Акимат » Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы

 

 
1.   Бағдарламаның паспорты
2.   Кіріспе
3.   Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4.   Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5.   Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
       5.1.Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ұйымдық және талдау іс-шаралары
       5.2.Есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық- насихатттық іс-шаралар
       5.3.Нашақорлықтың алдын алу, нашақорлықпен ауыратын  адамдарды емдеу және оңалту жүйесін жетілдіру
       5.4.ЕПЗ айналымын бақылаудың тиімділігін жоғарылату жөніндегі іс-шаралар
6.   Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
 
 
1. Бағдарламаның паспорты
 

 

Атауы
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 29.11.2005 жылғы № 1678 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес әзірленді
Негізгі әзір-леушілер
Мемлекеттік-құқықтық бөлім, ішкі істер басқармасы, білім бөлімі, әділет басқармасы, ішкі саясат бөлімі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар
Бағдарламаның мақсаты
Есірткіні теріс пайдаланудың және олардың заңсыз айналымының өсуін тоқтату, есірткілердің таралуын қоғамға барынша аз қауіп келтіретін деңгейге дейін дәйектілікпен қысқарту үшін жағдай жасау
Бағдарламаның міндеттері
- Психикалық белсенді (бұдан әрі – ПБЗ) заттарға тәуелді адамдар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің, оңалтудың, қайта әлеуметтендірудің қазіргі заманғы технологияларын енгізу және пайдалану;
- Есірткіге қарсы қызметтің негізгі субъектілерімен, діни концессияларды, жастар және үкіметтік емес ұйымдарды қоса, өзара іс-қимылдың түрлі нысандарын пайдаланып есірткіге қарсы насихатты жетілдіру;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөнінде өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін жоғарлату;
- нашақорлықпен ауырудың алдын алу жүйесін жетілдіру, нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеудің, оңалтудың және қайта әлеуметтендірудің жаңа тұжырымдамалары мен әдістерін практикаға кеңінен енгізу;
- есірткі құралдарының, психотроптың заттар мен прокурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін жетілдіру
Қаржыландыру көздері
Бағдарламаның іске асырылуы тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша көзделген қаржылар есебінен және шегінде қаржыландыруды қажет етеді
Күтілетін нәтиже
Бағдарламаның іске асырылуы:
- есірткіні теріс пайдаланатын адамдарды анықтауды арттыру және олардың жалпы санын қысқартуға;
- есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге;
- есірткінің заңсыз айналымына байланысты істер бойынша сот ісін жүргізудің сапасын жақсартуға;
- нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілік деңгейін көтеруге;
- нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу және оңалту әдістемелерін жетілдіруге қол жеткізуге мүмкіндік береді
Іске  асыру мерзімі
2009-2011 жылдар

 

 
2. Кіріспе
 
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес Үкіметтің басымдықты міндетті деп анықталған «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауына, «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 29.11.2005 жылғы № 1678 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы негізінде әзірленді.
 
