Акимат » Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын насихатталуы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын насихатталуы бойынша ақпарат

Семей өңірінде әкімдікпен бекітілген, құрамына қоғамдық, кәсіподақтық, ардагерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары кіретін, 601 адам қамтылған 67 ақпараттық-насихаттау тобы құрылып, 61 мың 720 адам қамтылған 694 кездесу өткізілді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың     2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық қолдау бойынша іс-шаралар жоспары және медиа-жоспар әзірленіп, жүзеге асырылды. Ақпараттық-насихаттық топтарының ауылдық округтерге және дербес бөлімдер басшыларының қаланың ұйымдары мен мекемелеріне ағымдағы жылдың бірінші, екінші, үшінші және төртінші тоқсандардағы іссапар кестесі бекітіліп, жоспарлы түрде жүргізілді.   Ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің оқытушыларына арналған әдістемелік материалдар дайындалып таратылды.Қаланың активтерімен кездесу өтті.
Қаланың ЖОО мен колледждерінде 5,8 мыңнан астам студент жастар қамтылған 66 кездесу өткізілді.
Қаланың 53 емдеу мекемесінде 4 350 медициналық қызметкерлер қатысқан ұжымдық жиналыстар өткізілді. Қаланың білім беру мекемелеріндегі 62 кездесуге  5 570 педагог қатысты. 
Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесу өткізілді. 
Газеттерде «За строкой Послания», «Семейчане  о Послании», «Елбасы Жолдауы – халық қолдауы», «Ел мен жер», «Қала тынысы», «Әлеумет» атты айдарлар ашылған. «Семей» және «ТВК - 6» жергілікті телеарналарында Президент Жолдауы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жарияланып отырады. Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында 517-ден астам материал жариялады. Оның ішінде электронды БАҚ-тарда 261, баспа басылымында 161 және интернет-ресурстарда 95 материал бар.
 
Өңдеу күні: 22-10-2018