Акимат » Семей қаласындағы жер қатынастары 2017 жылдың 1 қазанына

Семей қаласындағы жер қатынастары 2017 жылдың 1 қазанына

Мемлекет Басшысының «Қалыптасқан мемлкеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан-2050» стратегиясының және 100 нақты қадам ұлттық жоспарын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің іс-шара жоспары аясында Семей қаласының іс-шара жоспары жасалды.  
«Қазақстан-2050» стратегиясында атап айтылғандай халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызыметтер қала әкімі сайтына орналастырылған. Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік қызметтер туралы статистикалық есепті ақпараттар технологиясы бөліміне уақытымен жолданып отырады. Сол бойынша мемлекеттік органның атқарылған жұмысы бағаланады.
Семей қаласы аумағының даму бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтинг көрсеткіштері бойынша Семей қаласының жер қатынастары бөлімімен орындалады. Ауыл шаруашылық айналымдағы егістік жерлерін алаңдарын пайдалануын ұлғайтып қана қоймай, жайылымдық алқаптарды ұтымды пайдалануы бөлімінің стратегиялық мақсаты болып табылады. 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 36 қадамында, ауыл шаруашылық жерлерді пайдалану бойынша тұрақты мониторингі жүргізіліп, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін жеңілдетуі қолданылады. Әрі қарай жекешелендіру мақсатында барлық пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік қорға өткізіледі. Ауыл шаруашылық арасындағы құрылымдарды енгізу үшін ауыл шаруашылық бөліміне дейін жайылымдық алқаптарды түбегейлі жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары жеткізілді. 
Семей қаласының аумағы 2017 жылдың 1 қаңтары жағдайына 2780,7 мың га, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінің ауданы 996,8 мың га, ол 36 % құрайды, оның ішінде 11,7 мың га егістік жер, ол ауыл щаруашылық мақсатындағы жерлер ауданынан 1,2 % құрайды және 4,9 мың га жыртылған жерлер, ол ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер ауданынан 0,5 % құрайды.
Қаланың босалқы жер қоры 1 371,1 мың га құрайды, оның 460,3 мың га арнайы жер қоры.
2017 жылдың 1 қазанға жер жөніндегі сұрақтар бойынша 742 хат, оның ішінде заңды тұлғалардан 154 жеке тұлғалардан 588 өтініш келіп түсті. Осы уақытта жер комиссиясының 24 отырысында 2439 сұрақ қаралды. Жер қатынастары сұрақтары бойынша 1172 қала әкімдігінің қаулысы қабылданып, соның нәтижесінде заңды және жеке тұлғаларымен 621 жалға беру және  379 сату-сатып алу шарттары жасалды.
Өткен кезеңде жергілікті бюджетке түскен түсімдер: 
105315 КБК - жалға алудан төленетін түсімдер 103,7 млн теңге құрады.
303101 КБК –  жеке меншік құқығын сатудан түсімдер 152,7 млн. құрады. 
303202 КБК –  жалға алу құқығын сатудан түсімдер 45,6 құрады.
Барлығы 3 КБК бойынша бюджетке түскен түсімдер 301,8 млн. тенге. 
 
2017 жылдың 1 қазанға түсімдер бойынша жоспардың орындалуы
 

Атауы

2017 жылға жоспар

2017 жылдың 1 қазанға  орындалуы

1.09.2017 ж. жоспар

1.09.2017 ж. түсімдер

ауытқуы

%

 

105315

122 000,0

95 000,0

103 625,0

+8625,5

109

303101

215 000,0

153 200,0

152 606,6

-593,4

100

303202

20 000,0

20 000,0

45 554,9

+25554,9

227

Барлығы:

357 000,0

268 200,0

301 786,5

33 587,0

112

 
 