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
 
Объективті талдау қабылданып отырған күш-жігерге қарамастан, қаладағы есірткі ахуалы күрделі күйінде қалуда, есірткінің заңсыз таралуына және оның медицинадан тыс пайдаланылуына байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар өсуінің тұрақты үрдісі сақталуда екендігін көрсетеді.
2006 жылы 146 қылмыс анықталды, бұлардың ішінде өткізудің 89 фактісі. 28 кг 284,93гр. алынды, олардың ішінде марихуана 27 кг 626,89 гр., героин -574,51 гр., гашиш – 88,5 гр. 2007 жылы 158 қылмыс анықталды, оның ішінде сатудың 90 фактісі. 43 кг 516,359 гр. алынды, олардың ішінде марихуана – 41 кг 209,74 гр., героин – 1574,719 гр. 2008 жылдың 11 айы ішінде есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бөлім есірткі мен прокурсорлардың заңсыз айналымы саласында 152 қылмысты анықтап, құжаттандырды, соның ішінде есірткіні сақтаудың 73 және сатудың 79 фактісі, сондай-ақ притон ұстаудың 1 фактісі. Өткен жылдың осындай кезеңінде 145 қылмыс анықталды, соның ішінде есірткіні сақтаудың 67 және сатудың 78 фактісі. Оның үстіне есірткіні тұтыну үшін притон ұстаудың 1 фактісі, ҚР ҚК 264-бабы 1-бөлімі.
2008 жылдың 11 айы ішінде заңсыз айналымнан 118 кг 270,1609 гр. есірткі алынды, соның ішінде марихуана –116 кг 455,63 грамм, героин – 236,9909 грамм, гашиш – 1577,15 грамм. 2007 жылдың 11 айы ішінде 42 кг 516,735 грамм есірткі алынды, соның ішінде марихуана – 40 кг 952,82 грамм, героин – 1 кг 564,429 грамм, гашиш – 290,9 грамм.
Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бөлімде 1305 адам есепте тұр, бұлардың ішінде 105 әйел, 4 кәмелетке толмаған жасөспірім бар.
Қазіргі уақытта қалада 2008 жылдың 1 айындағы ахуал былайша сипатталады: наркологиялық диспансерде 1037 есірткі тұтынушы қадағалауда тұр, олардың ішінде 238 – героин тұтынады, 131-каннабиноидтерді, 25-уытты заттарды, 242-үйлескен ПБЗ тұтынады. 1037 есірткі тұтынушының: 84-әйелдер, 4-уытты заттарды эпизодты түрде тұтынатын 14 жасқа дейінгі балалар, 16-уытты заттарды эпизодты түрде тұтынатын жасөспірімдер. Есірткіні венаға егумен – 830 адам. Есірткі тұтынушылардың орташа жасы – 18-30 жас, бұл диспансерде қадағалауда тұрған есірткіге тәуелділердің жалпы санының 78,9% құрайды. 14 жасқа дейінгі балалар – 0,1%, 15-17 жастағы жасөспірімдер – 1,7%, 18-30 жасқа дейін - 83%, 31 жастан асқандар – 15,1%. Бұлардың ішінде 78,2% ешқайда жұмыс істемейді және оқымайды, 1,8% - оқушылар, 20% - жұмыс істейді.
2008 жылы Семей қаласының ІІБ ЕКБ қызметкерлері қаланың оқу орындарының студенттері жасаған есірткіні сатумен байланысты қылмыстарды анықтады. Атап айтқанда, Шәкәрім атындағы СМУ студенті А.А.Борисова «марихуана» есірткісін сатқандығы үшін сотталды, сондай-ақ Семей қаласы геологиялық-барлау колледжінің студенті А.Наумов осындай қылмыс жасап, ұзақ мерзімде қамауда болуға сотталды.
Жүріп жатқан, есірткі нарығының интенсивті түрде құрылымдық қайта құрылуының салдарында дәстүрлі каннабистік топтағы есірткіні жоғары белсенді, қымбат тұратын және денсаулық үшін барынша қауіпті, героин сияқты есірткілер ығыстырды.
Істің нақтылы жағдайын ескеріп, нашақорлық проблемасын шешу кезінде кәмелетке толмағандармен және жастармен жұмыс алға қойылады. Қалада «Көше, топ, жасөспірім», «Есірткіге – жоқ!, спортқа – сәлем!» акциялары және басқалар табысты түрде өткізілді,  барлық мектептерде мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылып «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып, өткізілді. Сонымен қатар, құқықтық тақырыпқа, жасөспірімдер қылмыскерлігінің алдын алу және маскүнемдіктің, шылым шегудің, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу мәселелері бойынша әңгімелер жүйелі түрде өткізіліп отырады.
Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар қызметін талдау Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған қалалық бағдарламасында қойылған міндеттер орындалғандығын көрсетті, соның нәтижесінде біршама жағымды нәтижелерге қол жеткізілді, атап айтқанда 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың анықталуы 8% өсті 2008 жылдың 11 айы ішінде 2007 жылмен салыстырғанда 74 кг 754 грамм есірткі артық алынды.
Өңірде есірткінің бетін қайтару тек барлық қоғамдық және мемлекеттік институттар күш-жігері нақты жұмылдырылғанда ғана мүмкін болады.
 
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
 
Бағдарламаның мақсаты есірткіні теріс пайдаланудың және олардың заңсыз айналымының өсуін тоқтату, есірткілердің таралуын қоғамға барынша аз қауіп келтіретін деңгейге дейін дәйектілікпен қысқарту үшін жағдай жасау болып табылады.
Бағдарламаның аса маңызды міндеттерінің қатарынан мыналарды бөліп көрсету қажет:
- психикалық белсенді заттарға (бұдан әрі – ПБЗ) тәуелді адамдар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің, оңалтудың, қайта әлеуметтендірудің қазіргі заманғы технологияларын енгізу және пайдалану;
- есірткіге қарсы қызметтің негізгі субъектілерімен, діни концессияларды, жастар және үкіметтік емес ұйымдарды қоса, өзара іс-қимылдың түрлі нысандарын пайдалана отырып, есірткіге қарсы насихатты жетілдіру;
- есірткінің, психотроптық заттар мен преурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін жоғарылату;
- профилактика жүйесін жетілдіру, нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеудің, оңалту мен қайта әлеуметтендірудің жаңа тұжырымдамалары мен әдістерін практикаға кеңінен енгізу;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау тетігін жетілдіру.
 
