Акимат » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ ВИРТУАЛДЫ СҰРАҚТАРҒА НАҚТЫ ЖАУАПТАР БЕРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ ВИРТУАЛДЫ СҰРАҚТАРҒА НАҚТЫ ЖАУАПТАР БЕРУ

 

http:// www.e.gov.kz
Электрондық  үкімет – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең қолдану жолымен  азаматтарға және ұйымдарға қызметтерді ұсынуға максималды бағытталған, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу.

«Электрондық үкімет енгізу – бұл мемлекеттік басқарудың  тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі. Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғарлатады. Үшіншіден  қызметінің кәсіпкерлігі мен ПҚК жақсартады. Төртіншіден, мынадай салықтарды төлеу, әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу сияқты процедураларға көп уақыт кетірмеуге мүмкіндік береді...»

 

Нұрсұлтан Назарбаев
 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕҢСІЗДІКТІ ТӨМЕНДЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫ


«Ақпараттық теңсіздік» - бұл халықтың әртүрлі топтар және қабаттарында ақпаратқа тең рұқсат мүмкіндігінің жоқтығын анықтайтыны түсінікті.
Ақпараттық технологияны дамыту адамдарға зор артықшылық береді. Бұл бағыттың негізігі мақсаты, Қазақстанда компьютерлік технология саласында халықтың сауаттылық үлесін арттырудан тұрады.
Қазақстан Республикасында «ақпараттық теңсіздікті» игеру мақсатында 2006 жылдың 13-қазанынан № 995 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы» (әрі қарай Бағдарлама) жасалған.
БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ: 2009 жылға дейін  Интернет торабындағы халықтар мен пайдаланушылардың  компьютерлік сауаттылық деңгейін     20-%-ке жеткізу.
БАҒДАРЛАМА МІНДЕТІ: Қазақтанның халқына күнделікті өмірде Интернет торабын 20%-тен кем емес тиімді пайдалану үшін ыңғайлы шарт құру, Қазақстан халқының өмірінде ақпараттық  ресурстардың әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын арттыру.
БАҒДАРМАЛАМА БАҒЫТТАРЫ:

  1. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін оқытушыларды дайындау.
  2. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту процесін дистанциялық және күндізгі оқыту формалары бойынша әдістемелік қамтамасыз ету.
  3. Халықтың  компьютерлік сауаттылығын арттыру.
  4. Интернетке кіру рұқсатымен тарифін төмендету және халықты арзан компьютерлік техника бағасы бойынша қамтамасыз ету.
  5. Отандық АТ-мамандарын дайындау.
  6. Индустрия және сауда, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларында ақпараттық-танымдық веб-порталдар құру.

Бағдарлама құзіретінде «Компьютерлік сауаттылық» курс бағдарламасы бойынша компьютерлік сауаттылыққа оқыту ұйымдастыру жоспарлануда.
КУРС МАҚСАТЫ: Тыңдаушыға қазіргі дербес компьютерде тәжірибелік жұмыс дағдысын беру.
«КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚ» КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. Кіріспе және дербес компьютермен танысу;
  2. Windows-ты менгеру;
  3. Қапшық және файлдармен жұмыс істеудің тиімділігі;
  4. Деректерді архивтеу;
  5. Жергілікті торап. Жергілікті тораптағы электрондық поштамен жұмыс істеу тиімділігі;
  6. Word жұмысы. Құжаттарды құру және бояумен безендіру;
  7. Суреттерді қою. Мәтіндік кестелерді тез құру және безендіру. Құжаттарды баспаға шығару;
  8. Excel жұмысы. Электрондық кесте құру;
  9. Диаграмманы есептеу және құру;
  10. Power Point жұмысы. Бояу ұсынулармен құру;
  11. Кіріспе және интернетке алғашқы саяхат. Интернетке қалай қосылу керек. Интернет мүмкіндіктері. Internet Explorer-де жұмыс істеу;
  12. «Электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс;
  13. Электрондық пошта жұмысы. Outlook Express бағдарламасымен жұмыс істеудің тиімділігі. Web-пошта.

Тест нәтижесі бойынша әрбір қатысушыға жұмысқа орналасу кезінде қосымша мүмкіндік беретін Сертификат беріледі.
«Компьютерлік сауаттылық» курсы бойынша оқыту және Сертификат алу тегін өткізіледі.

 
Өңдеу күні: 30-05-2019