Акимат » Құрметті туристер, Семей шаһарына хош келдіңіздер!

Құрметті туристер, Семей шаһарына хош келдіңіздер!

Семейдің туристік фирмалары демалыс және емдеу бойынша қызметтерді Ертіс бойындағы «Строитель» профилакториінде, «Боровлянка» қарағайлы орманда, Шүлбі жағалауындағы Шүлбі су қоймасында, сондай-ақ Алакөл көлінде демалысты өткізуді ұйымдастыра алады. 

Туристер үшін Еуразия континентінің географиялық орталығына апаратын қызықты туристік бағыттар ұсынылады. Бұл бағыттар тағдырдың жазуымен атақты Шыңғысханның ордасы мен Абай Құнанбайұлының қорық-мұражайының көрші келуі таң қаларлық құбылыс. Көк аспанға бой тартқан Абай мен Шәкәрімнің күмбезді мазарлары, Тоқтамыс хан мен Мамай батыр мазарлары да тарихтан сыр шертеді. Амфитеатр кешенінде этнографиялық ұжымдардың тамылжыта салған әнін тыңдап, қазақтың киіз үйінде отырып әр түрлі ұлттық тағамдардан дәм татуға да мүмкіндік бар. Туристер сәйгүліктермен серуендеп, дала кемесі түйемен қыдырып, ұлттық киімдерді киіп суретке де түсе алады. Ұлттық аңшылық өнермен танысып, қазақ ұлтының атты спорт ойындарына қатысып, өз бақтарын сынауларына мүмкіндік бар.

Бұл бағыттардың құрамдас бөлігі «Еңлік-Кебек» ескерткіші махаббат үшін құрбан болған жастарды еске түсіреді. Абайдың асыл жарлары Ділдә мен Әйгерім мазарлары, Мұхтар Әуезовтың әдеби мемориалдық мұражайы мен оның ата – анасының мазарлары да туристер үшін қызықты болары сөзсіз. Бағыттар соңында достық пен мәдениеттер қауышуының символына арналған « Гете – Лермонтов – Абай» мемориалды кешеніне ат басын тірейміз.

Табиғаттың ерекше ілтипатпен жасалған  «Қоңыр әулие» үңгірінен және адам ескерткішінен тұрады. Мұнда әлі күнге дейін толық зерттеліп болмаған жер асты көлі бар.

Семейге жақын орналасқан кеңестік ядролық сынақ полигонының орыны «Қырғи қабақ соғыстың» суық ызғарын еске түсіреді. Бұл маршрутта туристер ядролық сынақ құрбандарына арналған ескерткішпен, анатомиялық, тарихи-өлкетану мұражайларымен ғана танысып қоймай, ядролық сынақтардың жер – анаға салған үлкен жарасы «атом көлін» де көре алады.

Семей туризм бизнесінің орталығы ретінде де өзіне жұртшылықты тартады. Туристер үшін, алдын ала келісіммен кәсіпкерлік бөлімі қаланың іскер қауымымен кездесуді ұйымдастырады, соның ішінде көмір, алтын, молибден және басқа да пайдалы қазбаларды шығаратын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен, цемент, кірпіш, шифер, кабель-желі өнімін өндіретін, тігін, тон және былғары өнімін шығаратын, аяқ-киім, жүн, ұн, құрама жем, консервілерді және азық-түліктің кең түр-түрін өндіретін кәсіпорындарымен таныстырады.

Семейде конгрестік туризм үшін барлық жағдайлар жасалған. Іскерлік кездесулерге  де, конференцияларға, симпозиумдерге  арналған әр түрлі залдар қандай да болсын талапқа сай. Семейді қазіргі кезде әйгілі халықаралық, республикалық спорт сайыстарын өткізу үшін жиі таңдайды.

Туристерге қала театрлары, көптеген мейрамханалар, кафе, түнгі клубтар, бильярд салондары, сауналар, қазіргі заманғы аквапарк, дамыған сауда орталықтары бар ықыластарымен қызмет етеді.

Осының барлығы сіздердің көңіліңізде біздің қаламыздың бейнесін жарқын да, сымбатты түрде сақтауыңызға көмектесетініне сенімдіміз.

Біз сіздерді асыға күтеміз!

Өңдеу күні: 16-01-2017