Акимат » Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

 

Қазақстан Респупубликасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Міндеттері мен функциялары

Басқарманың негізгі міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркаәсіптік қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің қызмет етуін және одан әрі дамуын қамтамассыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты Семей қаласы бойынша іске асыру болып табылады.

Басқарма колданыстағы заңнамаға жәнем оған жүктелеген міндетттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

- Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамассыз ету;

- Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамассыз ету;

- Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі бойынша міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

- Азаматтық қорғаныс ұымдары мен құрамаларының басшыларын, Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша халықты бағдарламалық дайындаудыәзірлеу бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;

- Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізу; өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

- қауіпті өндірістік объектілерін есепке алу;

- басшылар өз құзіреті шегінде төтенше жағдайларды жоюды жүзеге асыру;

- Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс-шараларына Азаматтық қорғаныс күштерінің, оның қарамағындағы жағдайда қадағалау, бақылау және болжау, төтенше жағдайлар бойынша автоматтандырылған ақпараттық- басқару жүйесі қызметінің қатысуына басшылық ету;

- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық- техникалық ресурстарын жұмылдыру;

- ұйымдардың басшыларын және халықты жаңа зақымдау құралдарын қолданған кезде қорғану тәсіліне және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға оқытуды ұйымдастыру,

- Азаматтық қорғанысты тікелей басқару;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс өрт және өнеркаәсіптік қауіпсіздігі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіру;

- бейбіт және соғыс уақыттарында Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу;

- өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ халықтын орындауы үшін міндетті Азаматтық қорғанысты дайындау және жүргізу мәселелері бойынша шешімдерді әзірлеу, қабылдау;

- басқару органдары мен Азаматтық қорғаныс күштерін дайындауды ұйымдастыру;

- Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мүдделерінде техниканы, корғаныс құралдарын және басқа да материалдық- техникалық құралдарды қажет ететіндігін айқындау;

- Төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

- Санатталған қалалар мен шаруашылық ету объектілерінің дәрежесіне қарау Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен ұстау бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;

- Басқарманы бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық жүйемен басқару;

- кажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды хабарландыруды ұйымдастыру;

- халыққа хабарлау және байланыс, оларды жарақтау және дамытужүйелеріндереу пайдалануға тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету;

- мониторинг, техногендік авариялар, ықтимал су тасқыны, сел жүру, сырғыма және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстар туралы халықты және шаруашылық ету субъектілерін хабарлауды ұйымдастыру;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге асыру;

- өртпен күреске олардың ведомстволық бағыныстылығынан тыс елді мекендерге және объектілерде өрт бөлімшелерінің әзірлігіне бақылауды жүзеге асыру;

- өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік орғандарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын ұйлерде бақылауды жүзеге асыру;

- Үйлерге, ғимараттарға, техникалық қондырғыларға, қауіпті өндірістік объектілердегі метариалдарға техникалык куәландыру жургізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- Ұйымдардың өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жұргізуге дайындығын бақылауды жүзеге асыру;

- Қауіпті өндіріс объектілеріндегі апатардың пайда болу себептерін тексеруді ұйымдастыру;

- Меншік нысанына қарамастан авриялық-кұтқару қызметтері мен құрамаларының қызметтерін үлестіру;

- Табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, оларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарынан халықты, елді мекендерді және шаруашылық ету объектілерін қорғау жөнінде перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеу;

- өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлар туындауға әкеп соққан авариялға, аппатарға тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізу;

- өртті табу және сөндірудің автоматтандырылған кұралдарын енгізу бойнша шараларды жүзеге асыру;

- ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жеке немесе заңды тұлғаның қызметін ішінара немесе толық тоқтату немесе тыйым салу туралы талап арыздарды жасау және оны сотқа жіберу;

- Мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа да ресурстардың қорларын пайданалу туралы Департаментке ұсыныстар енгізу;

- Меншік нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтін жұмысын үйлестіру;

- Ұйым құрамында қауіпті өндірістік объектіге сәйкестендіруге негізгі талаптарды белгілеу;

- өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында әкімшлік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісін жүзеге асыру;

- өз кұзыреті шегінде өрт жөніндегі анықтауды жүзеге асыру;

- құрылысы аяқталған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және жеке қондырғыларды пайдалануға қабылдау өртке қарсы қызмет нормалары мен ережелеріңің талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша жұмыс және мемлекеттік комиссиялар жұмысына қатысу;

- қауіпті өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдап алу бойынша комиссия жұмысына қатысу;

- салынып жатқан объектілердің олардың жобалау-сметалық құжаттамасына және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру;

