Акимат » Семей қаласындағы жастар саясаты 2018 жылдың 1 қазанға

Семей қаласындағы жастар саясаты 2018 жылдың 1 қазанға

Семей қаласы  жастарының саны 88192 адам, яғни жалпы халық санының 25,6 % құрайды.
Қалада жұмыс жасайтын 4 жоғарғы және  29 арнайы-орта білім беретін оқу орындарында 34 318 студент білім алуда (ЖОО -17301,  колледж - 17017).
Қала әкімдігі жанында мемлекеттік жастар  саясатын іске асыру саласындағы консультативті-кеңесші орган Жастар істері жөніндегі Кеңес жұмыс жасайды. Кеңес құрамына мемлекеттік органдар басшылары мен жастар ұйымдарының жетекшілері енгізілген. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Кеңестің 3 отырысы өткізілді. 
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мен «Жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы жұмысқа орналастыруға көмектер көрсетілуде. Әлеуметтік жұмыс орындарына - жастар санатынан 188 жұмыссыз орналастырылды. Жастар тәжірибесіне – 472 жұмыссыз жас қатысты. Қоғамдық жұмыстарда жұмыссыз жастар сантынан 83 адам қатысты.
Жыл көлемінде  қала жастарының қатысуымен түрлі форматта  108 іс-шара өткізіліп, 54 мың адам қамтылды, оның ішінде. 
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталып өткізілген  шаралар республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде жарияланып отырады.
2018 жылдың есептік кезеңінде  әлеуметтік желілер мен баспа бұқаралық ақпарат құралдарында мақала 202 («Семей таңы», «Вести Семей» газеттері), «Қазақстан - Семей», «ТВК-6» телеарналарында 27 сюжет.
 
 
 
Ішкі саясат бөлімі
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 22-10-2018