Акимат » Семей қаласында білім беру жүйесінің дамуы 2010 жыл

Семей қаласында білім беру жүйесінің дамуы 2010 жыл

 

2011 жылдың 1 қаңтарына қалалық білім бөлімі жүйесінде 75 мектеп, 2 кешкі мектеп, 13 мектепке дейінгі мекеме, 11 мектептен тыс мекеме, 1 күнкөрісі төмен және көп балалы отбасылардың балаларына арналған интернат, 1 оқу-компьютер орталығы жұмыс істеді.
 
75 мектептің ішінде 64-і - орта, 6 - негізгі, 3 - бастауыш мектеп, 2 мектеп-бақша бар. Оқыту 27 мектепте мемлекеттік тілде, 14 мектепте - орыс тілінде, 34 мектепте екі тілде жүргізіледі. 23 мектеп ауылдық жерлерде, 52-і қалада орналасқан. 201 жылдың 1 қаңтарына оқушылар саны 38060 адам құрады, мектепалды даярлықпен 2974 бала қамтылған. 
 
Сонымен бірге, қаланың білім беру жүйесінде 12 жеке меншік нысанындағы мекеме, оның ішінде 4 мектеп, 5 мектепке дейінгі мекеме, 3 кәсіптік мектеп жұмыс істейді.
 
2010 жылы Юность кентінде мемлекеттік тілде оқытатын 320 орындық балалар бақшасы, Суық бұлақ кентінде 400 орындық жалпы орта білім беретін мектеп, толық күн болатын 50 орындық «Балауса» және 80 орындық «Аружан» мемлекеттік мектепке дейінгі шағын орталықтары ашылды. Сонымен бірге, «Балапан» бағдарламасын іске асыру шектерінде 9 жалпы орта білім беретін мектеп: №№ 3, 8, 10, 22, 25, 32, 36, 38, 48 мектептердің жанынан шағын орталықтың толық күн болатын 14 мектепке дейінгі тобы ашылды, 25 жалпы орта білім беретін мектептің жанында жұмыс істейтін шағын орталықтарда қысқа уақыт болатын қосымша топтар, барлығы 37 топ (925 орын) ашылды. 2010 жылдың аяғына мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтарда мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен барлығы 7960 бала немесе 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 80,5% қамтылды.
 
Білім бөлімінің 2010 жылғы бюджеті 5 167 683,0 мың теңге құрады, оның ішінде 351 326 мың теңге республикалық трансферттер есебінен. 2010 жылғы 31.12-ге қарағанда игеру 100% құрады.
 
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 48 672,0 мың теңге (оның ішінде республикалық трансфеттер есебінен 46 981 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 1 705 мың теңге) бөлінді, олардан:           
-2 биология кабинетін сатып алуға – 8 194,0 мың теңге;
-7 мультимедиа кабинетін сатып алуға – 38 773,0 мың теңге;
-жылу есептегіштер сатып алуға – 1 705,0 мың теңге.
 
«Балапан» бағдарламасы бойынша 92 625,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарла мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 26 556,0 мың теңге, мектептердің жанындағы шағын орталықтарды ұстауға – 66 069,0 мың теңге.
 
2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі және ағымдағы жөндеуге білім беру мекемелеріне 216 894,0 мың теңге бөлінді (оның ішінде 136 629 мың теңге республикалық бюджеттен, 80 265 мың теңге жергілікті бюджеттен), 216 825,375 мың теңге игерілді, оның ішінде 9 нысандау 305,115 мың теңге сомаға күрделі жөнделді, 22 нысанда 122 520,260 мың теңге сомаға ағымдағы жөндеу жүргізілді.
 
 2010 жыл бойы Президенттің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» аталатын Жолдауын насихаттауға және түсіндіруге көңіл бөлінді. 93 ақпараттық-насихаттық топ (274 адам) еңбек ұжымдарында жүйелі түрде әңгімелер өткізді, мектеп оқушыларымен тарих сабақтарында сынып сағаттары өткізілді. Мектеп кітапханаларында осы тақырып бойынша әдебиет топталған мүйістер ресімделді. Жолдау бойынша стенділер қойылды.
 
2010 жылы мынадай ірі іс-шаралар өткізілді:
 
- ақпанның 1-інен 28-іне дейін әскери-патриотық тәрбие бойынша Жеңістің 65 жылдығына арналған айлық, оның шектерінде патриоттық әндер конкурсы, «Жігіт сұлтаны» конкурсы өтті. 20 мектеп мұражайы Жеңістің мерейтойын қарсы алу жөніндегі қалалық конкурсқа өз материалдарын ұсынды. Компьютер орталығында 23  ақпанда Жеңістің 65 жылдығына арналған «Кәсібі бойынша үздік – ДЭМ операторы» қалалық конкурсының қорытынды кезеңі өтіп, оның барысында оқушылар компьютерлік технологиялар арқылы Ұлы Отан соғысымен байланысты тақырыптарды ашты. №№ 1, 12, 22 ОМ оқушыларының жұмыстары үздік таныстырылымдар деп танылды;
 
-18 наурызда  № 6 МГ негізінде «ОНЛАЙН» режимінде ғылым негіздері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Қазылар алқасының шешімімен қала мектептерінен 22 қатынасушы облыстық кезеңге жіберілді;   
 
