Акимат » 2017 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2017 жылғы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары

2018 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасында Семей қаласы 3 орынды иеленіп, жоғары серпін дамуы бар аймаққа жатты.
2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13 көрсеткіштің 4 бойынша нәтижелер жақсарды:
- құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 520,3% (102,4%), негізгі капиталға жеке меншік инвестицияның нақты көлем индексі 244,2% (34%), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны – 120,5% (118,1%), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған 1-6 жастағы балалар санының өзгеруі – 112,6% (100%);
- 4 көрсеткіш бойынша жағымды динамикаға қарамастан өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда: ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі – 102,5% (104,2%), қала бюджетінің меншікті кірістер көлемінің өсу қарқыны – 118,1% (120,4%), шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының өсу қарқыны – 113,4% (114,2%), қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны – 100,4% (100,6%);
- 5 көрсеткіші бойынша жағымсыз динамика байқалады: өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 89,3% (106,7%), бөлшек-сауда тауар айналымының нақты көлем индексі – 96,5% (112,5%), 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі – 117,7% (74,6%), қылмыстылық деңгейінің өзгеруі – 86% (81%), қылмыстылықты ашу деңгейінің өзгеруі – 95,9% (109,4%).
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік бағалау көрсеткіштеріне бақылау жүргізу бойынша жұмыс тобының жұмысы жалғасуда.
 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Өңдеу күні: 14-05-2018