Акимат » Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы

Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы

Басшысы:  Айтбаев Жақсылық Жусупкалиевич
 
Мекенжайы: 071400 Семей қаласы, Ш.Уәлиханов көшес,і 108 үй,
 
Телефондар: қабылдау бөлмесі -52-20-03, кезекші -52-38-61
 
Офицерлер,сержант, солдаттар және әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуы ҚР Үкіметінің 05 мамыр 2006 жылғы № 371 « ҚР әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылармен әскери есепті жүргізу тәртібінің Ережесін бекіту туралы» бойынша сәрсенбі, сенбі,жексенбі күндерінен басқа күндері күнделікті сағат 9.00 ден 13.00 дейін қабылдау жұмыстары ұйымдастырылады.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлім оларға жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды атқарады:

1.    Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әкімшілік-аумақтық бірліктің адам және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу жоспарын әзірлейді.

2.    Әкімшілік-аумақтық бірлік шегіңде жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарын, сондай-ақ соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмасы бар ұйымдардың басшыларын жұмылдыру туралы хабардар етеді.

3.    Ауылдық округтер арасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жұмылдыру ресурстарымен толық жасақтауға арналған жұмылдыру тапсырмаларын бөледі.

4.    Запастағы әскери міндеттілерге және теңгерімінде көлік құралдары бар ұйымдардың басшыларына жұмылдыру нұсқамалары мен техниканы жеткізуге нарядтар береді.

5.    Азаматтардың әскери қызметке ерікті түрде келуі мақсатында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастырады.

6.    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес басқа да мемлекеттердің арнаулы жоғары және орта білім беру мекемелеріне түсу үшін азаматтарға іріктеу жүргізеді.

7.    Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді, мерзімді әскери қызметке, келісім-шарт бойынша әскери қызметке, әскери жиындарға, сондай-ақ жұмылдыру жарияланған кезде азаматтарды әскерге шақыру жөніндегі шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырады.

8.    Ұйымдарда және ауылдық округтерде әскери міндеттілердің және техниканың есебін жүргізуді қамтамасыз етеді.

9.    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдырады.

Өңдеу күні: 01-08-2018