Акимат » Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2018 жыл

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2018 жыл

Мектепке дейінгі білім
Семей қаласында 56 мектепке дейінгі ұйым (16 мемлекеттік, 43 жеке-меншік) және мектеп жанындағы 12 шағын орталық қызмет етеді. Балабақшалар мен шағын-орталықтарда барлығы 10 мыңнан астам бала қамтылған.          
3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту – 100% құрайды. 
3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім беру бойынша жұмыс жалғасуда. «Қарағайлы» кентінде 320 орынға  арналған балабақша ашылды.
Мектепке дейінгі мекемелерде 890 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 13,0 % -жоғары санатты, бірінші санатты – 14,3%,  екінші санатты – 27,7 %, санатсыз- 44,8 %. 
Семей қаласының балабақшаларында оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды: ойын, жеке тұлғаға бағытталған белсенді оқыту, жобалау, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану жұмыстары жалғасуда. 2016-2019 жылдарға арналған көптілділік білім беруді дамыту мектепке дейінгі мекемелерде үш тіл: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерту арқылы жүзеге асырылады.  
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үрдісі мемлекеттік стандарт, типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асады.
 
Орта білім беру
Жалпы білім беру мекемелер жүйесі – 71 мекемемен қамтылған: 67 - мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер; 2- жеке меншік; 1 - кешкі. Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер саны – 25, орыс тілінде - 9, оқыту екі тілде білім беретін мектептер -33. Мемлекеттік мектептерде 1-11 сыныптар аралығында 44487 оқушы білім алуда (2017ж- 43463, 2016 ж.-41939, 2015ж. – 39636). Олардың ішінде қалалық жерлерде - 42219   (2017ж-41206, 2016 ж.-39625, 2015ж.-3711, 2014ж.-35719) оқушы, ауылдық жерлерде – 2268  (2017ж- 2257, 2016 ж-2314, 2015 ж. – 2325, 2014 ж. –2404, 2013ж. – 2470) оқушы. Семей өңірі бойынша 12 – шағын жинақталған мектеп, олардың ішінде 5 – негізгі, 7- орта, контингенті- 1035, мектеп алды даярлықты қосқанда-1190 (2017ж-1433) оқушыны құрайды.
Оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы 63,2 % пайызды құрайды. 
Қорытынды аттестаттау
Білім беру мазмұнын  жаңарту  негізінде қорытынды аттестаттау да өзгертілді.
Мемлекеттік бітіру емтиханы-орта мектеп курсын тәмамдағаны туралы аттестат алу үшін қорытынды аттестаттау өткізілді. 2017-2018 оқу жылындағы түлектер саны 1926, былтырғы оқу жылына қарағанда 225 адамға артық. Қорытынды аттестаттауға қала мектептерінен 1914 оқушы қатысты, соның ішінде мемлекеттік тілде 1183 (61,8 %), орыс тілінде оқытылатын мектептерден 731 (38,1%) тапсырды. Қорытынды аттестаттаудан 12 оқушы денсаулығына байланысты босатылған. 
Қорытынды аттестаттаудың нәтижесінде білім сапасы 76,2% құрады, 11 сыныптардың жылдық білім сапасы 49,1%-ды көрсетсе, жылдық қорытындыда 27,1 %-ға артық. 
Қорытынды аттестаттау  көрсеткіші бойынша 67 түлек "Алтын белгі"(2017ж-54), үздік аттестат - 65 (2017ж-  72). 
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу- жоғары оқу  орындарына түсетін  біліктілік формалардың бірі. ҰБТ қала бойынша өткізу орындары №836 Шәкәрім атындағы СМУ, №862 КазМЗИУ 20-25 мауысымда үш ағымда өтті. ҰБТ-ға 1415 оқушы қатысты. Қала бойынша қатысу пайызы 73,4% (201-72,5%). Облыс бойынша-68,8%. Қала бойынша орта балл-84,7 (шығармашылық емтихан тапсырған түлектерді есептемегенде), олармен бірге-77балл (2017-82,6 балл), облыс бойынша-83,2 балл, республика бойынша-80,2 балл.