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
 
Осы Бағдарламаны іске асыру мыналарға бағытталады:
5.1. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ұйымдық және талдау іс-шаралары нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемалары жөніндегі нақты көрініске жәрдемдесетін болады. Заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорытындылау жолымен есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы заңнаманы жетілдіру.
5.2. Есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық-насихаттық іс-шаралар, есірткіге қарсы насихаттың тиімділігін жоғарылату үшін бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін және қызметі нашақорлықтың алдын алуға және есірткіге тәуелділерді оңалтуға байланысты түрлі қоғамдық ұйымдардың тәжірибесін белсендірек пайдалану қажет. Сондай-ақ салауатты, жоғары адамгершілікті және мәдени өмір салтының қағидаттарын қоғамда бекітуге бағытталған түрлі жарнаманың әлеуметтік бағыттылығын күшейткен тиімді. Балалар мен жастар үшін қолжетімді спорттық – демалыс мекемелері кешенін дамыту.
5.3. Нашақорлықтың алдын алу, нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу және оңалту жүйесін жетілдіру. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мамандарды, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейім  адамдар профилактикасы, оларды емдеу мен әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жолымен мемлекеттік органдарды ұйымдастырушылық-кадрлық тұрғыдан нығайту. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету кешенін жақсарту, оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз ету, оңалту және алдын алу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, Есірткіге тәуелділер үшін бірыңғай телефонмен консультация беру қызметін дамыту, өңірде «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» АҚ филиалдарын құру.
5.4. ЕПЗ айналымын бақылаудың тиімділігін жоғарылату жөніндегі іс-шаралар. Есірткінің заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы күресті тиімді ұйымдастыру үшін қажетті техника мен жабдықтарды сатып алу жолымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресте әрекет ететін мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық тұрғыдан нығайту.
 
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
 
Осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және оның шегінде және тиісті бюджеттік бағдарламалар мен заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны іске асыру 2009-2011 жылдарға арналған қалалық бюджет қаржыларынан бөлінген қаржы шегінде қаржыландыруды қажет етеді.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға көзделген шығыстардың жалпы көлемі тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаржыларын ескере отырып жыл сайын нақтылауға жатады.
 
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
 
Бағдарламаны іске асыру :
- есірткіні теріс тұтынатын адамдардың 30% анықталуын ұлғайтуға және олардың санын 5-10 % қысқартуға;
- нашақорлықпен ауыратын адамдардың профилактикасына, оларды емдеуге және оңалтуға, сондай-ақ есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметіне жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға;
- нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу, оңалту және қайта әлеуметтендіру әдістемелерін жетілдіруге;
- балалар мен жастар үшін қолжетімді спорттық-демалыс мекемелері кешенін құруға;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге;
- есірткінің заңсыз айналымымен байланысты істер бойынша сот ісін жүргізуді жетілдіруге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
 

 

8. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға
арналған қалалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
 

 

Іс-шара
Аяқталу нысаны
Жауаптылар
Орындау мерзімі
Болжанған шығыстар
Қаржылан-дыру көзі
8.1. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі ұйымдастыру
және талдау іс-шаралары
8.1.1
Қалада есірткі ахуалы дамуының жай-күйі мен үрдістерін талдауды әзірлеу, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу
Қала әкімдігіне ақпарат
ІІБ, «Семей қаласының наркологиялық диспансері» КМҚК (келісім бойынша), білім бөлімі
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей
Қажеті жоқ
 
8.1.2.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын әзірлеу және оны қаржыландыру қажеттілігі туралы ұсыныс әзірлеу
Қала әкімдігіне ақпарат
ІІБ, «Семей қаласының наркологиялық диспансері» КМҚК (келісім бойынша), білім бөлімі, «Семей» кеден бекеті, ішкі саясат бөлімі
2011ж. қаңтар
Қажеті жоқ
 
8.1.3.
Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар туралы істер бойынша сот-тергеу практикасын талдауды жүзеге асыру
 
Қала әкімдігіне ақпарат
Прокуратура (келісім бойынша), (жинақтау) ІІБ
Жартыжылдықта 1 рет
Қажеті жоқ
 
