Акимат » ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ

 

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ (ДСҰ)

Орналасқан орны: Женева қ, Швейцария
Құрылған күні: 1 қаңтар 1995 жыл
Құрылды: Уругвай раунды келіссөздерінің нәтижелері бойынша (1986-94)
ДСҰ мүшелері: 153 ел.
Бюджеті: 2008 жылға 185 млн. швейцар франкі.
Хатшылық: 625 адам
Басшысы: Паскаль Лами Бас директор.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) – бұл елдер арасындағы сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады.
ДСҰ 1948 жылдан бері халықаралық саудадағы негізгі принциптер мен ережелерді анықтайтын Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің негізінде (ГАТТ) құрылған. Бұдан басқа ол саудадағы және оны либерализациялаудағы өзара кедергілерді жою мақсатында көпжақты саудалық келіссөздер раундтарын мезгіл-мезгіл жүргізуге арналған болып қызмет еткен*.
ДСҰ – бұл бір жағынан әрі ұйым, әрі халықаралық тауарлар саудасы мен қызметтер саласында үкіметтің құқықтарын және міндеттерін белгілейтін көпжақты сауда келісім-шарты, құқықтық құжаттар кешені. 
ДСҰ-ны құру туралы келісім «шатыр тәрізді» құжат болып табылады, оған мыналарды реттейтін 27 заң құжаттары қоса берілген: (1) халықаралық тауарлар саудасының кең ауқымды мәселелері; (2) қызмет көрсетулер саудасы және (3) интеллектуалдық меншік құқығының саудалық аспекттері. Жекелеген келісімдер сауда дауларын шешу тәртібін және ДСҰ-ға мүше елдердің сауда саясатына мониторингті жүзеге асыру тәртібін реттейді.

ДСҰ ҚҰРУ МАҚСАТЫ
• «Уругвай раунды» саудалық келіссөздер барысында жасалған көпжақты саудалық келісімдерге қызмет көрсету және жүзеге асыру (1986 – 1994 гг.);
• Өндірістік және ауылшаруашылық тауарлар саудасындағы тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту, бұдан әрі халықаралық сауданы либералдау және әлемдік нарықта еркін және әділ бәсеке үшін жағдай жасау;
• Жасалған принциптер мен ережелер негізінде халықаралық қызмет көрсету саудасын реттеу, оны одан әрі кеңейту және келіссөздер жүргізу жолымен біртіндеп либералдау;
• Ұлттық құқықтық жүйелердегі айырмашылықтарды ескере отырып интеллектуалдық меншік құқықтары аспектілері саласында тиімді қорғаныс тетігін жасау;
• Сауда дауларын реттеудің көпжақты тиімді тетігін құру;
• Мүше елдердің ұлттық саясатының мониторингін жүзеге асыру;
• Көп жақты сауда келіссөзін оқтын-оқтын жүргізу үшін «келіссөз алаңының» функцияларын қамтамасыз ету.

ДСҰ ҚҰРЫЛЫМЫ
Министерлік конференция – ДСҰ-ның жоғарғы органы, ДСҰ көпжақты келісімдерінің  мәні болып табылатын барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Әдетте Конференция екі жылда бір рет шақыралады.
Министрлік конференциялар сессияларының арасында қажет болған жағдайда (жылына 8-10 рет) ағымдағы және процедуралық мәселелерді шешу үшін ұйымға барлық қатысушылар өкілдерінен, әдетте ДСҰ-ға мүше елдердің елшілері мен делегация басшыларынан тұратын Бас Кеңес шақырылады.  

Бас Кеңестің басқаруында Сауда саясатын шолу жөніндегі орган мен Дауларды шешу жөніндегі орган бар.

Бұдан басқа, Бас кеңеске Министрлік конференция бекітетін: сауда және қоршаған орта жөнінде; сауда және даму жөніндегі; төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер жөніндегі; бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі; өңірлік сауда келісімдері жөніндегі комитеттер есеп береді.  

Министрлік конференция (немесе Бас кеңес) өкілеттілік мерзімі 3 жылды құрайтын ДСҰ-ның Бас директорын тағайындайды. Қазіргі кезде Бас директор Паскаль Лами болып табылады, ЕО сауда жөніндегі бұрынғы комиссар, лауазымдық қызметке 2005 жылдың 1 қыркүйегінде кірісті (1999-2002 жылдары Майк Мур болған, Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі, 2002-2005 жылдары – Супачай Паничпакди, Тайландтың бұрынғы премьер-министрі).


Бас кеңес ДСҰ-ның мына иерархиясында тұрған үш кеңеске функцияларын жібереді: Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызмет көрсету саудасы жөніндегі кеңес және Интеллектуалдық меншіктің құқық аспектілерінің саудасы жөніндегі кеңес. Осы кеңестердің шегінде ДСҰ-ның барлық мүшелеріне мүшелікке көптеген ашық мамандандырылған комитеттер мен жұмыс топтары құрылған.
Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес ДСҰ принциптерін сақтау және тауарлар саудасы саласындағы 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған комитеттердің қызметіне басшылық етеді.
 

Қызмет көрсету саудасы жөніндегі кеңес қызмет көрсету саудасы жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Оның құрамына Қаржылық қызмет саудасы жөніндегі комитет және кәсіби қызметтер жөніндегі жұмыс тобы кіреді. 

Интеллектуалдық меншік құқықтары саудалық аспектілері жөніндегі кеңес Интеллектуалдық меншік құқықтары саудалық аспектілері жөніндегі келісімнің орындалуын жүзеге асырудан басқа, жалған тауарлардың халықаралық саудасымен байланысқан дау-дамайдың туындауының алдын алу мәселелерімен де айналысады. 

Бас директор басқаратын ДСҰ-ның хатшылығы ДСҰ-ның атқарушы органы болып табылады. ДСҰ хатшылығы, басқа халықаралық ұйымдарының осындай органдарынан айырмашылығы олар шешім қабылдамайды, өйткені осы функция мүше елдердің өзіне жүктеледі. Хатшылықтың негізгі міндеттері - әртүрлі кеңестер мен комитеттерге,  сондай-ақ Министрлік конференцияға техникалық қолдауды қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық көмек көрсету, әлемдік саудаға талдау жасау мен қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарына ДСҰ-ның ережелерін түсіндіру болып табылады. Хатшылық сондай-ақ дауларды шешу процессінде құқықтық көмек көрсетудің кейбір формаларын қамтамасыз етеді және ДСҰ-ға мүше болғысы келетін елдердің үкіметіне ақыл-кеңес береді.

ДСҰ-ның кез-келген мүше елі барлық кеңестерге, комитеттерге және т.б., Дауларды шешу жөніндегі органға кіретін Апелляциялар жөніндегі орган мен Дауларды шешу жөніндегі жұмыс тобы, сондай-ақ қатысушылар саны шектеулі келісімдер жөніндегі комитеттерден басқасы қатыса алады.

Өңдеу күні: 16-05-2011