Акимат » Семей қаласы Шүлбі кенті әкімінің кезектен тыс сайлауы туралы

Семей қаласы Шүлбі кенті әкімінің кезектен тыс сайлауы туралы

№  33 қаулы
 
 
 
Семей қаласы Шүлбі кенті әкімінің кезектен тыс сайлауы туралы
 
20 сәуір  2019 жыл
Семей қаласы
 
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148 Заңының 32, 36-бабтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың Концепциясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығына сәйкес, Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Шүлбі кенті әкімінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылғы 29 мамырға белгіленсін.
2. Шүлбі кенті әкімінің кезектен тыс сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3.  Сайлау іс-шараларының келесідей мерзімдері белгіленсін:
- Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2019 жылғы 29  сәуірде басталып, 2019 жылғы 3 мамырда аяқталады;
- Әкімдікке кандидаттарды тіркеу ұсыну күнінен басталып  13 мамырда аяқталады;
- Сайлау алдындағы үгiт 2019 жылғы 14 мамырда басталып, 2019 жылғы 28 мамыр күнi 00.00 сағатта аяқталады.
 
 
      
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы                                                                            З. Тоқаев
 
 
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы                                                                            Н. Дәулетқазина
 
Өңдеу күні: 22-04-2019