Акимат » Семей қаласында құрылыстың дамуы 2018 жылдың 1 қазанға

Семей қаласында құрылыстың дамуы 2018 жылдың 1 қазанға

2018 жылдың 1 қазаны жағдайында қалада қаржыландырудың барлық көзіне пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 64,505 мың шаршы метр, 9 тұрғын үй, 511 пәтер. Бұл жоспарлы пайдалануға берілетін 110,2 мың шаршы тұрғын үйдің 58,5 құрайды. Соның ішінде
-ЖТҚ – 18,101 мың шаршы метр;
 
Коммерциялық тұрғын үйлер: жалпы алаңы 16,739 мың шаршы метр 3 тұрғын үй, 142 пәтер, оның ішінде:
Юность ауданындағы әскери қызметкерлерге екі 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер, жалпы ауданы  11,740 мың шаршы метр, 120 пәтер. 
Ибраев көшесі 143 мекен жайындағы  жалпы ауданы  4,999 мың шаршы метр, 22 пәтер.
 
Кредиттік тұрғын үйлер: жалпы алаңы 29,665 мың шаршы метр 6 тұрғын үй, 369 пәтер, оның ішінде:
«Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ бағыты бойынша Қарағайлы тұрғын ауданындағы 3 тұрғын үй,  жалпы алаңы 18,468 мың шаршы метр 216 пәтер. 1 шаршы метр құны – 165,0 мың теңге. 
ЖАО бағыты бойынша 3 тұрғын үй, (20 позиция – 5,2 мың шаршы метр, 72 пәтер, 1 шаршы метр құны – 167,0 мың теңге. 9 позиция – 1,999 мың шаршы метр, 27 пәтер, 1 шаршы метр құны – 156,0 мың теңге. 10 позиция – 3,998 мың шаршы метр, 54 пәтер, 1 шаршы метр құны – 149,0 мың теңге.
Қаламызда құрылыс қарқынды жүріп жатқан аудан Қарағайлы тұрғын ауданы. Қазіргі уақытта ауданда жалпы ауданы 29,7 мың шаршы метр 9 тұрғын үй құрылысы аяқталған.  10 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, оның ішінде:
- 5 тұрғын үй ЖАО атқарушы орган бағалы қағаздарын сатып алу арқылы облигациялық қарыз есебінен (позиция 1,5-8), жалпы ауданы 26,2 мың шаршы метр, 333 пәтер.  Құрылысты аяқтау мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айы. 1 шаршы метр құны – 147,0-156,0 мың теңге.
- «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ бағыты бойынша «Абай Арена» кешенінің сол жағында 3 тұрғын үй. Жалпы ауданы 21,435 мың шаршы метр, 252 пәтер.  1 шаршы метр құны – 163,0 мың теңге.
- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 2 тұрғын үй.  Жалпы ауданы 10,2 мың шаршы метр, 136 пәтер (14 позиция 72 пәтер, 15 позиция – 64 пәтер).  
Тұрғын үйлермен қатар Қарағайлы ауданында 2017 жылдан бастап қаланың мәдени және спорттық өміріне қарқын беретін мәдени-спортық «Абай Арена» кешені құрылысы жүргізілуде. Ғимарат халықаралық стандарттарға сай салынады және 5000 көрермендік орынға арналады. Құрылыс мерзімдері: басталуы - 2017 жылдың желтоқсан айы, аяқталуы – 2019 жыл. 
Келесі жұмыстар орындалуда:
1 Блок: коллонналарды орнату.
2 Блок: колонналарды орнату жұмыстары аяқталуда. Орталық ферма орнатылуда, екі бассейннің қабырғасы мен асты бетондалуда. Сыртқы қабырғаларды бетондау аяқталуда. 
3 Блок: Жертөледе әрлеу жұмыстары жүргізілуде, металлоконструкцияларды бояу. Шатыр қаңқасы орнатылған. Әйнектеу мен витраждарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Фасад сэндвич-панельдері, алюминді шатыр орнатылуда.
 
 
Құрылыс бөлімі
Өңдеу күні: 18-04-2019