ҰБТ-да қала  бойынша ең төмен балл көрсеткен мектептер:
50-60 балл-№ 9,12,13,21,Шульбі м/к, Чекоман, Быхин атындағы; 60-70 балл-№7, 4, 25,26,33,35,38, Бегалин, Букенші мектептері; 
Үш жыл бойы тұрақты орта балл көрсеткен келесі мектептер: экономикалық лицей,  №37, Шәкәрім атындағы  гимназиялар, № 3.
Орта балдың төмендеуі  Быхин атындағы, №9,12,13,байқалады.
Ең жоғары -13 балл 140-тан № 39 ЖОББМ оқушысы Біржан Б. көрсетті (2017 жылы ең жоғары баллды 138 №31 ЖОББМ түлегі). 
Шекті деңгейге жетпеген оқушылар саны – 182. №4,19,32,38,39, Быхина мектеп түлектерінің көпшілігі төмен деңгей көрсетті. 
ҰБТ нәтижесі бойынша пәндерге бөлгенде орта балл көрсеткен:оқу сауаттылығы-16,8 балл, математикалық сауаттылық-11,1 балл, Қазақстан тарихы – 11,5 балл, физика-17,8 балл, химия – 21,7 балл, биология – 18,7 балл, география-16,5 балл, ағылшын тілі-19,2 балл. 
67 түлектердің ішінде "Алтын белгі" иегерлері бойынша 47 оқушы ҰБТ тапсырды (100 және 100-ден аса балл немесе 68,8% көрсеткен 42 оқушы). 
Үздік аттестат бойынша 65 оқушыдан 58 оқушы ҰБТ-ға қатысты, 100 және 100-ден аса балл немесе 74,4%. 
ҰБТ қорытындысы  жан-жақты сараланып, талданды. Семей қаласының білім бөлімінің кеңесінде қаралды.
Қамқоршылық және қорғаншылық секторы
Қазақстанның мемлекеттік саясаты әр баланың құқығын қорғауға бағытталған. Елбасымыз: «Біздің елімізде дүниеге келген әрбір бала – қазақстандық. Мемлекет оларды қорғау керек» - деген. 
Семей қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім 406 бала қамқорлыққа алынған, соның ішінде жетімдер – 148, ата-анасының қарауынсыз қалғандар – 132, қамқорлыққа өз еркімен тапсырылғандар – 89,                            патронаттық тәрбиеде – 41. 
Бүгінгі таңда аса өзекті мәселе болып табылатыны – әлеуметтік жетімдік. Экономикалық тоқырау жағдайындағы халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, отбасын қолдау және қолайсыз отбасын ерте анықтау мақсатында қаламызда «Отбасын қолдау орталығы» мен «Ана үйі» құрылған, олар білім бөлімімен бірлесе тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларына көмек, қолдау көрсетеді.Білім бөлімі жетім балаларды және аталған категориядағы отбасыларды қолдауға бағытталған жұмыстарды үнемі жүргізеді. Жыл сайын «Қорғаншылар күні», «Мейірім» атты жалпықалалық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.  
Бұл шараға отбасыларға қамқорлыққа алынған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері, отбасына бала асырап алғысы кеп жүрген кандидаттар шақырылады. 
Балаларды қамқорлығына алған барлық отбасылар бір балаға 2019 жылдың        1 қаңтарынан  10 АЕК (25250 теңге) мөлшерінде баланы күту үшін  жәрдемақы түрінде мемлекеттен қолдау алады. 
Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға және жетім балаларға арналған мекемелерден жетім бала асырап алған Қазақстан Республикасы азаматы 2015 жылдың қаңтар айынан 75 АЕК мөлшерінде (189375) біржолғы жәрдемақы алады. 
Патронат тәрбиешілер ай сайын педаогикалық еңбек өтіліне байланысты 30 000-50000 дейін еңбекақы, сонымен қатар бір баланы асырауға 10 АЕК  (24050) алады.  
