Акимат » Семей қаласындағы жер қатынастары 2018 жыл

Семей қаласындағы жер қатынастары 2018 жыл

Семей қаласының аумағы 2018 жылдың 1 қараша жағдайына 2780,7 мың га, құрайды, оның ішінде:

- ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінің ауданы 969,2 мың га, ол барлық жер қорының 35 % құрайды, оның ішінде 11,7 мың га жыртылған жерлер, 4,6 мың га тыңайған жерлер, 6,9 мың га шабындық жерлер және жайылымдық жерлер – 938,8 мың га.

- елді-мекен жерлері – 249,6 мың га;

-  өнеркәсіп, көлік, байланыс және т. б. жерлері – 33,1 мың га;

-  ерекше қорғалатын табиғи аумағы жерлері – 104,6 мың га;

- су қоры жерлері – 4,8 мың га;

- босалқы жерлер – 1 417,8 мың га, оның ішінде - 891,0 мың га полигон жерлері.

2018 жылы жер жөніндегі сұрақтар бойынша 1061 хат, оның ішінде заңды тұлғалардан – 154, жеке тұлғалардан - 907 өтініш келіп түсті.

Осы уақытта жер комиссиясының 35 отырысында 2558  сұраққаралып. Жер қатынастары сұрақтары бойынша 1489 қала әкімдігінің қаулысы қабылданды.

Заңды және жеке тұлғаларымен 1099 шарт жасалды, соның ішінде:

- жер учаскелерін жалға беру шарттары – 586;

- жеке меншікке сату-сатып алу шарттары – 458;

- жалға беру құқығын сату шарттары – 55.

Агроқұрылым бойынша жер учаскелеріне 28 дана паспорттар дайындалды.

2018 жылы жер қатынастары  саласында 4674 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

Р/с

 

Мемлекеттік қызметтер атауы

2018жылы көрсетілген қызметтер мөлшері

1.

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту

594

2.

Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту

2048

3.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

134

4.

Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру

4

5.

Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру

382

6.

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

1338

7.

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау

172

8.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру

2

           Барлығы:

4674

 

Өткен кезеңде жергілікті бюджетке түскен түсімдер: 

БСК 105315 - жалға алудан түсетін түсімдер - 205,4 млн. теңге.

БСК 303101–  жеке меншік құқығына сатудан түсетін түсімдер – 262,2 млнтеңге

БСК 303202–  жалға алу құқығын сатудан түсетін түсімдер 18,9 млн. теңге құрады.

 

Барлығы 3 БСК бойынша бюджетке түскен түсімдер 486,5 млн. тенге.мың.тенге

 

Атауы

2018 жылға жоспар

2018 жылға орындалуы

31.12.2018 ж. түсімдер

ауытқуы

%

105315

170 974,0

205 416,0

+34 442,0

120,0

303101

237 650, 0

262 186,0

+24 536,0

110,0

303202

18 400,0

18 927,0

+ 527,0

103,0

Барлығы:

427 024,0

486 529,0

+59 505,0

114,0

 

 

Қала маңындағы жер телімдерін сату бойынша 1 аукцион өткізілді.

Түскен қаражаттың жалпы сомасы – 2 911,3 мың.теңгені құрады, бастапқы бағасы – 1 714,1 мың.теңге, соның ішінде:

  • жеке меншік құқығына сатудан – 747,0 мың.теңге, бастапқы бағасы – 416,9 мың.теңге құраған;
  • жалға алу құқығын сатудан – 2 164,3 мың.теңге,  бастапқы бағасы – 1 297,2 мың.теңге құраған;

Жалпы кіріс құны + 1 197,2 мың.теңгені құрады.

Болашақта бөліммен жалпы ауданы – 25,96 га құрайтын 40 жер учаскесі аукционға шығарылатын болады. 

Өткен кезеңде  иесіз мүлік есебіне жалпы алаңы 3757,1 га болатын       115 жер учаскесі алынды, оның ішінде:

- бағбандық үшін алаңы 6,4770 га болатын 97 жер учаскесі;

- шаруа қожалықтарын жүргізу үшін алаңы 2680,0 га құрайтын 6 жер учаскесі;

- басқа  алаңы 1070,6 га құрайтын 12 жер учаскесі алынды.  

Бағбандық үшін берілген жер телімдерін түгендеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Сот шешімдері бойынша мемлекеттік меншікке жалпы алаңы 9,2 га құрайтын 140 иесіз жер учаскелері қайтарылды, бұл жер учаскелері азаматтардың өтініштері бойынша одан әрі пайдалану үшін  беріледі.

