Акимат » Семей қаласындағы дін туралы 2018 жылдың 1 қазанына

Семей қаласындағы дін туралы 2018 жылдың 1 қазанына

Бүгіңгі күнде қалада 19-исламдық (54%), 4 – православиялық (11 %), 2 – католиктік (6%), 10 – протестанттық (29%) тіркелген діни бірлестік бар. Барлығында тіркелгендік туралы құжаттары бар. 

Барлық діни бірлестіктермен қарым-қатынас орнатылған. Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері діни мекемелерінде болады. 

2012 жылғы 25 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңына сәйкес діни бірлестіктерді қайта тіркеу жүргізілді. Аталған жұмыс қаланың діни бірлестіктерін 30%-ға қысқартты.   (50-ден 35-ке дейін).

Қайта тіркеу қорытындысы туралы ақпарат: 

Дінибірлестіктер

2012 жылдың

25 қазанынадейін

2012 жылдың

25 қазанынанкейін

1

Ислам

19

19

2

Православиелік

4

4

3

Католиктік

1

2

4

Протестанттық

25

10

        Барлығы:

49

35

 

 

 

Семей қаласындабойыншадінибірлестіктердіңтізімі: 

 

Дінибірлестіктер

Қалада

Қалааумағында

Барлығы

1

Ислам

10

9

19

2

Православиелік

2

2

4

3

Католиктік

2

-

2

4

Протестанттық

8

2

10

Барлығы:

22

13

35

 

 

ШығысҚазақстаноблысыәкімініңқаулысынасәйкесқаламызда, діниәдебиеттер мен басқа да ақпараттықматериалдардытаратуғаарналған7стационарлықғимаратжәне діни ғимараттардан тыс, діни құлшылықты жасауға араналған арнайы 6 орын анықталған.:

1) «Арғымақ» саудаүйі(Засядко, 86 көшесі–«Солтанбекова Ж.»жеке кәсіпкер);

2) «Талғау» саудаүйі(Аймаутова, 83көшесі -№14 бутигі);

3) «Талғау» саудаүйі(Аймаутова, 83көшесі- «Muslima» бутигі);

4) «Книгиня» дүкені(Уранхаева, 65көшесі); 

5) «Рахат» саудаүйі(К. Мухамедкановакөшесі- «Березуцкая Н.»жеке кәсіпкер);

6) «Корпорация «Ақшын»ЖШС(Засядко, 65 көшесі– зергерлік өнімдерді сату бойынша нарық).

5 діни мекемелерден тыс жерде діни құлшылықты жасауға арналған ғимарат:

1) «Талғау»СҮ - намазхана; 

2) Шугаев көшесі №27/4 – намазхана;

3) Павлов көшесі №85а, мешітғимараты; 

4) «Жансая»СҮ - намазхана;

5) Народная көшесі – Святителя Николая атындағы часовнясы. 

2018 жылдың басынан249 ісшара (171 – кездесу, 6 -«дөңгелек үстел», 8 - лекция, 4 – семинар, 46- жеке кездесулер (оның ішінде дәстүрлі емес дін өкілдерімен), және 14 басқада ісшаралар ұйымдастырылды).

Ісшаралардың негізгі қатысушылары еңбек ұжымдары, жастар, ЖОО және колледж студенттері (оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер) т.б.

Ісшаралар ақпараттық түсіндіру тобының жоспарына сәйкес ұйымдастырылды (қала әкімі бекіткен), сонымен қатар басқада мекемелердің шақыруымен.

Оқу орындарында оқитындармен 47 ісшара өткізілді, қаламыздың мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде -78 ісшара, әскери бөлімдерде – 34 кездесу, 28 іс-шара кәсіпорында, ислам және христиан бағытындағы діни бірлестіктерінің өкілдерімен 10 әңгіме, ҚАЖД мекемесінде 6 іс-шара және 46азаматтарымен жеке кездесу болып өтті.Аталмыш ісшаралар 12 577 адамды қамтыды.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жұмысының жемісті өтуі үшін, тұрғындарға дұрыс және уақытылы ақпаратты жеткізу керек. Сондықтан діни негіздегі радикалдық іс-қимылдардың алдын-алу үшін қаламыздың ірі газеттерінде «Семей таңы», «Вести Семей», т.б. әр түрлі материалдар жарыққа шықты.Сонымен қатар дұрыс діни ақпаратты, қала тұрғындарға «Ислам нұры» газеттіненалуға болады.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік ақпараттық тапсырысына сәйкес «ТВК-6» арнасында әр аптаның жұма күндері «Жұмадағы жүздесу» атты телебағдарлама көрсетіледі. «Қазақстан-Семей» телеарнасында «Сіздің сұрағыңыздың уақыты» бағдарламасында және жаңалықтарда рухани-адамгершілік тәрбиелеу және дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері көтерілді.

Интернет ресурстары да кең көлемде қолдануда. Бүгіңгі күні орталық Мешітте және православ Шіркеуінде нақты ақпарат алуға мүмкіндік беретін, өздерінің жеке интернет-сайттары бар.

Сонымен қатар ұлтаралаық және конфессияаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ақпараттық материалдар қала әкімінің ресми веб-сайтында және республикалық ақпараттық сайттарда жарияланып отырады. (akimsemey.gov.kz, altaynews.kz, inform.kz, interfax.kz, kt.kz, baq.kz, bnews.kz, i-news.kz). 

Жалпы қалалық БАҚ-да  332 материал (баспа құралдарында –38, 18 –телебағдарлама,276 – интернет-сайттарындағы хабарлама). Конфессияаралық бірлікті насихаттау мақсатында, ішкі саясат бөлімі сыртқы жарнама (Баннер) құралдарын кенінен пайдаланады. Семей қаласының аумағында экстремизге қарсы 6, ал ұлтаралалық келісім мен тұрақтылықты насихаттайтын 10-нан астам баннер орнатылды.

Ішкі саясат бөлімінің жанында «Фейсбук», «Вконтакте», және «Твиттер» сияқты ірі әлеуметтік желілерінде, корпоритивті беттер ашылды. Олардың ішіне 266 (діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға арналға видео роликтер) жарияланды.

                                                                                               ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі


 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2015 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2014 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2013 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2012 жылға
 
 
Семей қаласындағы дін туралы 2011 жылға
Өңдеу күні: 12-10-2018