Акимат » Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2018 жыл

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2018 жыл

«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және  азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ 16 бюджеттік бағдарламаның игерілуін қамтамасыз етуде. Бөлімнің ведомстволық бағынысында 4 мекеме бар.

2019 жылдың 1 қаңтарында 2078,7 млн. теңге игерілді, соның ішінде қалалық бюджеттен 1345,7млн. теңге, облыстық бюджеттен 480,9 млн. теңге, республикалық бюджеттен 271,9млн. теңге.

Есепті мерзім ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 34918, соның ішінде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы 11208.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы мен Қаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын: жұмысқа орналастыру; ақысы төленетін уақытша қоғамдық жұмыстарға тарту; кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесімен және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту сияқты халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2018 жылға арналған Кешенді жоспар әзірленді. Жоспарға сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен   9849  адамды қамту жоспарланды  (2853 жұмыссыз, 5079  нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 1907 жұмыс іздеп жүрген тұлғалар және қоныс аударуға жататын 10 адам). Соның ішінде аз қамтылғандар - 612 адам, жұмыстан босатылғандар - 70 адам, мүгедектер - 170 адам және 29 жасқа дейінгі жастар - 3579 адам.  

Кешенді жоспардың орындалуы 2018 жылдық жоспардын 122,1% құрады (12022 адам).

10591  адамға жұмысқа орналастыру шаралары  көрсетілді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына  – 8887 адам,  уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына -     320 адам, жастар тәжірибесіне оқу орындарының  710  түлегі жолданды, ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға 674  адам қатысты.   Кәсіптік оқытудын  қысқа мерзімді курстарына  830адам жіберілді,  462 адам техникалық және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауға жолданды.

60 адам «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында және 68 адам «Бастау-Кеңесші» бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы кәсіпкерліктің негіздерін оқытудан  өтті.

56қатысушы 425,9 млн. теңге сомасында,  соның ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы  24 қатысушы 301,2 млн.теңге сомасында,«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 28 қатысушы 96,7 млн.теңге сомасындажәне 4 қатысушы «Агрокредиттік корпорация» АҚ арқыл 28,0 млн.теңге сомасында шағын несие алды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар                 5,5 млн. теңге сомасында 23 адамға берілді.

2019 жылдың 1 қаңтарына  Семей өңіріне 87адамнан тұратын 33 отбасы қоныс аударды, оның ішінде 63 адамнан тұратын 25 оралмандар отбасы. Қоныс аударуға 7,2 млн.теңге сомасында субсидия төленді және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге 18,2 млн. теңге сомасында қаражат төленді.

2019 жылдың 1 қаңтарына тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 1181 адамды құрады.

Әлеуметтік бағдарламалар

Басымды бағыттар мен міндеттердің бірі болып табысы күн көріс деңгейінен төмен адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қолдау есебінен кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. Есепті мерзім ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 3370азаматы бар 764 отбасыға көрсетілді. Осы мерзімде төленген сома 97,2 млн. теңге. 60,0 млн. теңге мөлшерінде 2104 отбасыға тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша есепті мерзім ішінде 297,2 млн. теңге игеріліп, 15668 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Біржолғы әлеуметтік көмек мереке және атаулы күндерге: Ауғанстан аумағындағы ұрыс-қимылдарға қатысушыларға, Ауғанстанда қайтыс болған әскери қызметшілердің жанұяларына, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, көп балалы аналарға. Бұдан басқа, қиын өмірлік жағдай туындаған мұқтаж азаматтардың жеке өтініштері бойынша,аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу, шәкірақы, жатақханада тұру үшін мемлекеттік қолдау ретінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуге есепті мерзім ішінде 8,5 млн. теңге игеріліп, 643 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтардан құжаттарды қабылдау жалғасуда. Есепті мерзімде экологиялық куәліктерді ресімдеу үшін 1310 құжат жиынтығы ресімделді. Біржолғы ақшалай көмек төлеміне 535 алушыға 15,7 млн. теңге өтемақы төленді.

Халықтың әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж мүгедектер болып табылады. Есепті мерзімде 1135 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Есту қабілеті бойынша 155 мүгедекке 4 ымдау тілі маманының, жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы 342 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі көрсетілді.

Шипажайында 2693 адам, «Уба», «Мойылды» 1145 мүгедек емделуден өтіп, денсаулығын түзеді. Қалалық бюджет қаражаты есебінен «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша 246 мүгедек балаға 70,9  млн. теңге төленді. Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудағы қажетті шаралардың бірі кәсіптік оңалту – бұл мүгедектерге жұмысқа орналасуға, оқуға және қайта оқуға көмек көрсету болып табылады.

 2010 жылдан қозғалыс аппараты бұзылған 1 – 2 топ мүгедектерін қаланың әлеуметтік маңызды нысандарына жеткізу бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен «Әлеуметтік такси» қызметі ұйымдастырылған. Жыл басынан осы қызметті 351 мүгедек пайдаланды, 7813тапсырыс орындалдып, осы қызметке  бюджеттен 19,1 млн. теңге игерілді.

Бөлім жұмысының басым бағыты мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген балаларға, жалғызілікті қарттарға және бас бостандығынан айырылған, пробация қызметінен, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік қызметтерді көрсету болып табылады.

Қала әкімінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 01-29-ө өкімімен мүгедектердің тыныс-тіршіліктің барлық салаларында объектілер мен қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қаланың қолданыстағы ғимараттары мен құрылыстарына түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.  2018 жылға бейімдеу бойынша өңірлік жоспар әзірленіп бекітілді, 70 объектіні төлқұжаттандыру, 176 - ішінара бейімдеуден өткізу жоспарланды. 2012 жылдан бастап 2019 жылдың 1 қаңтары аралығында барлығы әлеуметтік инфрақұрылымның 371 нысаны түгенделді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету 3 орталықта мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі: үйден қызмет көрсету және күндізгі бөлімшеде жартылай стационар жағдайында, уақытша бөлімшесінде болу және түнгі бөлімшесінде болу.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағы 1598 адамға, соның ішінде 315 психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға, 158 – 18 жастан асқан тұлғаларға, 1125 қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарға. Күндізгі бөлімшеде 286 қартқа және 8 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген 63 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кешені көрсетіледі. Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта екі бөлімше жұмыс істейді: 120 төсек орынға арналған күндізгі бөлімше, 30 төсек орынға арналған түнгі бөлімше. Есепті кезеңде орталыққа 1124 адам жүгінді, соның ішінде: уақытша бөлімшесіне 515 адам, түнгі бөлімшесіне 609 адам, 277 адам бейімделіп, 211 адам жұмысқа орналастырылды.

 

 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ
 
 
 
 
Өңдеу күні: 30-04-2019