Акимат » Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2018 жыл

Семей қаласында мәдениеттің дамуы 2018 жыл

2018 жылдың басынан бері қалада 3346 ірі мәдени-көпшілік шара өткізіліп, оларға 450000 астам адам қамтылды. Ағымдағы жылы Астана қаласының 20 жылдығын, Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығын, Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығын мерекелеуге орай кешенді шаралар жоспарланып, өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кәсіптік мерекелері кең көлемде  аталып өтті.
6 шілде – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу  күні қала музейлерінде ашық есік күні өткізіліп, кітапханаларда «Менің арман қалам», «Астана – жаңа ғасыр қаласы», «Астана – отанымның жүрегі» атты мерекелік шаралар, орталық мәдениет және демалыс саябағында «Ажары сен елімнің, Астана» атты мерекелік іс-шара аясында мерекелік концерт, фото көрме, балаларға арналған ойын-сауық бағдарлама ұйымдастырылды. Орталық алаңда Қазақстан эстарадасының  жұлдызы Әлишер Кәрімовтің, Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы мен қалалық Мәдениет сарайының өнерпаздарының қатысуымен  өткізілген Гала-концерт отшашумен жалғасты.
Ағымдағы жылғы 17-18 шілдеде Семей қаласында Астана қаласының күндері өткізілді. Ұлы Абайдың жерінде «Ақ тілекпен, Астана!» Невзоровтар атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде түрлі жанрда сурет салатын отандық 50 суретшінің 100-ден аса шығармалар көрмесі ұсынылды.
17 шілдеде Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының «Абайдың қара сөздері және әндері» атты концерт қойылды. Абай атындағы театрының сахнасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен халық вокалының солистері Секен Сыздық, Нұрлан Бекенов өнер көрсетті. 
18 шілдеде, осы уақытта Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Ұлықбек Есдәулеттің «Зере» драмасы қойылды. 
Қыркүйек айында Семей қаласының күндері кең көлемде аталып өтті. Қала күнін меркелеу қарсаңында ақындар айтысы, «Шеберлер қаласы» қолөнер шеберлерлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ертіс жағалауында салынған «Уақыт капсуласы» мерекелік шаралардың кульминациясына айналды. Оның ашылуы 2050 жылға қарастырылды. Дәстүрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар тек қаланың Орталық алаңында ғана емес, сонымен қатар қаланың оң және сол жағалауларындағы алаңдарда өткізілді. 
Аталған алаңдарла мерекелік концерттік бағдарламалармен қатар әр түрлі конкурстар, спорттық сайыстар, «Туған қалам Семейім» фото-кормесі, жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі, мерекелік сауда, мобильдік дәмхана ұйымдастырылды. Орталық мәдениет және демалыс саябағында барлық атракциондар халыққа жұмыс жасап, заманауи би өнерінің фестивалі өткізілді. 
Биылғы жылы алғашқы рет қаламыздың орталық Абай, Шәкәрім, Дулатов және Жұмабаев көшелерінде театрландырылған шеру ұйымдастырылып, аталған көшелер бойында театрлық қойылымдар ұсынылды. Орталық алаңда «Үздік» номинациясы бойынша әр саланың үздік мамандары марапатталып, қаланың шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің қатысуымен гала-концерт өтті. Сондай-ақ, «Эксклюзив» шоу-балетінің мерекелік бағдарламасы ұсынылып,  жалғасында Қазақстан эстрада жұлдыздары Айқын Төлепберген және Қуандық Рақым өнер көрсетті. Іс-шара мерекелік отшашумен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында өткізілген Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Астана құрдастары» атты конкурсы, «Семейім-Алашымның астанасы» атты ақындар айтысы, халықаралық, республикалық конкурс женімпаздарының қатысуымен «Лауреаттар шеруі», «Жас қанат», «Жас жұлдыз» жастар  конкурстарын атап өтуге болады.   Сонымен қатар «Сіңіліммен сырласу» жобасы, Наурыз мерекесінің ұлттық мәнін ашу, оны жастар арасында дәріптеу мақсатында биылғы жылы тұңғыш рет «Наурыз-2018» атты шаралар он күндігі  өткізілді. Он күн бойы күнделікті Орталық мәдениет және демалыс саябағында қала тұрғындарына мерекелік  концерттік бағдарламамен қатар, қазақ халқының ұмытылып қалған салт-дәстүрі рәсімдері насихатталып, әдебиет, ұлттық қолөнер көрмелері ұйымдастырылды. 
Мемлекеттік бағдарламаларды кең ауқымда насихаттау, жастар арасында сөйлеу мәдениеті мен шешендік   өнерді қалыптастыру мақсатында «Елбасы бағдарламалары – менің өмірімде» печа-куча форматында өткізілген шара жастар қауымының көңілінен шығып, қолдау тапты.
Мүмкіндігі шектеулі жастарды интеллектуалды дамыту, шығармашылық жастардың өнерін шындау мақсатында «Ты один из нас» республикалық конкурс-фестиваль, «Екі жұлдыз» аймақтық байқау. 
Еліміздің төл мерекесі – Тәуелсіздік мерекесі қарсанында ақын жерлесіміз Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Мемлекеттік сыйлыққа ие болып, жас ақын  Мерей Қарт «Дарын» жастар сыйлығын иеленгені  үлкен жетістіктердің бірі болды.  Аталған мерекеге орай Қайнар, Алғабас, Знаменка ауыл аймақтарында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік  таңы» жас ақындар айтысы да жастарға үлгі болатын ілгері шаралардың бірі болды.
Мәдени мұра объектілерін қорғау және насихаттау жұмыстары жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Найманбаев көшесі, 116 үй бойынша орналасқан бұрынғы телеграф ғимаратын (тозығы жетуіне байланысты) мемлекеттік қорғаудағы ескерткіштер тізімін шығару жұмыстары жүргізіліп,  Орталық саябақ теңгеріміндегі 14 тарихи-мәдени ескерткіш нысандары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекция бөлімінің теңгеріміне, қүтіп ұстау үшін берілді.
Мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайту жұмыстары белсене жүргізілді. Ағымдағы жылы қалалық Мәдениет сарайы, Достық үйі, Қайнар Мәдениет үйі, Цемент және Шүлбі кенттері кітапхана-филиалдары ғимараттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, Шүлбі кенті кітапханасында өрт сөндіру жүйесі орнатылды, қалалық Мәдениет сарайына стационарлық музыкалық аппаратура мен сахналық костюмдер алынды, Сонымен қатар этно-мәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдары сахналық костюмдермен қамтамасыз етілді.
Қала кітапханалары жаңа әдебиеттермен толықтырылып, Орталық мәдениет және демалыс саябағында, қалалық Достық үйінде, Қайнар Мәдениет үйінде   пандустар және бейне-бақылау құралдары орнатылды.
Сонымен қатар, кітап қорын сандық нұсқаға көшіру және электронды каталогқа енгізу жұмыстары жалғастырылуда.  Бүгінгі күні,  орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 4788 құжат сандық нұсқаға көшірілген, оның ішінде  2018 жылдың басынан бері 1583 құжаттың сандық көшірмесі жасалды.
Электронды каталогпен белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда электронды каталогқа 274 463 библиографиялық жазба орналастырылды, соның ішінде мемлекеттік тілде - 97 678, 2018 жылы электронды каталогқа - 33 639 библиографиялық жазба, мемлекеттік тілде – 20 569 жазба енгізілді. 
Өңдеу күні: 29-04-2019