Бүгінгі таңда Семей қаласында «Мейірім» акциясымен  263  кәмелетке толмағандар қамтылған (балалар үйінде – 111, патронаттық тәрбие мен қамқорлықта -152).Балаларға  әлеуметтік-патронаттық қолдауды 80-нен артық патронаттық ұйымдар  көрсетеді
2018 жылдың 29 желтоқсанындағы есеп бойынша «Жилстройсбербанк» балалардың есебіне аударылған сома мөлшері – 36 млн.теңгеден асады.
Жетім балаларға үш жылға арналған Кешенді жоспарды жүзеге асыру нәтижесі бойынша 12 пәтер бөлінді, 1 тәрбиеленуші жер телімін алды, 5 тәрбиеленуші жөндеу жұмысын жүргізді және жиһаз алды, 6 тәрбиеленуші мемлекеттен жиһаз және тұрмыстық техника алды. «Мейірім» акциясына белсенді қатысқан патронатты ұйымдардың ішінде – ең алдымен білім беру мекемесі, денсаулық сақтау және ауылшаруашылық бөлімі  және т.б. бар. 
Бүгінгі таңда балалар есебіне «Жилстройсбербанк» патронаттық  ұйымдар арқылы 36 млн.теңгеден артық қаржы бөлінген.
«2020 – қолжетімді баспана», «Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламалары бойынша қала әкімшілігімен  соңғы жылдары жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға (2013 жылы – 6 пәтер, 2014- 2015 жылдары- 89 пәтер,  2017 жылы – 1 пәтер, 2018 жылы -1 пәтер) бөлінген.
Бүгінгі күні мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет ететіндер есебінде 1323 жетім –бала және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар тұр. 
2016 жылы ШҚО облыс мәслихатымен жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау жөнінде 2016-2018 жылдарға кешенді жоспар бекітілген. Қорғаушылық және қамқоршылық ұйымының қызметін атқаратын білім бөлімімен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды анықтау және оларды есепке алу жөнінде ұдайы жұмыстар жүргізіп отырады, ата-анасының қамқорлығынан айырылудың нақты жағдайлары ескеріле отырып,  қамқорлық пен қорғауға алу, асырап алу түрі анықталады, сонымен қатар олардың келешектегі тәрбиеленуіне, білім алуына және күтілу жағдайына бақылау жүргізіліп отырады. 
2017 жылдың мамыр айында ШҚО мәслихатымен бекітілген «Мейірім» қайырымдылық акциясының аясында Білім бөлімі мен балалар үйі бірлесіп «№8 балалар үйі» ҚММ тәрбиеленушісі – Экштеин Марияға 1 бөлмелі пәтер берілді.
 
Дарынды балалармен жұмыс
 
Семей қаласының білім бөлімі 2018 жылдың 20 қазанда Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің базасында республикалық ғылыми жобалар жарысының   қалалық кезеңін өткізді.
Қалалық кезеңге 44 мектептен 261 оқушы  4 бағыт,  16 секция бойынша 199 ғылыми жобалар қорғауға жіберілді.  
Ғылыми жоба жарысының   қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 1, 2, 3 орын алған 109 жоба, 146 жүлдегер:
Қазылар алқасының мүшелері  Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік медицина                                                              университеті, Қазақстан  инновациялық университеті,Семей  Инновациялық-гуманитарлық Заң университетінің оқытушы-ғалымдарынан құралған.  
2018 жылдың желтоқсанында ғылыми жоба жарысының облыстық кезеңіне Семей қаласынан 21 мектеп: 51 жоба, 69 оқушы қатысты.  Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 31 қатысушыдан, 42 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 
Облыстық кезеңде ең көп жүлделі орын алған келесі жалпы орта білім беретін мектептер: №39 (10 жүлдегер), №47, (6 жүлдегер),  ЭЛ(4 жүлдегер).  
Алматы қаласында өткен ғылыми жоба жарысының республикалық кезеңіне Семей қаласынан 6 мектептен:   Шәкәрім атындағы үш тілді  гимназия, №37 Г, Экономикалық лицей, №1, №19, Пригород, 8 жоба, 11 оқушы қатысты.  Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 3 мектептен (Шәкәрім ат. Гимназия, №37 Г, Пригород ОМ) 6 оқушы жүлделі орындарға ие болып,  4 күміс, 2 қола медальмен және ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:
-ІІ  дәрежелі Диплом – Нуралдинова Маржан, Шәкенова Ділназ  (  №37 Г, 10-
сынып, «Қолданбалы математика» секциясы), Құсман Бақытжан, Қабдулбарова Назерке – Шәкәрім атындағы гимназия, 11-сынып, «Техника» секциясы;
-ІІІ дәрежелі Диплом – Молдабаева Айша (№37 гимназия, 10-сынып, «Тарих» секциясы),  Овчаров Денис (Пригород ОМ, 11 сынып, «Биология» секциясы).
Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу  мен оларға қолдау көрсету мақсатында «Зерде» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.  Қалалық кезеңге 49 мектептен 359 жоба, 446 оқушы қатысты). Қорытынды бойынша 139 жобамен 165 жүлдегер. 
Облыстық кезеңіне Семей қаласынан 13мектептен 28 оқушы қатысып,15 оқушы жүлделі орындарға ие болды: І орын – 5 жүлдегер, ІІ орын – 2 жүлдегер, ІІІ орын – 8  жүлдегер.
2019 жылдың  29-31 қаңтар аралығында Ақмола облысы Щучье қаласындағы республикалық оқу-сауықтыру «Балдәурен» лагерінде  өткен 1-7-сынып оқушыларына арналған  зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына Семей қаласының 3 мектебінен (№6 Г, №37 Г, №22 мектеп-лицейі,) 5 оқушы қатысып қайтты. 
Конкурстың қорытындысы бойынша  барлық қатысушымыз жүлделі орындарды жеңіп алды: І орын - 2 (№6 Г), ІІ орын – 3 (№37 Г, №22 МЛ) .   
І дәрежелі диплом: 
- Асқар Нұрислам - № 6 гимназия, 4-сынып, ((«физика, техника» секциясы);     
- Демесинов Алижан - № 6 гимназия, 4-сынып, («физика, техника» секциясы);
ІІ Дәрежелі диплом: 
- Иманбаев Марғұлан -№37 гимназия, 3-сынып («тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы);
- Черубаева Ания - №37 гимназияның 7-сынып («тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы);
- Әбілтаева Ниана -№ 22 мектеп-лицейі, 4-сынып («валеология, экология» секциясы). 
Жеңімпаздарымыз Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының   І, ІІ, ІІІ Дәрежелі дипломдарымен  марапатталды. 
 
Қалалық олимпиадаға 2018 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша   республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі желтоқсан айында өткізілді. Оған 63 мектептен 1772 оқушы қатысты. 
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 500 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
І орын - 61 оқушы, ІІ орын - 161 оқушы, ІІІ орын - 278 оқушы
Ерекше нәтиже көрсеткен мектептер:
 № 6 Гимназия, № 37 Гимназия, Экономикалық лицей, № 1 ОМ, №22 МЛ, № 39 ОМ, №16, №19, №30, №32, №47.
2019 жылдың 3-6 қаңтар аралығында Өскемен  қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге Семей қаласынан 13 мектеп: № 6 Г, 37  Г, Экономикалық лицей, № 1, 3, 7, 8, 19, 21, 22, 29, 30, 39 жалпы орта білім беретін мектептерден  41 оқушы қатысты.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 26 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 
І орын –11 оқушы, ІІ орын – 8 оқушы, ІІІ орын –7 оқушы. 
Семей  қаласының командасы «Үздік олимпиадалық команда – 2019» номинациясы бойыншаІІ дәрежелі дипломмен және жеңімпаз кубогімен марапатталды.
Ақтөбе қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша  республикалық  олимпиадаға  Семей  қаласынан 4 оқушы (№ 6 Г, №37 Г) қатысып  қайтты. 
Олимпиада қорытындысы бойынша  № 6 гимназияның 11-сынып оқушысы  Ақсақтеміров Амирлан  ІІI дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.  
2019 жылғы 25-30 наурыз аралығында Қызылорда қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілді. Қазақстанның барлық өңірлерінен 663 оқушы, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан 28 оқушының 6-ыСемей  қаласы мектептерінен (№ 6 Г, №37 Г, №7 МЛ, №19 ОМ). Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру. Олимпиада аясында мәдени іс-шаралар, экскурсиялық бағдарламалар, Қызылорда қаласының көрікті жерлеріне саяхат өткізілді.
