Акимат » 2019 жылдың 1 қазанына Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпарат

2019 жылдың 1 қазанына Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпарат

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен Қаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын: жұмысқа орналастыру; ақысы төленетін уақытша қоғамдық жұмыстарға тарту; кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесімен және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту сияқты халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады.
2019 жыл басынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4759 адам қамтылды. 3280 адамға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, олардың 1936 - тұрақты жұмыс орындарына, уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына - 300 адам, жастар тәжірибесіне оқу орындарының 454 түлегі жолданды, ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға 590 адам қатысты.   
800 адам кәсіптік оқытудын  қысқа мерзімді курстарына, техникалық және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауға 483 адам жіберілді. 
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау бойынша 15 адам жолданды.
«Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқыту курстарына  78 адам жіберілді, олардан 60 адам оқуды аяқтап сертификат алды.
Екінші деңгейлі банктер арқылы 46 адамға қолданыстағы бизнесті кеңейтуге 370,960 млн.теңге сомасында шағын несиелер берілді.  
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 24,995 млн. теңге сомасында 57 адам алды.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін Семей қаласы бойынша 2019 жылға, оралмандар мен қоныс аударушылар қатарындағы 142 адамнан тұратын 47 отбасына квота бекітілді, олардың ішінде 12 отбасы (37 адам) - оралмандар және 35 отбасы (105 адам) - оңтүстік өңірден қоныс аударушылар. Есептік кезеңде жұмыскүші артылған Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарынан 26 отбасы (45 адам) қоныс аударды және Өзбекістаннан 1 оралман көшіп келді. Қоныс аударушыларға субсидия төленді және  тұрғын үйді жалдау (жалға алу) мен коммуналдық қызметтер бойынша шығындары өтелді.  
2019 жылдың 1 қазанына тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 1868 адамды құрады.
 
   
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ
 
 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 және "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру барысы туралы 2015 жылға
 
 
 
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру барысы туралы 2016 жылға
 
 
Инфрақұрылымдық жобаларды жөндеу жұмыстары барысы туралы ақпарат
Өңдеу күні: 14-10-2019