Акимат » Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2017 жылға

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2017 жылға

Семей қаласы бойынша шағын және орта кәсіпорындардың тіркелген саны 29 946 бірлік немесе Шығыс Қазақстан облысы бойынша тіркелгендер санының барлығы 26,6% құрайды.
Оның ішінде шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының (заңды тұлғалар) саны 4225 бірлікті құрады, ол  2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 % ұлғайды, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 2198 бірлік, ол 13,0 % ұлғайды, ол 8,7 % өсті. Тіркелген жеке кәсіпорындар саны 25 721 бірлік немесе барлығы тіркелгеннің 85,9 % құрайды.
Тіркелгендер санынан істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 61,3 % (18348 бірлік) құрайды.
2017 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында қала кәсіпорындарында 2137 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде шағын бизнес саласында 2107 жұмыс орын немесе 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 101,5 % құрайды. 
Кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруда құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету, мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту ушін Семей қаласында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, кәсіпкерлік палатасы және кәсіпкерлерге қолдау көрстеу орталықтарының филиалдары құрылды. 
Шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуына қолдау көрсету мақсатында келесідей мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда:
1.«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы;
2.2015 – 2019 жылдарға индустриалық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы;
3.«Өнімділік 2020»;
4.«Даму Өндіріс» шағын және орта бизнесті өндіріс өнеркәсібінде және өндіріс өнеркәсібіне қатысты қызмет көрсетудің қызмет саласында қолдау бағдарламасы;
5.«Даму Оптима» кепілдік беру бағдарламасы;
6.Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 бағдарламасы.
Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Өндіріс» бизнесті дамытудың индустриалды аймағы құрылды, онда 4 жоба орналастырылды.
Кәсіпкерлік субъектілердің мүддесін жылжыту және қорғау мақсатында кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша жұмыс тобы әрекет етеді. Кәсіпкерлердің құқығын және мүддесін қорғау бойынша кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалы, салалық бөлімдермен бірлесіп, 2017 жылдың басынан бастап Семей қалсы прокуроры жанында Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді.  
Жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау үшін Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес жұмыс істейді, онда 2017 жылдың басынан бастап 7 сараптамлық кеңес отырысы өткізілді.  
 
Кәсіпкерлік бөлімі
Өңдеу күні: 11-04-2018