Акимат » Семей қаласындағы жастар саясаты 2017 жылға

Семей қаласындағы жастар саясаты 2017 жылға

Семей қаласы  жастарының саны 91 654 адам, яғни жалпы халық санының 27 % құрайды. Оның ішінде ерлер – 41 709 (45,5 %), әйелдер – 44 363 (48 %) адам. Ауыл жастарының саны  - 5 582 адам, жастар үлесінің 6%  құрайды.
Қалада жұмыс жасайтын 4 жоғарғы және  29 арнайы-орта білім беретін оқу орындарында 34 318 студент білім алуда (ЖОО -17301, колледж - 17017)бұл жастар үлесінің 36,3% құрайды.
Қала әкімдігі жанында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы  консультативті-кеңесші орган Жастар істері жөніндегі Кеңес жұмыс жасайды. Кеңес құрамына мемлекеттік органдар басшылары мен жастар ұйымдарының жетекшілері енгізілген. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Кеңестің 4 отырысы өткізілді. 
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мен «Жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы жұмысқа орналастыруға көмектер көрсетілуде. Әлеуметтік жұмыс орындарына - жастар санатынан 94 жұмыссыз (2016 ж. – 121 адам) орналастырылды. Жастар тәжірибесіне – 709 жұмыссыз жас (2016 ж. – 344 адам) қатысты. Кәсіби оқытуға – 514 (2016 ж. – 238 адам) адам жөнелтілді. Қоғамдық жұмыстарда жұмыссыз жастар сантынан 153 адам қатысты
2017 жылдың қорытындысы бойынша, 2016 жылмен салыстырғанда, кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасындағы құқықбұзушылықтың көрсеткішінің 67 фактіден 47 фактіге кемуі байқалуда. 
2017-2018 оқу жылында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 10 жас маман жұмысқа қабылданды. Оның ішінде, 1- денсаулық сақтау саласына, 9- білім беру саласына орналастырылды. Бағдарлама аясында 2 маманға 6 771 000 теңгеге тұрғын-үй алу үшін несие және 10 маманға 1 588 300 теңгеге көтермеақы төленді. 
Жыл көлемінде қала жастарының қатысуымен түрлі форматта 110-нан астам іс-шара (2016 жылы 31745 адам қамтылған 81 іс-шара) өткізіліп, 50 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде 13 шара Семей қаласы жастар мәслихатымен бірлесіп ұйымдастырылды. 
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталып өткізілген шаралар республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде жарияланып отырады.
2017 жылы қала әкімінің ресми сайтында 28,әлеуметтік желілерде 124 мақала, баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 68 мақала («Семей таңы», «Вести Семей» газеттері),  «Қазақстан - Семей», «ТВК-6»телеарналарында 29 сюжет, «Хабар» телеарнасында, «24 KZ» телеарналарында 2 сюжет жарияланды. Жарыққа шыққан мақалалардың жалпы саны 222 (2016 жылы – 121 мақала жарыққа шықты).
 
 
Ішкі саясат бөлімі
Өңдеу күні: 18-04-2018