Акимат » Халыққа қызмет көрсету орталығы

Халыққа қызмет көрсету орталығы

 

Семей қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы
 


Семей қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) 2006жылдың 30 желтоқсан күні  Семей қаласы 408 квартал 21 үй, Найманбаев көшесі, 161үй  мекен-жайларында ашылды.
ХҚКО-ның директоры- Айқымбаева Баян Дәулетқалиқызы, тел. 33-55-93.
Директордың орынбасары- Идришева Гульнара Керейхановна тел.33-57-97, Бергенев Дияз Рахимович тел. 33-55-88.
ХҚКО басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін.
ХҚКО-нда  азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері 9.00-ден 19.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Call- центр (анықтама қызметі) тел. 33-55-00.
ХҚКО тұрғындарға 26 түрлі қызмет көрсетіп, азаматтардың мүддесін мемлекеттік және өзге де мекемелер алдында қорғайды. 408 квартал 21-үйде  орналасқан ХҚКО-нда 15 терезе азаматтардың өтініштерін қабылдауға,
7 терезе дайын құжаттарды беруге  арналған.

Қызмет түрлері:

  1. жеке кәуліктер мен паспорттарды дайындауға өтініш қабылдау;
  2. азаматтарды тіркеуге алу және одан шығару өтініштерін қабылдау;
  3.  азаматтарды тіркеу кітабын алуға өтініш қабылдау және оларды беру;
  4.  жоғалған жеке куәлік, паспорттарды қалыпқа келтіруге өтініш қабылдау;

Азаматтардың хал актілерін тіркеу бойынша:

  1. туу туралы қайталама куәліктерді беру және оларды алуға өтініш қабылдау:
  2. неке қию туралы қайталама куәліктерді алуға өтініш қабылдау және оларды беру;
  3. некені бұзу туралы қайталама куәліктерді алуға өтініш алу және оларды беру;
  4.  Қайтыс болу туралы қайталама куәліктерді  алуға өтініш қабылдау және оларды беру;  
  5. әкесінің барын анықтау туралы қайталама куәліктерді алуға өтініш қабылдау және оларды бері;
  6. Аты, тегін ауыстыруға байланысты қайталама куәліктерді беру және оларды алуға өтініш қабылдау;
  7.  АХАЖ-дың барлық қызмет түрлері бойынша  анықтамаларды беру және оларға өтініштерді қабылдау.
  8.  сот шешімі бойынша некені бұзу туралы куәліктерді беру.
  9.  асырап алу туралы қайталама куәліктерді алуға өтініш қабылдау және оларды беру.

 

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу және анықтамалық қызмет түрлері бойынша:

  1. жеке тұлғалардан жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеуге өтінішін қабылдау, құжаттарды беру;
  2. жеке тұлғалардан жылжымайтын мүлікке құқығын  қайта тіркеуге өтініш қабылдау, құжаттарды беру;
  3.  жеке тұлғалардан жылжымайтын мүлікті кепілдікке алу шартын тіркеуге өтініш қабылдау, құжаттарды беру;
  4.  жеке тұлғалардан жылжымайтын мүлікке салынған кепілдікті алуға өтініш қабылдау, құжаттарды беру;
  5.  заңды тұлғалардан жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеуге өтініш қабылдау, құжаттарды беру;
  6.  заңды тұлғалардан жылжымайтын мүлікке құқықты  қайта тіркеуге өтініш қабылдау, құжаттарды беру;
  7.  заңды тұлғалардан жылжымайтын мүлікті кепілдікке алу шартын тіркеуге өтініш қабылдау, құжаттарды беру;
  8.  заңды тұлғалардан жылжымайтын мүлікке салынған кепілдікті алуға өтініш қабылдау, құжаттарды беру;
  9. заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқығын жоюды тіркеу;
  10.  жеке кәсіпкерлерден жылжымайтын мүлікке құқығын  тіркеуге өтініш қабылдау;
  11.  мемлекеттік кондоминиумды тіркеу куәлігін алуға өтініш қабылдау және оны беру;
  12.   тіркеуші органдармен бекітілген, жылжымайтын мүлік объектісінің жобасы (сызбанұсқасы) қосылған тіркеу ісі құжаттарының көшірмесін алуға өтініш қабылдау және оларды беру
  13.  жылжымайтын мүлікке тіркеу құқығы ( кепілдік) және оның техникалық мінездемесі туралы анықтама беру;
  14.  жылжымайтын мүліктің  бар–жоғы туралы анықтама беру.  

 ХҚКО мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына  енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуге байланысты төмендегідей   заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды:

  1. акционерлік қоғам;
  2. мемлекеттік кәсіпорындар;
  3. мемлекеттік мекемелер;
  4. мекемелер;
  5. тұрғынүй-құрылыс кооперативтері және  тұрғынүй кооперативі;
  6. жеке пәтер иелігі кооперативтері;
  7. ауылшаруашылық тұтыну кооперативі;
  8. кәсіпорындар кооперативі;
  9. тұтынушылар кооперативі;
  10.  ұжымдық серіктестіктер;
  11. толық серіктестіктер
  12.  мүмкіндіктері шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер;
  13.  қорлар;
  14. ассоциация (кеңес) түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі;
  15.   заңды тұлғалардың бөлімдері мен өкілдіктерін тіркеуден шығаруды тіркеу ( заңды тұлға .... -1917-27-.........    коды бойынша   Семей қаласы Әділет басқармасымен тіркеуге алынған жағдайда ғана).
  16.   адвокаттар коллегиясы, нотариальды палаталар, аудиторлар палаталары;
  17. заңды тұлғалар, бөлімдер мен өкілдіктерінің мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеу) өткені туралы куәліктің дубликаты.

  Қорғаныс басқармасы бойынша:

  1. жеңілдіктер пайдаланатын тұлғаларға ( ҰОС ардагерлері, Чернобыль апатын жоюға қатысқандар, интернационалист-жауынгерлер)  анықтамалар беру;
  2.  Қорғаныс министрлігінің   ардагерлеріне еңбек өтілімі және зейнетақы мөлшері жайында  анықтамалар беру.

 Гипрозем бойынша:

  1. азаматтық-құқықтық шарт ( сату-сатып алу, сыйға беру, айырбастау)  нәтижесінде әмбебап  құқықтық қыбылдау ( мұрагерлік, заңды тұлғалардың ыдырауы) негізінде алынған жерге мемлекеттік актіні дайындау.

Мемлекеттік бажды Халық және Еуразиялық банктердің 2 есептесу кассасы қабылдайды.  
Кезек күту залында  азаматтар үшін кеңесшілер жұмыс жасайды.
Азаматтарға өз сын- пікір, ой-алғыстарын  жазбаша білдіруге арналған қорап та кезек күту залында орналасқан.
Екінші Халыққа қызмет көрсету орталығы Семейде 2007 жылы 29 қыркүйек күні  іске қосылды. Құжаттарды 16 терезе қабылдаса, 8 терезе дайын құжаттарды беруге бағытталған.  Бүгінде  әрбір семейлік тұрғылықты жеріне шек келтірместен көңілі қалаған ХҚКО-нда  жұмысын бітіре алады.  Себебі екі ХҚКО-ның айырмашылығы тек ғимарат ауданында ғана, қалған жұмыс барысы, азаматтарды қабылдау  принципі, мақсат-мүдде бір.   

 

 
Өңдеу күні: 30-05-2019