- азаматтарға, мемлекеттік ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау бойынша іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар беру;

- мемлекеттік органдарға,ұйымдарға және азаматтарға міндетті күші бар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою нұсқамасын беру;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңнаманы бұзғаны үшін, міндетті күші бар нұсқамалар беру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік, учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтау, субъектілердің өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асырған, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарынорындамаған кезде ғимараттар мен құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын және өрт қауіпті жұмыстарды жургізуге тыйым салу;

- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қауіпті өндірістік объектіде авариялық қаупі бар қызметті тоқтата тұру;

- Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақауы бар техниқалық құрылғыларды, процестерді пайдалануға, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтатуға байланысты жағдайларды қоспағанда, бұл бұзушылықтарды жойғанға дейінгі кезеңге тыйым. 


 

Мекен-жайы: 071405, Семей қ., Қозбағаров көшесі, 38

E-mail: uchssemey@vkogps.kz

Басшылық

Аты-жөні

Лауазымы

Әбділов Қанат Турдыбайұлы

Семей қ. ТЖ басқармасының бастығы

Байбуров Бақытбек Қанапьяұлы

Семей қ. ТЖ басқармасының бастығының орынбасары

Даулетин Марат Оналбекович

Азамматық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі бастығыы

Темирханов Кайрат Рымбекович

Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімі

 


Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі

 

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдаукүндері мен уақыты

Мекенжайы

Байланыс телефоны

Әбділов Қанат Турдыбайұлы

Семей қ. ТЖ басқармасының бастығы

Апта сайын сейсенбіде

сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

Семей қ.  Қозбагаров көшесі, 38

8(7222) 56-04-00

Байбуров Бақытбек Қанапьяұлы

Семей қ. ТЖ басқармасының бастығының орынбасары

Апта сайын сейсенбіде,

бейсенбіде

сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін

Семей қ.  Қозбагаров көшесі, 38

8(7222) 56-01-26

 

Өтініштерді қабылдау тәртібі

 

Азаматтар мен ұжымдардың жазбаша өтініштері Семей қаласының ТЖБ кеңсесінде № 100 кабинетте қабылданады және тіркеледі. Өтініштерді қабылдау уақыты сенбі және жексенбі күндерден басқа күндері күн сайын сағ.9.00-дан 13.00-ге дейін (ерекше жағдайда, Семей қаласының ТЖБ Регламентіне сәйкес, қосымша сағ. 14.30-дан 18.30-ге дейін).

Өтініште өтінген адамның аты-жөні, СТН, тұрғылықты мекенжайы, жұмысы немесе оқу орны туралы мәліметтер, әрекеті қаралатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның аты-жөні, өтіну мотиві, өзінің талаптары көрсетіледі. Өтініште өтінген адамның қолы қойылу керек. Азаматтар, мемлекеттік тілде, ұлттық сөйлесу тілінде, ана тілінде немесе өздері білетін өзге де тілде өтініш жасауға құқылы. Жауаптар мемлекеттік тілде немесе ұлттық сөйлесу тілінде қайтарылады.

Азаматтардың өтініштері қаралады және органға түскен күннен бастап бір ай мерзімге дейін өтініш бойынша шешім қабылданады.

Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімі

Бөлімнің бастығы Шериязданов Серік Мүбаракұлы

Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімі  ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Семей қалалық Төтенеше жағдайлар басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының  Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, төтенше жағдайлар министрінің, ШҚО ТЖД, Семей қаласының ТЖБ бастығының бұйрықтарына, басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерге, Семей қаласының ТЖБ ережесіне  және ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің құрылымы ШҚО ТЖД штаттық кестесіне сәйкес анықталады.

Бөлімнің негізгі міндеттері

Семей қаласы аумағында төтенше жағдайды алдын алу мақсатында үйлестірмелі-әдістемелік және ұйымдастру жұмыстарын жүзеге асырады.

Төтенше жағдайдан экономикалық шығынды төмендету, аумақты және тұрғындарды қорғау, төтенше жағдайды алдын алу саласында мемлекеттік саясатты орындау жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.

Төтенше жағдайларды алдын алу саласында, ғылыми-техногендік сипатағы, ұйымдастыру-шаруашылық және экономикалық бағдарламаларды қамтамасыз ету жөнінде нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындауға қатысады.

 

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі

Бөлімнің бастығы подполковник Дәулетин Марат Оңалбекұлы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының  Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, Төтенше жағдайлар министрінің, төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрықтарына, басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерге және ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлім құрылымы ШҚО ТЖД штаттық кестесіне сәйкес анықталады.

Бөлімнің негізгі міндеттері

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету.

Өңдеу күні: 27-06-2011