 
Республикалық  олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған  №37 гимназияның 10-сынып оқушысы  Күйшібекова Кәмила ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталса, №19 орта мектептің 10-сынып оқушысы Исламова Дильназ ІІI дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.
Таулы Үлбідежас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің облыстық  форумы өтті. 
Форумның жұмысы «Туған өлкенің табиғатын аяла» ғылыми-практикалық конференция түрінде  және «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» номинациялар бойынша зерттеу жобаларының конкурсы ұйымдастырылды. Бағдарламаға: облыстың алдыңғы қатарлы педагог-экологтардың шеберлік-сыныбтары, «Қалдықтардан – табыстарға» шығармашылық жұмыстар көрмесі, «Экоәлем» бейнероликтердің презентациясы, «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» экологиялық квест,экскурсия, «Жасыл әлем» экологиялық акциясы енгізілді.
Облыстық форумға Семей қаласынан №39 жалпы орта білім беретін мектептің 8 оқушысы қатысты. 
Форум қорытындысы бойынша Б. Жұматаева  мен М. Халелова жүлдегер атанып, ІІ Дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді. 
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне Семей қаласынан  4 оқушы Экономикалық лицей (Валиев Артем, Толеухан Акежан) мен №37 гимназиядан (Қайырбек Аяжан, Маратұлы Азамат) қатысты.
Шараның өткізілу мақсаты – дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылардың  жаратылыстану-математика пәндері бағытына қызығушылықтарын дамыту және олардың кәсіптік бағдарларын қалыптастыру.
Олимпиада екі тур бойынша өтті.   Әр оқушы 4 пән бойынша тапсырмалар орындады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған №37 гимназияның 11 сынып оқушылары Қайырбек Аяжан мен Маратұлы Азамат 
Өзге ұлт өкілдері үшін қазақ тілі бойынша ХІІІ республикалық қашықтан «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты олимпиадасы өтті.
Олимпиада екі тур бойынша мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше ықылас білдірген лингвистикалық таланттарды қолдау мақсатында өткізілді. 
Оn-line режимінде турдың қорытындысымен ең жоғары ұпай алған Семей қаласы Экономикалық лицейдің 5-сынып оқушысы Вероника Бережнева мен №6 гимназияның 9-сынып оқушысы Морланг Анастасия олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысты. 
Олимпиада Астана қаласында өтті. Оқушылар мемлекеттік тіл аясында жақсы білімдерін көрсетті.
 Олимпиада қорытындысы бойынша Вероника Бережнева мен Морланг Анастасия  жүлделі орындарға ие болып, ІІ, ІІІ Дәрежелі дипломдармен марапатталды. 
Барлық қатысушыларға Шығыс Қазақстан өңірі ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының сертификаттары мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының ескерткіш сыйлықтары табыс етілді
2019   жылдың  04 - 06  наурызы   аралығындаТаулы  Үлбі  өзенінің
жағалауындағы «Дарын» оқу-сауықтыру базасында өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа Семей қаласы №29 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Пасько Илья қатысыты. Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушымыз жүлделі 3-орынға ие болып, дипломмен марапатталды. 
2019 жылдың 30 қаңтарда Өскемен қаласында жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушылары  арасында экономика пәні бойынша республикалық турнирдің  облыстық кезеңі өтті.
Турнирдің мақсаты: Экономикаға ғылым ретінде қызығушылық білдіретін оқушыларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту
Экономикалық турнирге Семей қаласынан Экономикалық лицейдің   5 оқушысы қатысты. 
 Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша, қатысушыларымыз жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. 
І Дәрежелі диплом - Винтер Максим (10 сынып), Сыздыкова Ариана (10 сынып).
ІІ Дәрежелі диплом – Джетенбаева Малика (11 сынып)
Барлық қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.  
 
Тәрбие  жұмысы
 
Тәрбие жұмысы – білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының бірі. Есепті кезеңде аталған бағытта біршама жұмыстар жүргізілген.