- ақпанда «Жасөспірім музыкашы» 44-інші қалалық конкурсы өтті, 12 жеңімпаз және № 3 мектеп-кешеннің хор ұжымы облыстық конкурсқа қатынасып, онда үш бірінші орын, бір екінші орын және үш үшінші орын алды. Әсел Рахымова (№ 1 БММ) және Елжан Жұманова (ТӨМ) Алматы қаласында өткен «Жасөспірім музыкашы» республикалық конкурсына қатынасты. Әсел Рахымова (№ 1 БММ, № 28 ОМ оқушысы) фортепьяно сыныбы бойынша 2 орын алды;
 
- маусымның 5-інен 11-іне дейін қала мектептерін бітірушілер ҰБТ тапсырды. ҰБТ-ға 2449 оқушыдан 2174 түлек немесе 88,7% қатынасты, қалғандары емтиханды дәстүрлі түрде тапсырды. ҰБТ тапсырған оқушылардың орта баллы 88,1 құрады, 2009 жылы – 74,1. № 21 ОМ оқушысы Азамат Қажымұрат Семейде алғаш рет ең жоғары 125 балл жинады. Барлығы 667 оқушы 100 және одан көп балл жинады, бұл өткен жылғыдан 13,3% артық. 25 түлек немесе 71,4% «Алтын белгіні», 22 адам (58%) үздік аттестатты бекітті. ҰБТ-да экономикалық лицейдің, № 6 гимназияның № 5 мектеп-гимназияны, № 37 гимназияның, № 40 орта мектептің түлектері ең жақсы жетістіктер көрсетті. Осы мекемелерде ҰБТ бойынша орта балл 100 және одан көп балл құрады;
 
- балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін қала бюджетінен 8,8 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы жазғы демалысты қаржыландыру 2009 жылмен салыстырғанда 1,8 млн. теңгеге ұлғайды. Осы қаражаттан 4,7 млн. теңге жетім балалар мен күнкөрісі төмен отбасылардың балалары үшін қала сыртындағы лагерьлерге тегін жолдамалар сатып алуға және мектеп жанындағы лагерьлерде ыстық тамақтандыру ұйымдастыруға жұмсалды. 3 қала сыртындағы лагерь, 65 мектеп жанындағы лагерь, 1 жазғы оқыту алаңы, 2 ойын алаңы, биологиялық орталықта бейінді лагерь ашылды. 2010 жылдың жазы кезеңінде демалыспен және жұмыспен қамтудың барлық нысандарымен барлығы 32590 бала қамтылды, бұл оқушылардың жалпы санының 90,3% құрайды;
 
- қыркүйектің 7-сінен 9-ына дейін Қазақстанның мектеп оқушылары арасында Абай оқулары өткізілді. Семей қаласы № 5 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Гүлсая Тілеубалдинова «Өлең – сөзідң патшасы, сөз сарасы» аталымында 1 орын алды; 
 
-24 қыркүйекте «Спартак» стадионында қала Әкімінің жүлдесіне «Былғары доп – 2010» турнирі салтантты түрде жабылды. Турнир бүкіл жаз бойы жалғасып, оған 2000-нан астам бала мен жеткіншек қатынасты;
 
 -«Жылдың үздік директоры» облыстық конкурсында № 11 орта мектептің директоры Н.А.Фесенко Бас жүлдені, «Жылдың үздік мұғалімі» конкурсында № 6 мектеп-гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Т.А.Суханова үшінші орынды, «Үздік ұйымдастырушы-тәрбиеші» конкурсында № 38 мектеп-лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Л. С. Шахворостова, Г. Б. Рахымбаева 1 орынды жеңіп алды, № 2 ОМ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е. В. Левандовская 3 орын алды;
 
-28 желтоқсанда қала әкімінің 230 жетім балаға, күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына және Абыралы өңірінің 200 баласына арналған Жаңажылдық шыршасы өткізілді. Шыршаға барлық қатынасушылар қала әкімінен тартулар алды. Оған қоса қала мектептерінің 9 оқушысы Президенттің Жаңажылдық шыршасына және 12 бала облыс әкімінің шыршасына қатынасты.
 
Ағымдағы жылы 610 педагог аттестаттаудан өтті, оның ішінде жоғары санатқа – 275, бірінші санатқа – 335 педагог. Аттестаттау қала педагогтерінің кәсіби өсуін, кәсіптік құзыреттілігінің дамуын, мұғалімдеріміздің зерттеу жұмысының жоғары деңгейін көрсетті, оған қаланың бірқатар мұғалімдерін мерзімінен бұрын аттестаттау айғақ. Биылғы жылы алғаш рет ҚР БҒМ 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлерді  аттестаттау ережесіне» сәйкес аттестаттау рәсіміне педагог қызметкерлерді  аттестаттаудың бірінші кезеңі ретінде педагогтің теориялық білімін сырттай бағалау енгізілді. Тәуелсіз біліктілік тестілеуі қаланың 6 мектебінің негізінде өткізіліп, 1091 мұғалім тестілеуден өтті. 2010 жылы 1282 мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Өңдеу күні: 20-07-2011