Акимат » СТК және СФС ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

СТК және СФС ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ

 

Саудадағы техникалық кедергілер
Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімнің мақсаты техникалық стандарттар мен регламенттер, сондай-ақ сәйкестікке бағалау ресімдері саудада қосымша кедергілерді келтірмеуде болып табылады. Келісім мүше елдердің адамдар мен жануарлардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында аталған шарларды кіргізуге құқылы екендігін мойындайды. Техникалық регламенттер мен стандарттарды қолдану шетелдік тауарларды кішірейту отандық өнімдердің пайдасына әкелмеуі керек. Сондай-ақ тауарлар сәйкестігіне бағалау ресімдері ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестікке бағалау шетелдік өнімді кішірейту құралы болмауы керек. Келісім мүшелерді халықаралық стандарттар мен техникалық регламенттерді, стандарттар мен сәйкестікке бағалау ресімдерін үндестіру және өзара тануға көтермелейді.  
Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімнің ережелеріне сәйкес ДСҰ-ның әрбір мүше елі әр елде бар техникалық регламенттер, стандарттар мен сәйкестікке бағалау ресімдері туралы ақпаратқа қол жетімдікті жеңілдету үшін арнайы ақпараттық бюроларын құруы керек. Сілтеме (СТК жөніндегі келісімнің толық мазмұны).


Санитарлық және фитосанитарлық шаралар
Санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі келісім халықаралық саудаға тура немесе жанама теріс әсер ететін барлық сәйкес шараларды қамтиды. Санитарлық және фитосанитарлық шаралар адамдар мен жануарлардың өмірін қорғау немесе өсімдіктерді азықта болуы мүмкін әртүрлі қоспалар, токсиндер мен аурулармен байланысты тәуекелдерден, сондай-ақ елді оның аумағына зиянкес жәндіктердің келуі мен таралуынан қорғау мақсатында қолданылатын шаралар болып айқындалады.
Келісім мүшелерге ғылыми негізі бар санитарлық және фитосанитарлық шараларды кіргізуге рұқсат етеді, бірақ бұндай шаралар импортталатын тауарларға қарсы дискриминациялау құралы болмауы керек. Бұдан басқа санитарлық және фитосанитарлық шаралар протекционистік мақсаттарда қолданылмауы керек. Жаңа санитарлық және фитосанитарлық шараларды әзірлеу кезінде Келісім мүшелері бар халықаралық стандарттар, басшылық және ұсынымдарды қолдануға қолдау көрсетеді.
Қандай да болмасын елдің осындай шараларды қолдануы басқа елдермен ДСҰ-ның дауларды шешу ресімдері арқылы даулануы мүмкін. Сілтеме (СФС жөніндегі толық мазмұны)
Өңдеу күні: 16-05-2011