8.1.4.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2014 жылдарға арналған қалалық бағдарламасының жобасын қалалық мәслихаттың қарауына енгізу
Қалалық мәслихат шешімінің жобасы
Мемлекеттік құқықтық бөлім
2011 ж. қыркүйек
Қажеті жоқ
 
8.1.5.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың ЕПЗ заңсыз айналымы нәтижесінде алынған ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті заңдастыруға қарсы күрес жөніндегі қызметін талдауды жүзеге асыру
Қала әкімдігіне ақпарат
ӘСЖҚА, ҰҚК (келісім бойынша)
2009-2011 ж.ж. желтоқсан
Қажеті жоқ
 
8.1.6.
Мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктер мен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссиялардың өзара іс-қимылы мен қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету
Қала әкімдігіне ақпарат
ІІБ, ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі
Үнемі
Қажеті жоқ
 
8.2. Нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шаралары
8.2.1.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне (26 маусым) арналған акция өткізу
Спорттық көпшілік іс-шараларын, шығармашылық конкурстарды, дөңгелек үстелдерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу, көрнекі үгіт түрлерін пайдалану, БАҚ көрсету. Қала әкімдігіне ақпарат
ІІБ (келісім бойынша) білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі
2009-2011 ж.ж.
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюджеті
8.2.2.
Мектеп оқушылары мен студенттер арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға арналған «Туризм есірткіге қарсы» ұранымен акциялар өткізу
Спорттық көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, көрнекі үгіт түрлерін пайдалану, БАҚ көрсету
Кәсіпкерлік бөлімі, ІІБ (келісім бойынша), білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Жыл сайын, 3-4 тоқсан
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюджеті
8.2.3.
Іс-шараларды есірткіге қарсы сипаттағы таратылатын өнімдермен қамтамасыз ету
Есірткіге қарсы баспа өнімдерін әзірлеу
Ішкі саясат бөлімі
2009-2011 ж.ж.
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюджеті
8.2.4.
Қоғамдық санада есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитет қалыптастыру мақсатында ақпараттық-насихат жұмысын жүргізу, азаматтарды нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресте мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар туралы БАҚ арқылы хабардар ету, жүйелі түрде теледидар бағдарламалары мен хабарларын жүргізу
Телехабарлар мен бейнероликтер өндіру және тарату
Ішкі саясат бөлімі, ІІБ (келісім бойынша), білім бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі
2009-2011 ж.ж. үнемі
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюджеті
8.2.5.
Студенттер мен мектеп оқушыларының «Есірткісіз болашақ» қозғалысын дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу, жылына 1 рет
Акциялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар, шығармашылық конкурстар ұйымдастыру және өткізу
Ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, әділет басқармасы, ІІБ
2009-2011 ж.ж.
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюджеті
8.2.6.
Қоғамдық орындарда, ұйымдарда, оқу орындарында есірткіге қарсы тақырыптағы әлеуметтік жарнаманы орналастыруды қамтамасыз ету
Көрнекті үгіт құралдарын (жарнамалық қалқандар, баннерлер, билбордтар, плакаттар және т.б.) орнату
Ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2009-2011 ж.ж.
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюджеті
8.2.7.
Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында:
 
 
 
 
 
8.2. 7.1.
Дене шынықтырумен, спортпен, туризммен және т.б. айналысу үшін 12 жасқа толмаған балалар мен аз қамтылған және жайсыз отбасылардың 12 жастан асқан жеңілдік берілетін балалары тегін қатысатын спорт және демалыс, аула секциялары мен клубтары желілерін дамыту
Құрылған спорт, аула клубтарына спорт жабдықтарын сатып алу
Білім бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі
2009-2011 ж.ж.
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюджеті
8.2. 7.2.
Девиантты мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдер үшін жазғы сауықтыру маусымын ұйымдастыру
Қала әкімдігіне ақпарат
Білім бөлімі
2009-2011 ж.ж.
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюджеті
8.2. 7.3.
 «Есірткісіз болашақ» ұранымен жастардың мазмұнды демалысын ұйымдастыру жөніндегі шығармашылық конкурстар (үздік сурет, плакат, шығарма және т.б.), семинар-тернингтер өткізу
Қала әкімдігіне ақпарат
Білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі
2009-2011 ж.ж.
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюджеті
8.2. 7.4.
Балалар мен жасөспірімдерді оқудан тыс уақытта спорттық ойындарға тарту
Қала әкімдігіне ақпарат
 Дене шынықтыру және спорт   бөлімі, білім бөлімі
2009-2011 ж.ж
Қажеті жоқ
 
