Акимат » Саудадағы техникалық кедергілер

Саудадағы техникалық кедергілер

 

Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындыққа байланысты «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-тың базасында 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысымен Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық құрылды.

СТК/СФС жөніндегі ақпараттық орталық ақпаратты ұсыну және айырбастау бөлігінде Дүниежүзілік сауда ұйымының Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарымен өзара әсер етуін қамтамасыз ету үшін хабарламалар және ақпараттық-консультациялық орталық жөніндегі органның функцияларын жүзеге асырады.

СТК/СФС жөніндегі Ақпараттық орталықтың негізігі функциялары мыналар:
     1) ДСҰ Хатшылығымен, ДСҰ-ға мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен мүдделі жақтар мен шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:

     - қолданыстағы немесе әзірленіп жатқан техникалық регламенттер, стандарттар, санитарлық және фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі – СФС шаралары), олардағы өзгертулер мен өнімнің, қызметтің сәйкестігін растау процедуралары туралы;
     - Қазақстан Республикасының стандарттау, СФС шаралары, сәйкестікті растау, екі жақты және көпжақты сипаттағы аккредитация жөніндегі халықаралық ұйымдар мен халықаралық келісім-шарттарға мүшелікке немесе қатысуы туралы;
     - әзірленіп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, СФС шаралары, стандарттар немесе олар туралы ақпарат жобаларының жариялану көздері туралы құжаттар мен ақпараттардың көшірмелерін беру мақсатында өзара арақатынасы болып табылады;

Негізгі міндеттері:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының Дүниежүзілік сауда ұйымымен ақпаратты ұсыну және айырбастау бөлігінде өзара арақатынасын қамтамасыз ету үшін хабарламалар және ақпараттық-консультациялық орталық жөніндегі органның функцияларын іске асыру;

- Ақпараттық орталықты, оның ішінде өңірлердегі 15 аумақтық бөлімшелерді дамыту және жетілдіру;

- Ақпараттық орталықты, оның ішінде өңірлердегі аумақтық бөлімшелерді материалдық-техникалық жабдықтау;

- ақпараттық жүйелер мен локальды міндеттерді алып жүруді қамтамасыз ету;

- Мемстандарттың сайтын алып жүру болып табылады.

Ақпараттық орталықтың негізгі міндеттері:

Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі және санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпаратты мүдделі тұлғалармен айырбас жасаудың жедел жүйесін құру болып табылады.

СТК/СФС жөніндегі Ақпараттық орталық ДСҰ-ның Хатшылығымен хат алмасуды іске асырады және ДСҰ-ның СТК мен СФС Келісімдерінің аясында ДСҰ-ға мүше елдердегі әзірленіп жатқан нормативтік құжаттар туралы хабарламалармен жұмыс істейді. Хабарламалар ағылшын тілінен аударылады, ресми басылымда жарияланады және барлық мүдделі тұлғаларға, олар алдын ала өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын енгізе алу мақсатында таратылады.

СТК/СФС жөніндегі Ақпараттық орталық ИСО, МЭК, CEN, ASTM сияқты халықаралық ұйымдармен жұмыс істейді.

Бүгінгі күні Орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған, Интернетте жұмыс істеу үшін қол жетімділік бар, ИСО, МЭК және т.б. сияқты халықаралық және шетелдік ұйымдармен on-line режимінде жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

Өңдеу күні: 16-05-2011