Акимат » Көркейту және ТКШ 2017 жыл

Көркейту және ТКШ 2017 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Қаланы жылумен қамтамасыз етуді «Теплокоммунэнерго» МКК 72 орталықтандырылған жылу пункті арқылы 16 қазандықпен және 1-ЖЭО жүзеге асырады.

Объектілерді ағымды жөндеуге жергілікті бюджеттен «Теплокоммунэнерго» МКК 105,157 млн. теңге бөлінген.  Осы қаржыға қазан жабдықтары мен жылу желілеріне жөндеу жүргізілген.

2016 жылы «Нұрлы Жол–болашаққа бастар жол» бағдарламасы бойынша  жобаларды жүзеге асыру аяқталды. Қайта құру жоспарына сәйкес 49,109 км жылу желісі ауыстырылды.

2016-2017 жылдардағы жылу мерзіміне жылу бастауларын және жылу желілерін дайындау бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар мерзімінде орындалып, жылу мерзімін 2016 жылғы 5 қазанда бастауға мүмкіндік берді. Отынды жеткізу 2016 жылғы 19 қыркүйектен бастап жүргізілді. Отынды сатып алу үшін 2016 жылғы қазан айынан желтоқсан айына дейін Үкімет резервінен   541,0 млн. теңге бөлінген. Қатты отынды жеткізу үздіксіз жүргізілді. Тұтынушылар тарапынан арыздар саны төмендеді.

2016 жылы «Теплокоммунэнерго» МКК жергілікті бюджеттен 437 млн. теңге бөлінген, оның ішінде электр қуатына – 380,833 млн. теңге және сумен қамтамасыз етуге  -  56,116 млн. теңге. 2017 жылы  695 млн. теңге бөлінген, оның ішінде: 362 млн. теңге облыстық бюджеттен, 333 млн. теңге жергілікті бюджеттен электр қуаты мен суға жиналған ағымды қарызды жабу үшін.  Барлығы 1,132 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Қарызды жабу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және төлей алу қабылеттілігін қалпына келтіруге байланысты «Теплокоммунэнерго» МКК 2017 жылғы 15 маусымнан оңалту үдірісінен шыққан.

Жөндеу-дайындау кампаниясы үшін облыстық бюджеттен 162,0 млн. теңге бөлінген. Осы қаржыға қазан жабдықтарына (негізгі және қосымша) жөндеу жүргізу, өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтеген жылу желліері учаскелерін ауыстыру жоспарланған.  

Сонымен қатар, кәсіпорынның тарифтік сметасында 2017 жылға жылумен қамтамасыз ету объектілерінде ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастырылған. Ол сома - 249,782 млн. теңгені құрайды.

Бүгінгі күнге 71 қазанның дайындалғаны –  73,5  % құрайды,  жылу желілерінің жалпы дайындығы 75% құрайды.

2015 жылғы 24 желтоқсанда ШҚО әкімдігі Қайта құру және Даму Еуропалық банкімен бірлесіп қаланың жылумен, сумен қамтамасыз ету және суқайтарғы желілерін жаңғыртуға бағытталған, несиелік келісім-шарттарға қол қойылған.  5 басымды жобалар жүзеге асырылуда. ҚҚжәне ДЕБ «Семей водоканал» және «Теплокоммунэнерго» кәсіпорындарының жобаларын қаржыландырылады. Берілген қаржыға кәсіпорын сорғы станцияларын жаңғыртып, тозығы жеткен жылу және суқұбыры желілерін қайта құрады, заманауи құрал-жабдықтар және автоматтандырылған басқару жүйелерін сатып алып, орнатады, энерготиімділігін арттыру және экологиялық стандарттарды жақсарту, ресурстарды тұтынып, желілердегі жоғалуларды азайту мақсатында жылуды және суды тұтынуды есептеу құралдарын орнату бағдарламасын жалғастырады.

Отын.Келер жылу мерзіміне «Теплокомунэнерго» МКК бойынша қатты отынға қажеттілік - 358599,7 тонна көмір және   – 992,5  тонна мазут. 

Көмірдің нормативтік қоры  – 20,570 мың тонна және мазут – 33 тонна. Көмірді жеткізу ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап жүзеге асырылады (тамыз –    20,0 мың тонна, қыркүйек -30 мың тонна).

2017 жылғы 8 тамызға «Теплокоммунэнерго» МКК дебиторлық қарызы 359,5 млн. теңгені құрайды, ол өткен жылдағы балама мерзімдегіден 82,2 млн. теңгеге аө. 2016 жылға дебиторлық қарызды жинау 102% көрсетсе, ағымдағы жылдың 7 ай 7 күніне - 95%. Дебиторлық қарыздың көтерілуі 2017 жылдың 1 қаңтарына тарифтің  25% өсуінен болып отыр.

