілі маманының, жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы 254 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі көрсетілді. 
«Уба», «Самал», «Мойылды», «Зеленый бор» шипажайларында 1309 адам, соның ішінде 402 мүгедек емделуден өтіп, денсаулығын түзеді. Қалалық бюджет қаражаты есебінен «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша 246 мүгедек балаға 63,9 млн. теңге төленді. Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудағы қажетті шаралардың бірі кәсіптік оңалту – бұл мүгедектерге жұмысқа орналасуға, оқуға және қайта оқуға көмек көрсету болып табылады. 
Есепті мерзімде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 301 мүгедек өтініш берді. Тұрақты жұмыс орындарына 186 адам, соның ішінде квоталы жұмыс орындарына 69 адам, қоғамдық ақылы жұмыстарға 51 адам, жастар тәжірибесіне 21 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адам, кәсіптік оқу курстарына 40 адам жолданды. 
Қалалық мүгедектер қоғамында тірек – қозғалыс аппараты бұзылған 1 – 2 топ мүгедектерін қаланың әлеуметтік маңызды нысандарына жеткізу бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен «Әлеуметтік такси» қызметі ұйымдастырылған. Жыл басынан осы қызметті 330 мүгедек пайдаланды, 4407 тапсырыс орындалып, осы қызметке қалалық бюджеттен 11,6 млн. теңге игерілді.
Бөлім жұмысының басым бағыты мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген балаларға, жалғызілікті қарттарға және бас бостандығынан айырылған, пробация қызметінен, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға  әлеуметтік қызметтерді көрсету болып табылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету 3 орталықта мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі: үйден қызмет көрсету және күндізгі бөлімшеде жартылай стационар жағдайында, уақытша бөлімшесінде болу және түнгі бөлімшесінде болу.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағы 1532 адамға, соның ішінде 341 психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға, 161 – 18 жастан асқан тұлғаларға, 1030 қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарға. Күндізгі бөлімшеде 875 қызмет алушыға, соның ішінде 816 қартқа және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген 59 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кешені көрсетіледі. Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта екі бөлімше жұмыс істейді: 120 төсек орынға арналған күндізгі бөлімше, 30 төсек орынға арналған түнгі бөлімше. Есепті кезеңде орталыққа 1186 адам жүгінді, соның ішінде: уақытша бөлімшесіне 539 адам, түнгі бөлімшесіне 647 адам,  298 адам бейімделіп, 215 адам жұмысқа орналастырылды. 
Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтардан құжаттарды қабылдау жалғасуда. Есепті мерзімде экологиялық куәліктерді ресімдеу үшін 1914 құжат жиынтығы ресімделді. Біржолғы ақшалай көмек төлеміне 338 алушыға 10,1 млн. теңге өтемақы төленді.
Семей қаласында Ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында тыныс-тіршіліктің барлық салаларындағы объектілер мен қызметтерге мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы үйлерге және ғимараттарға түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 2012 жылдан бастап 2017 жылдың 31 желтоқсан аралығында барлығы әлеуметтік инфрақұрылымның 341 нысаны түгенделді. 176 жоспарланған нысан жалпыға бірдей қабылданған стандарттарға сәйкес жартылай бейімделуден өтті. 
 
 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Өңдеу күні: 09-04-2018