Акимат » 112 құтқару қызметі

112 құтқару қызметі

 

Қазіргі кезде Семей қаласында 051 бірыңғай диспетчерлік құтқару қызметі (бұдан ары мәтін бойынша – БДҚ немесе құтқару қызметі), облыс Әкімінің 1999 жылғы 29 қыркүйектегі № 745 шешімі бойынша ҚР ТЖМ өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі Семей қаласының өртке қарсы қызмет жасағының (бұдан ары мәтін бойынша ҚР ТЖМ ӨСжАҚЖҚ ММ) дерекқоры негізінде құрылған. ҚР ТЖМ ӨСжАҚЖҚ ММ Семей  қаласының 2-ӨҚҚЖ дерекқоры негізінде құтқару қызметін құру тегін емес, себебі, сол кезде өртке қарсы қызметі осындай қызмет құруға барынша жабдықталған және даярланған болатын. Құтқару қызметінің міндеті төтенше жағдайлар туралы ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және қаланың тиісті шұғыл, авариялық және коммуналды қызметтеріне беру, сонымен қатар түрлі қызметтердің төтенше жағдайларға дер кезінде және шұғыл ден қоюды бақылау болып табылады. Төтенше жағдайлар туралы хабарды қабылдау үшін көпарналы тәулік бойы жұмыс істейтін 112 телефоны бар. Құтқару қызметі ақпаратты қабылдау орталығынан және ШҚО БДҚ шұғыл ден қою топтарынан тұрады. ШҚО БДҚ 1999 жылдан бастап құтқару қызметінің халықаралық конфедерациясының мүшесі болып келеді, ал  2002 жылы адамдарды құтқару және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы халықаралық байланыстың дамуына елеулі үлес қосқаны үшін конфедерацияның құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Ақпараттарды қабылдау орталығы

Ақпаратты қабылдау орталығының БДҚ 2 диспетчер кезекшілік етеді: Семей қаласының аумағында жұмыс істейтін ауысымның басқарушысы, диспетчер. Сонымен қатар кезекшілік ауысым құрамына кез-келген уақытта өртті, апатты жоюға шығып, шұғыл басшылық етуді жүзеге асыратын шұғыл кезекші кіреді. БДҚ-да 3 диспетчерге арналған жұмыс орны бар, олар ҚР ТЖМ ӨСжАҚЖҚ ММ локалды есептеу торабына қосылған персоналды компьютермен жабдықталған. Диспетчердің жұмыс орнын автоматты бағдарламалық қамтамасыз етуі авария, өрт туралы өтінішті 15 секунд ішінде өңдеуге және жағдай туындаған орынға барынша жақын орналасқан бөлімшеге автоматты түрде өртті, аварияны жоюға шығу туралы хабарлама-нарядты 30 секунд ішінде жіберуге мүмкіндік береді.  Диспетчерлердің жұмысын жеңілдету және туындаған төтенше жағдай кезінде жедел шешім қабылдау үшін БДҚ-да келесі автоматты дерекқор құрылған:
- қаланың және жақын орналасқан елдімекендердің көлік құралдар торабы (көшелер, даңғылдар, алаңдар, бульварлар, қиылыстар, көпірлер, өту жолдары, өзендер, теміржолдар, ауылдар, кенттер, бау-бақшалар); - күрделі нысандар мен ұйымдар;
- жеке иелік кооперативтер мен жергілікті басқару комитеттері.
- Семей қаласының электронды картасы жасалды.  
БДҚ-да сандық АТС негізінде өрттер мен авариялар туралы өтініштерді жедел қабылдауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы диспетчерлік телефон пультінің байланысы орнатылды.   БДҚ байланыс арнасы өтетін барлық  сөйлесулер компьютердің дыбыс жазу құрылғысында жазылып отырады және шексіз сақталады. БДҚ радиобайланыс құралдарымен жабдықталған, сонымен қатар ТЖ жөніндегі облыстық басқару құрамына кіретін Семей қаласының шұғыл ден қою отряды мен бөлімшелердің жеке құрамын шұғыл жинау үшін пейжджингтік байланыспен қамтамасыз етілген. БДҚ-да облыстың және қаланың ТЖ басқармасы, апаттардың медицина орталығы, облыстық және қалалық әкімдік, жедел жәрдем, жол-көлік полиция басқармасы, ІІБ шұғыл басқапру орталығы, қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің диспетчерлік байланыс пунктінің компьютерлері қосылған қаланың барлық аумағын қамтитын радиоарна бойынша деректерді жіберудің ақпарттық есептеу торабы жұмыс істейді. 

Өңдеу күні: 27-06-2011