Акимат » Семей қаласындағы денсаулық сақтау 2018 жылдың 1 сәуіріне

Семей қаласындағы денсаулық сақтау 2018 жылдың 1 сәуіріне

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызмет негізгі әлеуметтік маңызы бар сырқаттармен науқастану және өлім-жітімді төмендетуге бағытталған. 
2017 жылы заманауи медициналық жабдықтармен жарақтау және медициналық жұмысшыларды оқыту кіретін денсаулық сақтау жүйесіннің тиімділігін жақсарту жөніндегі ШҚО әкімі Д. Ахметовтің 3 жылдық бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Жергілікті бюджет құралдарынан 2 млрд. 31,7 млн. теңге сомасына – 414 бірлік медициналық жабдықпен жабдықталды.  
Облыстық әкімдікпен ШҚО бойынша мамандарды оқыту үшін басымды бағытттар: ана мен баланы қорғау, онкологиялық, кардиологиялық және травматологиялық қызмет бойынша 44 196,4 мың теңгеден астам бөлінді.
Мемлекеттік медициналық университет базасында 2017 жылы І деңгейде Семей қ. бойынша 955 маман оқытылды.
ІІ деңгей бойынша 385 маман (Өңірлік онкологиялық диспансер, Перинатальдық орталық базасында Жапония, Ресей, Молдова, Республикалық орталық мамандарымен шеберлер-класы өткізілді) оқытылды.         
ІІІ деңгейде халықаралық стандарттарға сәйкес шетелдік клиникаларда 28 маман (Жедел медициналық жәрдем ауруханасы – 9, Өңірлік онкологиялық диспансер -10, Перинатальдық орталық - 9) оқудан өтті, одан әрі қаланың медициналық ұйымдарының мамандарын орындарда тік құралымды оқытумен.
ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы – бұл саланы жеделдетілген технологиялық жаңғыртуы. Денсаулық сақтау саласында цифрлік сервистердің қолданылуымен жаңа бағыттар құрылып жатыр. 
2017 жылғы тамыз айынан екі медициналық ұйымдарда (Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Кеңестік – диагностикалық орталық) «ДАМУ» кешенді медициналық ақпараттық жүйесін (КМАЖ) еңгізу бойынша сынамалық жобаны іске асыру басталды 
2018 жылғы қаңтар айынан бастап амбулатория деңгейінде кепілді тегін медициналық көмек көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында тұрғындарға дәрілік заттарды жеткізуді «СК Фармация» бірыңғай дистрибьюторымен қамтамасыз етіледі. 
 
 

Семей қаласындағы денсаулық сақтау 2017 жыл

Семей қаласындағы денсаулық сақтау 2016 жыл

 

Өңдеу күні: 23-05-2018