Акимат » Семей қаласындағы ветеринария туралы 2017 жылға

Семей қаласындағы ветеринария туралы 2017 жылға

2017 жылы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес келесі алдын алу іс-шаралар жүргізілді:
 

р/н

Ветеринариялық іс-шараның атауы

МІҚ

МҰМ

Жылқы

Шошқа

Ит, мысық

I.                  Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар

1

Сібір жарасына қарсы егу

60,0

160,0

24,0

1,0

 

2

Аусылға қарсы егу

53,0

130,0

 

0,75

 

3

Аусылға қарсы қайта егу

57,0

220,0

 

0,75

 

4

Қарасанға (Эмкар) қарсы егу

47,0

 

 

 

 

5

Пастереллезге қарсы егу

18,5

3,0

2,0

 

 

6

Құтырмаға қарсы егу

17,0

12,0

4,0

 

9,1

II.               Диагностикалық зерттеу

1

Бруцеллезге серологиялық тексеру

76,8

173,4

0,2

1,1

0,1

2

Туберкуллезге аллергиялық тексеру (алғашқы)

95,0

 

 

0,2

 

3

Туберкуллезге аллергиялық тексеру (қайталап)

19,0

 

 

 

 

 
Бруцеллезге зерттеу кезінде оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылығы жануарлары: мүйізді ірі қара малдары – 536 бас, ұсақ мүйізді малдар – 455 бас уақытында санитарлық союға тапсырылды.
Қала және ауылдық округтер бойынша 2 мал сою пункті, «Семей ет комбинаты» ЖШС ет өңдеу өндірісінде 1 мал сою пункті, 16 мал сою алаңы және 18 типтік мал қорымдары жұмыс істеп тұр.
Семей қаласының 11 ауылдық округтерінде ветеринариялық пункттер ашылып, барлық керек жарақ құрылғылармен, атрибуттармен, кеңсе жиһаздары және компьютерлермен жабдықталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 Қаулысын орындау мақсатында «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» 2017 жылдың басынан компьютерлік дерекқор базасына енгізілген: мүйізді ірі қара –40 582 бас, ұсақ мүйізді малдар –56 865 бас, жылқы – 10 093    бас және шошқа – 1 115 бас.
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына сәйкес қаланың ветеринария бөлімі келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
- «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нысандарына ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» - 29 қортынды; 
- «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» - 29 есептік нөмір;
-  № 1, № 2 және № 3 үлгілері барлығы – 9 608 дана «Ветеринариялық анықтама» берілді.
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіріп, ветеринариялық құжаттарын беру» - 51 250 қызмет көрсетілді.
2017 жылдың басынан бөлім мамандары қала тұрғындарынан түскен  шағымдары бойынша, бақылаудағы 35 нысандарға тексеріс жүргізілді. Ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамай жинағандары үшін, әкімшілік шара қолданып барлығы -  714 735 мын теңгеге айыппұл салынды.
Азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 12 ішкі сауда орындарында (базар)  ветеринария бөлімі мамандары күнделікті бақылау және қадағалау жүргізеді.
Қала базарларында  ауылшаруашылық өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау жүргізу үшін  12 ветеринарлық санитарлық сараптау лабораториясы  жұмыс істейді, оның ішінде 9 ВСС зертханасы  жеке меншік кәсіпкерлердің иелігінде  және 3 зертхана Семей өңірлік «Республикалық ветеринариялық зертхана»  РММ –нің бақылауында.        
2017 жылы қаладағы  ішкі сауда нысандарына түсіп  тексерілгені: сиыр еті – 11 881 ұша, жылқы еті – 2 906  ұша, қой еті – 4 583 ұша, шошқа еті – 1 259 ұша,  сүт 
және сүт өнімдері – 187,8 тонна, жұмыртқа – 1,5 млн. дана, құс еті – 119,8 тонна, балық -  74,5 тонна. 
Семей қаласы ветеринария бөлімінің ветеринарлық мамандары халық арасында, ауылдарда жиындарда ветеринария туралы үнемі үгіт насихат жұмыстарын  жүргізеді. 2017 жылы қалалық газетке  4 мақала, телевиденияға 3 сұхбат берілді.  
Бүгінгі күні Семей қаласында мал қорымы жоқтығына байланысты, қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселері жақын ауыл округтердегі орналасқан мал қорымдарында жойылып жатыр.
Залалсыздандыру жұмыстарын «Семей қаласы ветеринариялық-фитосанитариялық қызметі» КМК-сы жүргізуде, теңгеріміндегі 3 бірлік арнайы ДУК автокөліктері бар. 2017 жылы «Семей қаласының ветеринариялық-фитосанитариялық қызметі» КМК ауыл шаруашылығы жануарларының қора-жайларын залалсыздандыру жұмыстарын атқару үшін қала және ауыл тұрғындарымен 131 келісім шартқа отырды. Ветеринария бөлімі және «Семей ет комбинаты» ЖШС кәсіпорыны, бруцеллез ауруына шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарларын, келісім арқылы белгіленген санитарлық күндерінде сойылады. 
Ауыл шаруашылығы жануарларының қала аумағында жұқпалы аурулардың эпизоотиялық ахуалын зерделеуге, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі үнемі   мониторинг жүргізеді. Ауыл шаруашылығы жануарларының арасынан жұқпалы аурулар шыққан кезде, бүкіл сауықтыру кешенді жұмыстарын «Республикалық індетке қарсы отряд» ММ-сі толығымен атқарады.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын атқару үшін қалалық бюджеттен –12,652 млн. теңге бөлінген.Бөлінген қаражатқа Семей қаласы және ауылдық округтері бойынша бүгінгі күні – 6 568 қаңғыбас иттер мен мысықтар  ауланып жойылды.
 

Ветеринария бөлімі

Өңдеу күні: 13-04-2018