Акимат » Кәсіптік оқыту 2017 жыл

Кәсіптік оқыту 2017 жыл

«Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ  Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының (әрі қарай Бағдарлама) бірінші бағыты аясында Семей қаласы бойынша 2017 жылы 1422 жұмыссыз және жұмыс іздеуші азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік мамандықтарға оқыту жоспарланғандығын хабарлайды.Бұл мақсатқа бюджеттен 297054,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бюджеттен бөлінген қаржыны толық көлемде игеру мақсатында 37047,0 мың теңге Жастар тәжірибесі бағдарламасына аударылды. Кәсіптік мамандықтарға оқытуға барлығы 260007,0 мың теңге жұмсалды.
Есепті жылдың ішінде  1697 адам (119%) 46  мамандық, соның ішінде 680 адам (40%)  күш желілері мен электр жабдықтарының электр монтаждаушысы, дәнекерлеуші, автокөліктің электр жабдықтарын жөндейтін электрик, слесарь-сантехник, краншы, экскаватормашинисі, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист, кең профильді станокшы, тепловоз машинисінің көмекшісі, бақылау, өлшеу аспаптарының слесарі, радио,- теле-, дыбыс-, бейне аппаратураларын жөндеуші радиомеханик, «В», «ВС1», «Д1» санатты автокөлік жүргізушілері, автомобильді жөндеуші слесарь тағы басқа техникалық мамандықтарға, 876 адам (52%)  қызмет көрсету саласы бойынша: аспаз, наубайшы, кондитер, ет сылушы,  шаштараз, кәсіби күтуші, тігінші, тырнақ сәндеу шебері, сәнгер-пішуші, қызмет көрсету менеджері, қауіпсіздендіру агенті, жолаушылар көлігінің бақылаушысы, аяқ киім жөндеуші,  көгалдандырушы, сатушы; 141 адам (8%) есепші, электронды есептеу машинасының операторы  мамандықтары бойынша оқуға жіберілді. 
Қоғамдық тамақтандыру, мұнай өнімдері мекемелерінде,  коммерциялық мақсаттағы басқа да мекемелердегі бухгалтерлік, салық және ағымдағы есептердің автоматтандырылуына байланысты сондай-ақ, жұмыссыздар мен жұмыс іздеушілердің сұраныстарын ескере отырып, биыл алғаш рет «Оператор 1С»   деп аталатын 2 айлық курс ұйымдастырылды.  Курсты 30 адам оқытылды.
Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі қабылдаған 8 Жобаның 3-і бойынша қысқа мерзімді оқулар ұйымдастырылды:
№ 2 жоба: «Кәсіби күтуші». Жобаның мақсаты 20-дан 45 жасқа дейінгі азкаматшаларды 3 жасқа дейінгі, мүмкіндігі шектеулі балаларды күтіп бағуды үйрету арқылы олардың  жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Аталған жоба бойынша 20 адам М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде кәсіби күтуші мамандығына оқытылды. 
№ 4 жоба «Мамандық». Жобаның мақсаты - жастарды,  жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды халыққа қызмет көрсету саласына қажетті мамандықтарға оқыту. Бұл жоба бойынша 10 адам ЖК «Жұбанышев»  «Қызмет көрсету менеджері», 10 адам «Шаштараз-сәнгер»  мамандықтарына «Бизнес және сервис» колледжінде,   10 адам «Қауіпсіздендіру агенті»  мамандығына «Қайнар» колледжінде оқытылды.
№ 5 жоба «Бос жұмыс орыны». Жобаның мақсаты – жұмыс берушілерді білікті мамандармен қамтамасыз ету.  Жастарды,  жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыс берушілерге  қажетті мамандықтарға оқыту. «Семей ет комбинаты» ЖШС-іне қажетті «Ет сылушы» мамандығына даярлау үшін 10 адам «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжіне» оқуға жіберілді. 
Кәсіптік оқуға жіберілгендердің 1038-і (61%) әйелдер, олардың 102-і (9%) ауылдық өңірлердің тұрғындары; 603 адам (35%) – 29 жасқа дейінгі жастар; 104 адам (6%) – «Өрлеу» шартты ақшалай көмек Бағдарламасына қатысушылар; 40 адам (2%) – мүмкіндігі шектеулі азаматтар; 32 адам (2%) – бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған азаматтар.
Кәсіптік оқулар өңірлік комиссияда бекітілген Тізімге енген 16 колледжде жүргізілді, олар: «Электротехникалық колледж», «Көлік колледжі», «Құрлыс колледжі», «Бизнес және сервис колледжі», «Шығыс Қазақстан технология колледжі», «М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж»,  «Д. Қалматаев атындағы медициналық колледж», «Радиотехника және байланыс колледжі», «Индустриалды технологиялық колледж», «Қайнар колледжі», «Экономика және туризм колледжі», «Қызмет көрсету колледжі», «Семей қаласының технология колледжі», «Жастар колледжі», «Семей колледжі»,  «Қазақ тұтыну Қоғамының экономика және агробизнес колледжі», «Динамо» денешынықтыру және спорт  Қоғамы қоғамдық бірлестігінің оқу орталығы.
Бағдарламаға  қатысушылар оқу уақытында айына 16759 теңге шәкіртақы алды, ал қаланың ауылдық өңірлерінен келген жұмыссыздарға сонымен қатар,  қалада тұрған шығындарына айына  5 айлық есептік көрсеткіш (11345 теңге), қалаға келу және қайту шығындары үшін бір реттке 4 АЕК (9076 теңге) төленді. 
Кәсіптік оқыту бөлімінің мамандары Бағдарламаға қатысушылардың қорытынды біліктілік емтихандарына қатысып, олардың жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізуде. Есепті мерзімде кәсіптік оқуды аяқтаған 1498 адамның  534 адам (%) қаладағы орта және шағын бизнес кәсіпорындарына жұмысқа орналасты.
 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Өңдеу күні: 09-04-2018