Семей қаласының БАИ және ҚазИГЗУ (наурыз айында) «Жасөспірімдер балалармен жұмыс жүргізудің заманауи инновациялық технологиялары» модулі бойынша тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларға тәлімгерлер мен аула клубтарының педагог ұйымдастырушыларына, «Өрлеу» ШҚО орталығымен (наурызда) бірлесіп, дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Ата-аналар қоғамдастығымен жүргізілетін жұмысты іске асыру мақсатында («Әкелер кеңесі мен аналар кеңесін құру туралы» 2016 жылғы 
25 қаңтардағы №01-04/50 бұйрық) ата-аналар білім бөлімінің жұмысына әрдайым тартылады. Наурыз айында «Отбасылық тәрбие тәжірибесін жалпылау» тақырыбында білім бөлімінің ата-аналар қоғамдастығымен жүргізілетін жұмыстар бойынша ашық есік күні өткізіледі.
Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» жобасын іске асыруға баса назар аударылған. Аталған жобаны іске асыру аясында білім беру мекемелері «Менің мектебім» акциясына белсене қатысты. Акция мақсаты – кабинеттерді заманауи жарақтандыру. Кабинеттердің жаңа жабдықты қабылдауға әзірлік кестесі әзірленді. Кабинеттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарға 2018 жылы қалалық бюджеттен 60 101 мың теңге бөлінген. Әзірлік кестесіне сәйкес 2018 жылғы наурызда 
20 кабинетті әзірлеу, 2018 жылғы сәуір айында – 48, 2018 жылғы мамыр айында 14 және 2018 жылғы маусым айында 1 кабинетті әзірлеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 31 кабинет жаңа жабдық және жиһаз алуға дайын, әзірлік актілері бар. Кабинеттерді әзірлеу және мектептерді жаңа модификацияланған кабинеттермен қамтамасыз ету үшін меценаттармен демеушілік жәрдем көрсету жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 
Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жұмыс жүргізіледі, қаңтар айының басында білім бөлімі басшысының, ІІБ МПС қатысуымен жалпы орта білім беретін мектеп директорларымен, директордың ТІ жөніндегі орынбасарларымен және мектеп инспекторларымен 2017 жылдың қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Оқушылары қылмыс жасаған жалпы орта білім беретін мектеп басшыларының есептері тыңдалды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мақсатында қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінде қаңтар айының 15 мен 20 аралығында әкелер Слетінің мектепішілік кезеңі өтті. Бұл кезең шеңберінде  «Әкелер мен балалар – келешекке көзқарас» дөңгелек үстелі, «Әкелер спартакиадасы» - үстел теннисі, тоғыз құмалақ, дойбыдан жарыстар, «Әкем және мен – спорттық отбасы!» спорттық эстафеталары, мектеп инспекторының, балалары мектепішілік және КТІ есепте тұрған әкелерді шақыртумен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ашық отырыстар өткізілді. 
8 ақпанда Балалар мен жастардың шығармашылығы Сарайында қалалық әкелер Слеті өтіп, оған қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінен 300-ге жуық әке қатысты. Үздік әкелер білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Слет қорытындысы бойынша Резолюция қабылданды;
Білім беру мекемелерінде 2018 жылғы 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында «Өмірге ИӘ деп айт!» республикалық ақпараттық кампаниясы өткізілді, оның мақсаты қоғам назарын бала денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардың, үгіт пен насихаттың жағымсыз әсерінен қорғауға тарту болып табылады. Әлеуметтік желілердің жағымсыз әсерінен қорғау мәселелері бойынша тақырыптық лездемелер, саяси ақпараттар, сауалнамалар, тренингтік сабақтар, акциялар, сайыстар, дискуссиялық алаңдар өткізілді;
Ақпан айында сондай-ақ №10 ЖОББМ қала мектептерінің 100 сынып жетекшілері үшін мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлқының профилактикасы бойынша консультациялық алаң ұйымдастырылды. Алаң жұмысына сондай-ақ «Отбасы Орталығы» ҚҚ және Психикалық денсаулық орталығының өкілдері қатысты;
Республикалық акция шеңберінде ақпан айында барлық жалпы орта білім беретін мектептер  «Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» акциясының іс-шараларына қатысты. Рейдтік іс-шаралардың жоспары мен кестесіне сәйкес Семей қаласының  ІІБ өкілдерімен бірге себепсіз сабақ босатып жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында базарлар, көлік жуу орындары, компьютерлік салондар араланды. Сондай-ақ сәтсіз отбасылары да қаралды. Рейдке  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп  инспекторлары және мектеп психологтары жұмылдырылып, тұрғын-үй-тұрмыстық жағдайларының актілері толтырылып, отбасыларының әлеуметтік мінездемесі құрылды. «Нұр Отан» партиясының өкілдері №38 ЖОББМ сәтсіз отбасыларын аралап және материалдық көмек көрсетті;
Зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында № 49 ЖОББМ 27 ақпан күні «Балалық шақ қорғалады» ұранымен прокуратура, ІІБ өкілдерін шақырумен ер мұғалімдермен кездесу өткізілді. Барлығы 450 ер адам қатысты.