Кредиторлық қарызы 2017 жылдың басынан 930,4 млн. теңгеге азайып, 666,8млн. теңгені құрады.

Сумен қамтамасыз ету және суқайтару.

446,6 км су құбыры желісін, 261,5 км кәріздік желісін, 56 бастоған ұңғымаларын, 21 кәріздік сорғыларды қосатын сумен қамтамасыз ету және суқайтару бойынша жұмыстармен қала бойынша «Семей Водоканал» МКК айналысады, 66,848 млн. теңгесомаға қыс мезгіліне дайындық бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген. Дайындық пайызы  – 65 %.

Тұрғын үй қоры. Бір қабаттан биік көппәтерлі тұрғын үйлер қоры1417 бірлікті құрайды, оның орталықтандырылған жылумен 1069 үй қамтылған. Проблемалық тұрғын үйлерді жылу мерзіміне дайындау үшін тұрғындармен жиналыстар өткізу кестесі бар (17 жиналыс өткізілді). Қаланың тұрғын үй қоры уақытында дайындалды.

Қаланы көркейту

2017 жылы қаланы көркейту және көгалдандыру бойынша Жағалауды көркейту жұмыстары орындалуда – осы жұмыстардың мердігері «Жаса» әлеуметтік-өндірістік кәсіпорны» ЖШС.

Жобаға сәйкес бүгінгі күні 10 мың шаршы метрге төсемтас төсеу, каскадты субұрқақты қайта құру, қоғамдық әжетхананы ағымды жөндеу, 8 мың шаршы метр жерді көгалдандыру, балалар алаңын, 64 дана жарықтандыру элементтерін, кіші сәулет формаларын (қоқыс жәшіктері, орындықтар), қоршаулар орнату, бетонды қоршауды мюнхен сылағымен өңдеу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар жобада жапырақты және шырша тұқымдас ағаштар отырғызу қаралған, ағаштарды отырғызу өсіп-өну кезеңінде басталады.                   

М. Әуэзов алаңын көркейту – Мердігер «Еңбек-Өскемен» № 11 филиалы. Жұмыстың аяқталуы  – қазан 2017 жыл.

Бөлшектеу жұмыстары орындалып, 900 м астам жиектастары орнатылды. Бүгінгі күнге 4480 шаршы метрге төсемтастар, кіші сәулет формаларын (қоқыс жәшіктері, орындықтар), әсемдік жарықтандыруды орнату, көгал шөбін отырғызу жұмыстары аяқталды.    

Теміржол бекеті алаңын көркейту - Мердігер «Еңбек-Өскемен» № 11 филиалы.

Бөлшектеу жұмыстары орындалып, 1400 м жиектастары орнатылды, 26 дана әсемдік шамы орнатылды.  Бүгінгі күнге 2950 шаршы метрге төсемтастар, кіші сәулет формаларын (қоқыс жәшіктері, орындықтар), әсемдік жарықтандыруды орнату, көгал шөбін және гүлзарлар отырғызу жұмыстары аяқталды.     

«Семейге 250 жыл» стелласын көркейту -Мердігер «Еңбек-Өскемен» № 11 филиалы. Жұмыстың аяқталуы  – қазан 2017 жыл.

Бүгінгі күні 1600 м жиектастарды, 1000 шаршы метрге төсемтастарды, кқгал шөбін отырғызу, ағаштарды құлату, кіші сәулет формаларын орнату жұмыстары орындалуда.  

«Өлім вагоны» ескерткіші маңын көркейту- Мердігер «Еңбек-Өскемен» № 11 филиалы.

Бүгінгі күні 2560 шаршы метр жерге төсемтас, 370 м поребрик, На сегодняшний день завершены работы по укладке брусчатки на – 2460 м2, установке поребриков - 370 м, кіші сәулет формаларын (қоқыс жәшіктері, орындықтар), әсемдік жарықтандыруды орнату, көгал шөбін отырғызу жұмыстары аяқталды.    

Невзоровтар атындағы мұражай алдындағы саябақты көркейту -Мердігер «Еңбек-Өскемен» № 11 филиалы.

Бүгінгі күні учаскені жоспарлау жұмысы орындалды, 1695 шаршы метр жерге төсемтас төсеу, 671 м поребрик орнату,   822 м астам жиектасын орнату, көгал шөбін отырғызу, кіші сәулет формасын, әсемдік жарықтандыруды орнату жұмыстары аяқталды.     

Субұрқақты ағымды жөндеу - Мердігер «Еңбек-Өскемен» № 11 филиалы. Жұмыстың аяқталуы  – қазан 2017 жыл.

Бүгінгі күнге бөлшектеу жұмыстары орындалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 700 шаршы метрге мрамор төсеу жұмыстары жүргізілуде, 500 м пластикалық құбыр жүргізілді.   