Бөліммен қала маңындағы жер телімдерін сату бойынша  2 аукцион өткізілді. 
2017 жылы бірінші аукционда бастапқы жеке меншікке сату бағасы 2,7 млн теңгені құрап 4,2 млн теңге сатылды. Жалға алу құқығын сату бастапқы бағасы 1,8 мың теңгені құрап 2,2 млн теңге сатылды. 
2017 жылы екінші аукционда бастапқы жеке меншікке сату бағасы 0,6 млн теңгені құрап 3,9 млн теңге сатылды. Жалға алу құқығын сату бастапқы бағасы 1,6 млн теңгені құрап 1,8 млн теңге сатылды. 
Шаруа (фермер) қожалықтарын жүргізу үшін конкурс өткізіліп, ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы ауданы - 40,1 мың га құрайтын 44 жер учаскесі берілді. Дауыс беру нәтижесі бойынша агроқұрылымдарға жалпы алаңы 34,9 мың га 36 жер учаскесі берілді, оның ішінде егістік – 0,5 мың га, жайылым –34,1 мың га, шабындық – 0,2 мың га.
Өткен кезеңде  иесіз мүлік есебіне жалпы алаңы 17196,7106 га болатын 127 жер учаскесі, оның ішінде бағбандық үшін алаңы 6,5749 га болатын 101 жер учаскесі, шаруа қожалықтарын жүргізу үшін алаңы 17185,8 га құрайтын 8 жер учаскесі және басқа да ауылшаруашылық емес кәсіпорындарының алаңы 4,3357 га құрайтын 16  жер учаскесі алынды.  
Бағбандық үшін берілген жер телімдерін түгендеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Сот шешімдері бойынша мемлекеттік меншікке жалпы алаңы 15,2826 га құрайтын 231 иесіз жер учаскелері қайтарылды, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша одан әрі пайдалану үшін  180 жер учаскесі берілді. 
Бөлімде жеке тұрғын  үй құрлысын салу үшін жер телімін алуға арнайы кезек қарастырылған. 2017 жылдың 1 қазанға сәйкес арнайы кезекте - 24065 азамат тіркелген. Жер берілетін алаңдарда инженерлік, коммуналдық дайындықтары болмағандықтан, кейінгі жылдары жер телімдері осы мақсатта  берілмегендіктен кезек саны өсіп отыр. Қазіргі уақытта жеке тұрғын уй құрылысы үшін жер учаскелерін кезең-кезеңімен әзірлеу алгоритмі құрастырылып, 2017 жылдың 2031 жылға дейін жұмыс түрлеріне бөлінді. 
2017 жылдың бірінші жарты жылдығында тексеру барысында 14 шаруа қожалықтарының жер учаскелеріне қатысты, мал бастары (ІҚМ, ҰҚМ) 1 га нормасына сәйкес еместігі анықталды. Тиісті шаралар қабылдану үшін ШҚО жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасына деректер жіберілді. 
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау бойынша оларды мемлекет меншігіне қайта қайтару жұмыстары жүргізілді. Сот шешімдерінің және  ЖАО қаулысының күшін жою негізінде мемлекеттік меншікке қолданылмайтын шаруа қожалық және жеке тұлға жерлері қайтарылды, жалпы аланы – 4532,7 га құрады. 
2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген «Жер заң бойынша – өз еркімен басып алуды тоқтатайық» атты жобаны іске асыру мақсатында, бөліммен Семей қаласы прокуратурасымен,  сәулет және қала құрылысы бөлімімен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы - жер кадастры департаментімен,  ШҚО бойынша жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасымен және Семей қаласының ішкі істер басқармасымен бірлесіп, жобаны іске асыру шеңберінде мобильді топ құрылған. Мобильдік топпен бекітілген кестеге сәйкес Семей қаласы аумағы бойынша жер телімдерін заңсыз басып алу жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. 
Бөлім жер телімдерін сатып алу-сату, жер телімдерін жалдау және жер телімдерін уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттардың шарттарының орындалуын қадағалау функцияларын атқарады.
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау бойынша оларды мемлекет меншігіне қайта қайтару жұмыстары жүргізілді. Сот шешімдерінің және  ЖАО қаулысының күшін жою негізінде мемлекеттік меншікке қолданылмайтын шаруа қожалық және жеке тұлға жерлері қайтарылды, жалпы аланы – 4532,7 га сонын ішінде: "Ай - Кат" - 15,5 га (фрегат № 22), "Алина"  - 40,0 га,  "Жасулан" - 1000,0 га,  "Көкпек" - 3,0 га,  "Мырзахмет" – 2100,0 га, ,  "Сабыржан" – 100,0 га,   "Ташпай" – 9,0 га, Сарсенбаев С.Р. - 65,2 га, к/х «Каратумсык-1» -1200,0 га.
2016 жылғы 15 қыркүйекте № 5/45-VI «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» және  2016 жылғы 29 қарашадағы № 8/60-VI «Жер салығының түзету коэффициенттері туралы» қала мәслихатының шешімдері қабылданған.
2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 248 облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес Семей қаласының бас жоспарын бекітілуіне дейін жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін берілмеуі жөнінде шешім қабылданды. Қаланың бас жоспары 2011жылғы 25 маусымдағы № 707 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Осыған орай 2014 жылдың маусым айында егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары әзірленіп, бекітілді. Көрсетілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес тұрғын алаптарының құрылсы «Қарағайлы», «Семейтау» ықшам аудандарында және «Суықбұлақ» тұрғын ауданында салынуы анықталған. Алайда, көрсетілген алаптар қажетті инженерлік инфроқұрылымдармен қамтамасыз етілмегендіктен, коммерциалық тұрғын үй құрылсына және жер учаскелерінің сұранысына және игерілуіне кедергі келтіруде. 
Қаланың негізгі аумағында толықтай дерлік құрылыс салынған. Тұрғын үй коммерциялық объектілері негізінен басқа мақсатқа бұрын берілген жер учаскелерінде немесе екінші деңгейдегі нарықтан алынған жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту нәтижесімен салынуда. 
 
Жер қатынастары бөлімі
 
 

 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 12-10-2017