Қоғамның балалардың құқықтары туралы құқықтық ақпараттылығын арттыру мақсатында білім бөлімінің мамандары Қазақстан-Семей телеарнасының апталық қорытынды бағдарламасына қатысты. 
Оқытудың зайырлы сипаты, діни экстремизм және терроризм профилактикасы туралы заңнаманыорындау үшін 2018 жылғы 
19 наурызда ІІБ ОЭП және Семей қаласы бойынша ШҚО ҰҚКД АТЦ өкілдерінің қатысуымен УТО нысандары ретінде, жарылғыш құрылғылар табылып және террористік сипаттағы актілер жасалу қаупі туындау жағдайындағы мекеме басшылығы мен персоналының іс-қимыл Алгоритмі бойынша семинар өткізілді.    Діни экстремизм профилактикасы және діни радикализмге деген иммунитетке баулу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айының 29 жұлдызында жалпы орта білім беретін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі және тарих пәнінің жас мұғалімдері үшін семинар-тренинг өткізілді. 
Есептік кезең ішінде әскери-патриоттық тәрбиеге бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілді:
-  Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары арасында «Зайцевті еске алу Кубогына» жарыстар (қаңтар);
- әскер-интернационалист Б.Керімбаев кубогына әскери-спорттық жарыстар (қаңтар);
Ауған елінен әскерді шығаруға арналған әскери-патриоттық-тәрбие бойынша айлық (ақпан);
- Халық қаһарманы генерал Ертаев Кубогына әскери-спорттық жарыстар (ақпан);
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова Кубогына әскери-спорттық жарыстар (наурыз);
- «Айбын» әскери-патриоттық жиыны (наурыз).
Іс-шаралар тек оқушылардың қатысуымен ғана емес, сонымен қатар педагогтар арасында да өткізіледі:
- «Ең үздік сынып жетекшісі» қалалық сайысы (ақпан);
- «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - 2018» қалалық сайысы (наурыз).
Сонымен қатар бірқатар шығармашылық және спорттық іс-шаралар өткізілді:
- «Жас музыкант» қалалық сайысы (наурыз);
- қала алаңдарында Наурыз мейрамын мерекелеу (наурыз);
- Өлкетану мұражайымен бірге мектеп мұражайларының қалалық сайысы  (наурыз);
- спорттың 6 түрі бойынша мектеп оқушылары арасында қалалық спартакиада (қыркүйек - наурыз);
- мектеп мұғалімдері арасында спорттың 9 түрі бойынша «Сергектік және денсаулық» қалалық спартакиадасы (қазан – наурыз) ;
- баскетбол, волейбол, футзал, футбол бойынша Ұлттық Мектеп Лигалары (қараша – наурыз).
- «Жұлдызша» шайбалы хоккей бойынша қалалық жарыстар». Облыстық турнирге қатысу (ақпан);
- мектеп оқушылары мен педагогтар арасында қысқы спорт түрлерінен Президенттік тестілерін тапсыру (ақпан).
 
 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2018 жыл 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2017 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2016 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2015 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2014 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2013 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2012 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2011 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2010 жыл

Өңдеу күні: 09-07-2019