Жауынгер-интернационалистер аллеясын ағымды жөндеу -Мердігер «Еңбек-Өскемен» № 11 филиалы. Жұмыстың аяқталуы  – қазан 2017 жыл.

Баспалдақты ағымды жөндеу–Мердігер «Еңбек-Өскемен» № 11 филиалы.

Бүгінгі күні баспалдаққа неолитті тақтайшаларды төсеу жұмыстары аяқталды.   

Гөгалдарды отырғызу-  Мердігер «Семей» көркейту және көгалдандыру МКК. 11 мың шаршы метрге жаңадан көгал отырғызу жұмыстары орындалды.    

Жағалау саябағына суару құбырын жайластыру-Мердігер «Семей» көркейту және көгалдандыру МКК. 13,1 км-ге суару құбырын жайластыру бойынша жұмыстар оырндалды.   

Көркейтудің барлық объектілерінде жергілікті тауар өндірушілердің материалдары қолданылады: төсемтас – «Сәт Транс» ЖШС; әсемдік жарықтандыру элементтері, орындықтар мен қоқыс жәшіктері – «ВостокМашЗавод» АҚ, «KazWoodGroup» ЖШС.

Балалар алаңын орнату –Мердігер ұйыммен 8 балалар алаңын орнату бойынша жұмыстар орындалды. Сырғанақтар, турниктер, құмды алаң орнатылды  (балалар алаңын орнату орындары қосымша беріліп отыр).   

Семей қаласында гұлзарларды жайластыру– Бүгінгі күні жалпы алаңы 53 мың шаршы метрде гұлзарлар отырғызу бойынша жұмыстар аяқталды. Келесі тұқымдас гүлдер отырғызылды:  петуния, тагетес, бегония, цинерария, сальвия, кохия, виола микс.

Сонымен қатар тігінен көгалдандыру бойынша жұмыстар басталды.  

Ағаштар отырғызу–бүгінгі күні орталық алаңда 50 дана қылқан жапырақты (щырща) және 250 дана жапырақты (вязь, рябина, пирамидальды емен) ағашты отырғызу жұмыстары басталды.

Саябақтарды, скверлерді және алаңдарды күтіп ұстау– қамтылғаны- 20 бірлік саябақтар, скверлер, алаңдар. Саябақтар мен скверлерді күтіп ұстаумен «Семей» көркейту және көгалдандыру МКК айналысады. Алаңдарды жазғы және қысқы күтіп ұстауды жүзеге асырады. Қыс мезгілінде қарды тазалау, жинау, күреу, шығару жұмыстары аяқталады.

 Жаз мезгілінде жасыл зона шөбін шабу, суару, қоқыстан тазарту, көгалдар себу жұмыстары орындалады.  

Ұйымдастырылмаған қоқысты шығару– «Титан» ЖШС мердігер. Бүгінгі күнге 3380 м3 ұйымдастырылмаған қоқыс шығарылған. Қоқыс шығару оң жағалау бойынша ұйымдастырылған. Қоқыс еврей зиратынан, Палодар тасжолының 3 км зираттан, Бөгенбай батыр көшесі, 120, Шығыс кентінен (жағалау), Алматы тасжолынан,  Знаменка тасжолынан, Бобровка кентінен шығарылған. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.    

Бүгінгі күні Жамакаев көшесінен Шмидта көшесіне дейінгі Ленин көшесін (Арбат) көркейту жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар орындалуда. Жобаны «Градкомплекс» ЖШС әзірлеуде. Арбатты көркейтуге келесі жұмыстар кіреді– көгалдандыру, жаяу жүру жолын, демалу үшін алаңдарды, спортты тренажерлар, теннисті корттар, кіші сәулет формаларын (кескінді композициялар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, ауызсу субұрқақтары) орнату, балалар ойын алаңы құрылысы, сыртқы жаорықтандыруды орнату, қоғамдық әжетханалар, скейтодром ұйымдастыру, велосипед жолдарын салу, жаяу жүргіншілер жолын ауыстыру.

Жалпы, көркейту және көгалдандыру бойынша жұмыстар осы мақсатқа бөлінген қаржы шегінде жүзеге асырылады. 

Жұмыстар келісім-шарт қатынастарына сәйкес өткізілген конкурстар шегінде орындалады.  

Жұмыс өндірісінде кестеден қалу жоқ.

 

Мемлекеттік тұрғын үйді есепке алу және тарату

Бүгінгі күнге мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаждар есебінде 10450 отбасы бар.

Семей қаласында кезектегілер үшін, «КИК» АҚ жолдамасы бойынша 83 пәтер (келешекте сатып алумен жалдық пәтерлер) таратылған. Сонымен қатар сатып алынған және босаған тұрғын үйлер есебінен 14 пәтер таратылды, оның ішінде:  11 қызметтік, 3 – кезек тәртібімен кезектегілерге берілді. 

 
 
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі
Өңдеу күні: 19-04-2018