Бөлімде жеке тұрғын  үй құрлысын салу үшін жер телімін алуға арнайы кезек қарастырылған. 31.12.2018  жылдың  – 24 472 азамат тіркелген. Жер берілетін алаңдарда инженерлік, коммуналдық дайындықтары болмағандықтан, кейінгі жылдары жер телімдері осы мақсатта  берілмегендіктен кезек саны өсіп отыр. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін кезең-кезеңімен әзірлеу алгоритмі құрастырылып, 2017 жылдың 2031 жылға дейін жұмыс түрлеріне бөлінді.

Жер қатынастары саласында реттеу міндеттерін іске асыруға арналған 2017-2021 жылдарға іс-шаралар жоспарына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларын құжаттық тексеру жүргізілді. Қала әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 13-ө өкімімен осы мәселе бойынша барлық құзыретті ұйымдардың өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылды. 2018 жылы кестеге сәйкес, құжаттық тексеру елді-мекен және өнеркәсіптік жерлері бойынша жүргізілді.

2017-2019 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысында бизнесті жүргізу және көпшілік, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында интерактивті карта жасалуда.  Семей және Өскемен  қалалары бойынша бос жер учаскелері мен инженерлік 
коммуникациялардың интерактивті картасын әзірлеу жұмыстарына  - 48,2 млн. теңге бөлінді. Оған келесі жұмыстар кіреді:  қол жетімді қағаз  тасымалдаушылар негізінде Семей қаласы маңы бойынша цифрлы картасын құру, инженерлік коммуникация қабатын (сумен жабдықтау, санитария, жылумен қамтамасыз ету, электр желілері), сондай-ақ бос жер учаскелерінің қабатын құру. Интерактивті картаны құру  бойынша жұмыс аяқталды және 2018 жылдың 22 қарашасында таныстырылатын болады геопартале openmap.kz.  Келесі кезең жыл соңына дейін осы портал арқылы коммуникацияларға қосылу қызметтерін көрсету үшін геоақпараттық портал іске қосылады. Қолданыстағы деректерді мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректерімен үнемі жаңартып отыру, инженерлік коммуникациялар
туралы мәліметтерді желілердің баланстық ұстаушыларымен келісу. 
Бұл карта мен геопортал тиісті деректер базасында объектілерді жылдам іздеу, жерді ұтымды пайдалану, картографиялық операциялар, қала құрылысы мәселелерін жеңілдету және кәсіпкерлерге коммуналдық қызметтерді қосудың техникалық жағдайын қамтамасыз ететін мәселелерді шешуге көмектесуіне мүмкіндік береді.
Басты міндеттерінің бірі – бұл пайдаланылмайтын жерлерді игеру. ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалануын жақсарту үшін егіншілік шарушылығын мәдениетін арттыру маңызды. Осы суармалы жерлердің басым бөлігінде кешенді реконструкциялауын, суару жүйелерін жақсартуын, мелиорациялық жай-күйі мен олардың сумен қамтамасыз етілуін арттыруын жүзеге асыру қажет. Семей қаласы бойынша негізінен ақшыл-қоңыр, қара - қоңыр және сортаң топырақты басым болып келеді. Орташа балл бонитеті 12 бірлікті құрайды.
 
Пайдаланылмайтын жерлерді игеру ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін берік базаны құрып және кеңейту, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін мүмкіндік береді. Бұл өндіріс ауыл шаруашылығы дақылдарының келешекте көлемін арттыру және өнімділігіне мүмкіндік береді, импортқа тәуелділікті төмендету және көкөніс өнімдерін мықты жем базасын құруға, сондай-ақ егіншілік тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
 
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау бойынша және оларды мемлекет меншігіне қайта қайтару жұмыстары жүргізілді. Сот шешімі және  ЖАО қаулысының күшін жою негізінде мемлекеттік меншікке қолданылмайтын 28 шаруа қожалық, фермерлік қожалық, заңды және жеке тұлғалардың жалпы аланы – 17,0 мың га жерлері қайтарылды.Кейіннен бұл жерлер ауыл шаруашылығы айналымынаконкурстық негізде берілетін болады.
Қазіргі уақытта жерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту үшін конкурстық негізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 65,0 мың га құрайтын, 61 жер учаскесі дайындалды. «Жер учаскесін сату немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықты, сондай-ақ электронды түрде (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы  № 290 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы жарияланғаннан кейін конкурс өткізілетін болады.
 
Жер қатынастары бөлімі
Өңдеу күні: 12-04-2019