8.2.8.
Мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері, оқытушылар, әлеуметтік қызметкерлер үшін нашақорлықтың алдын алу жөніндегі оқу семинарларын өткізу
Семинарлар
ІІБ
2009-2011 ж.ж
Қажеті жоқ
 
8.2.9.
Тиісті тақырып бойынша әлеуметтік жарнамаға қаржы көздеу
Билбордтарды, аспаларды әзірлеу, орналастыру
Ішкі саясат бөлімі, ІІБ
2009-2011 ж.ж
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюджеті
8.3. Нашақорлықтың алдын алу, нашақорлықпен ауыратындарды емдеу және оңалту жүйесін жетілдіру
8.3.1.
Есірткіге тәуелді адамдарды емдеудің қазіргі заманғы әдістемелерін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету, есірткіге тәуелді адамдарды, соның ішінде наркодиспан-серлердегі жасөспірімдерді медициналық әлеуметтік оңалту қызметтерін нығай-туды жалғастыру
Қала әкімдігіне ақпарат
«Семей қаласының наркологиялық диспансері» КМҚК (келісім бойынша)
2009-2011 ж.ж
Қажет емес
 
8.3.2.
Орта оқу орындарының тәрбие жоспарларына есірткіге қарсы тәрбие жөніндегі алдын алу іс-шараларын кіргізу
ІІБ, білім бөлімі-нің бірлескен бұйрығы
Білім бөлімі, ІІБ
2009-2011 ж.ж
Қажет емес
 
8.3.3.
Әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығына (Орта жолдағы үй) жіберу үшін есірткіге тәуелді адамдарды анықтау, іріктеу
Бірлескен жоспар, қала әкімдігіне ақпарат
«Семей қаласының наркологиялық диспансері» КМҚП (келісім бойынша), ІІБ
2009-2011 ж.ж
Қажет емес
 
8.3.4.
Есірткіге тәуелді адамдарды қоғамдық-ақылы жұмыстарға, кәсіптік оқуға жібере отырып жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға жәрдем көрсету
Қала әкімдігіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2009-2011 ж.ж., үнемі
Бөлінген қаржы шегінде
Қала бюжеті
8.4. ЕПЗ айналымын бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар
8.4.1.
«Қаланың оқу орындарында есірткіні пайдалануға байланысты ахуалды зерттеу» жыл сайынғы мониторингін жүргізу
Қала әкімдігіне ақпарат
Білім бөлімі
2009-2011 ж.ж., үнемі
Қажет  емес
 
8.4.2.
ЕПП заңсыз айналымына байланысты, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғалар туралы дерекқорлы толықтыру
Қала әкімдігіне ақпарат
ІІБ, «Семей» кеден бекетті, қаржы полициясы, прокуратура
2009-2011 ж.ж., үнемі
Қажет емес
 
8.4.3.
Халықтың түрлі топтары арасында нашақорлық проблемалары бойынша жыл сайынғы социологиялық зерттеулер жүргізу
Социологиялық зерттеулер жүргізу. Қала әкімдігіне ақпарат
Білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі, ЖОО-лар, колледждер, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2009-2011 ж.ж.
Қажет емес
 
8.5. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерінің кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі іс-шаралар
8.5.1.
Есірткі трафигі каналдарын жоюға бағытталған шаралар кешенін іске асыру, топтасқан және ұйымдасқан есірткі қылмыскерлігіне қарсы күрестің тиімділігін арттыру
Тиісті іс-шаралар
ІІБ, ҰҚК (келісім бойынша)
2009-2011 ж.ж.
Қажет емес
 
8.5.2.
ЕПП заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында құқық қорғау органдарының кинологиялық қызметтерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу
Қала әкімдігіне ақпарат
ІІБ, «Семей» кеден бекеті
2009-2011 ж.ж.
Қажет емес
 
8.5.3.
Халықтың әлжуаз топтарын (аз қамтамасыз етілгендер, бас еркінен айыру орындарынан босатылған жастар) басымдықты түрде жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету
Жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Қала әкімдігіне ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
2009-2011 ж.ж.
Қажет емес
 
8.5.4.
Қала аумағында «Допинг», «Көкнәр», «Барьер», «Есірткі қалқаны» және т.б. арнайы жедел – алдын алу операцияларын өткізу практикасын жалғастыру
Қала әкімдігіне ақпарат
ІІБ, білім бөлімі, ҰҚК «Семей» кеден бекетті
2009-2011 ж.ж.
Қажет емес
 

 

 
 
Қалалық мәслихаттың хатшысы Қ. Мирашев   
 
Өңдеу күні: 27-06-2011