Акимат » Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын насихатталуы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын насихатталуы бойынша ақпарат

Семей өңірінде әкімдікпен бекітілген, құрамына қоғамдық, кәсіподақтық, ардагерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары кіретін, 525 адам қамтылған 67 ақпараттық-насихаттау тобы құрылған. Оның ішінде 120 адамды құраған 16 ақпараттық-насихат тобы ауылдық округтерде құрылған. Бүгінге дейін 10 мыңнан аса адам қамтылған 169 кездесу өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық қолдау бойынша іс-шаралар жоспары және медиа-жоспар әзірленіп, жүзеге асырылуда. Ақпараттық-насихаттық топтарының ауылдық округтерге және дербес бөлімдер басшыларының қаланың ұйымдары мен мекемелеріне ағымдағы жылдың аяғына дейін жұмыс кестесі бекітіліп, жоспарлы түрде жүргізіліп отыр.  
Қаланың ЖОО мен колледждерінде 1.200 мыңнан астам студент жастар қамтылған 12 кездесу өткізілді.
Қаланың «Семей инжиниринг», «Силикат», «СемАЗ», «Семейский литейно-механический завод», «Daewoo Bus Kazakhstan», «Семей цемент зауыты» сияқты ірі кәсіпорындарда 1 мыңға жуық адамды қамтыған кездесулер өтті.  
Газеттерде «За строкой Послания», «Семейчане  о Послании», «Елбасы Жолдауы – халық қолдауы», «Ел мен жер», «Қала тынысы», «Әлеумет» атты айдарлар ашылған. «Семей» және «ТВК - 6» жергілікті телеарналарында Президент Жолдауы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жарияланып отырады. Бүгінгі күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 526-ден астам материал жарияланды. Оның ішінде 186 сюжет, жергілікті мерзімді басылым беттерінде 168, электронды БАҚ мен интернет-ресурстарында 172 материал жарыққа шықты.
Өңдеу күні: 16-01-2019