Акимат » Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2018 жылдың 1 сәуіріне

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2018 жылдың 1 сәуіріне

Мектепке дейінгі білім
Семей қаласында 55 мектепке дейінгі ұйым (16 мемлекеттік, 39 жеке-меншік) және мектеп жанындағы 42 шағын орталық қызмет етеді. Балабақшалар мен шағын-орталықтарда барлығы 12 мыңнан астам бала қамтылған. 
3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту – 100% құрайды, 1-6 жас 84%. Балабақшаға кезекте 1-6 жастағы 4938 бала тұр.
3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім беру бойынша жұмыс жалғасуда. «Ұшақтар» кентінде 280 орынға және «Қарағайлы» кентінде 320 орынға  2 балабақшаны салу құрылысы басталды.
Мектепке дейінгі мекемелерде 890 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 13,0 % -жоғары санатты, бірінші санатты – 14,3%,  екінші санатты – 27,7 %, санатсыз- 44,8 %. 
Семей қаласының балабақшаларында оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды: ойын, жеке тұлғаға бағытталған белсенді оқыту, жобалау, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану жұмыстары жалғасуда. 2016-2019 жылдарға арналған көптілділік білім беруді дамыту мектепке дейінгі мекемелерде үш тіл: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерту арқылы жүзеге асырылады.  
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үрдісі мемлекеттік стандарт, типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асады.
Орта білім беру
Жалпы білім беру мекемелер жүйесі – 71 мекемемен қамтылған: 67 - мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер; 2- жеке меншік; 2 - кешкі. Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер саны – 25, орыс тілінде  - 9, оқыту екі тілде білім беретін мектептер -33. Мемлекеттік мектептерде 1-11 сыныптар аралығында 43463 оқушы білім алды (2016 ж.-41939, 2015ж. – 39636). Олардың ішінде қалалық жерлерде -41206   (2016 ж.-39625, 2015ж.-3711, 2014ж.-35719) оқушы, ауылдық жерлерде – 2257  (2016 ж-2314, 2015 ж. – 2325, 2014 ж. –2404, 2013ж. – 2470) оқушы. Семей өңірі бойынша 14 – шағын жинақталған мектеп, олардың ішінде 5 – негізгі, 9- орта, контингенті- 1433,  мектеп алды даярлықты қосқанда-1625 (2016ж.-1271, мектеп алды даярлықты қосқанда -1447) оқушыны құрайды.
Оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы 63,2 % пайызды құрайды. Мектеп жасындағы барлық балаларды жалпы орта білім берумен қамту міндетті. Аталған сұрақ үнемі бақылауда, білім бөлімі жергілікті полиция қызметімен бірлескен жұмыс жүргізеді. 2018 жылдың І тоқсанының аяғында оқушылардың мектепке орынсыз себептермен 10 және одан артық күнтізбелік күн келмеу фактілері болған жоқ.
Қорытынды аттестаттау
Білім беру мазмұнын жаңарту негізінде қорытынды аттестаттау да өзгертілді. Мемлекеттік бітіру емтиханы-орта мектеп курсын тәмамдағаны туралы аттестат алу үшін қорытынды аттестаттау өткізілді. 2016-2017 оқу жылындағы түлектер саны 1701, былтырғы оқу жылына қарағанда 162 адамға артық. Қорытынды аттестаттауға қала мектептерінен 1682 оқушы қатысты, соның ішінде мемлекеттік тілде 948 (56,3%), орыс тілінде оқытылатын мектептерден 734 (43,6%) тапсырды. Қорытынды аттестаттаудан 19 оқушы босатылған. 18 оқушы денсаулығына байланысты,1оқушы халықаралық спорттың қатысушысы.
Қорытынды аттестаттаудың нәтижесінде білім сапасы 65,8% құрады, 11 сыныптардың жылдық білім сапасы 48,9%-ды көрсетсе, жылдық қорытындыда 16,9%-ға артық. 
Пәндер бойынша жылдық бағалардың, байқау емтихандардың, қорытынды аттестаттаудың салыстырмалы қорытындысы мектептерде өткізген емтихандардың бағалары №2,4,7,10,11,12,13,15,16,26,47, Шақаман мектептерінде алгебра және анализ бастамаларынан 19,8%-ға,ана тілінен (эссе) 15%-ға, Қазақстан тарихынан 18%-ға көтерілген.
Қорытынды аттестаттау  көрсеткіші бойынша 54 түлек "Алтын белгі"(2016ж-36), үздік аттестат -72 (2016ж-14).
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары оқу  орындарына түсетін  біліктілік формалардың бірі. ҰБТ қала бойынша өткізу орындары №836 Шәкәрім атындағы СМУ, №862 КазМЗИУ 20-25 мауысымда үш ағымда өтті. ҰБТ-ға 1231 оқушы қатысты. Қала бойынша қатысу пайызы 72,3% (2016-61,7%). Облыс бойынша-68,8%. Қала бойынша орта балл-82,6 (шығармашылық емтихан тапсырған түлектерді есептемегенде), олармен бірге-78,2балл (2016-82,96 балл), облыс бойынша-82,2 балл, республика бойынша-80,2 балл.
ҰБТ-да қала  бойынша ең төмен балл көрсеткен мектептер:
50-60 балл-№13,20,26, Бегалин атындағы 60-70 балл-№2, 8, 9, 12, 21, 40, 41, 48, Ибраев атындағы, Түрксіб  мектептері 70-80 балл -3, 4, 7, 11, 15, 18, 19, 23, 28, 31, 32, 33, 34, 35, 38, 42, 47, Пригород, Озерка Быхин атындағы, Бұлақ, Приречный мектептері 80-90 балл- үш тілде оқыту көп бейінді мектеп, №10, 16, 22, 27, 30, 36, 39, 43, Шүлбі орта мектебі, Шақаман, Знаменка мектептері. Ең үлкен орта балл көрсеткен: экономикалық лицей-105,5балл, Шүлбі мектебі-106 балл, №37 гимназия-97,8 балл, №17 ЖОББМ-96,77 балл, №1 ЖОББМ-92,46 балл, №6 гимназия -96,63 балл, №29 ОББМ-91,6 балл. 
Үш жыл бойы тұрақты орта балл көрсеткен келесі мектептер: экономикалық лицей, №6, №37 гимназиялар, №17, №1 мектептер.
Орта балдың төмендеуі Бегалин атындағы, №13,20,26 байқалады.
Ең жоғары -137 балл 140-тан №31 ЖОББМ оқушысы Қайырханов Әділ көрсетті (2016 жылы ең жоғары баллды №17 ЖОББМ түлегі, үздік аттестаттың иегері Болат Кәмшат алған). 136 балдан 6 түлек алды-Алжанов Дәурен (№6 гимназия), Тугелбаева Альбина (№22лицей -мектеп), Айтқазина Күміс (№33 ЖОББМ), Зайсанова Гүлім (№37 гимназия), Мұратбек Аяжан (№39 ОББМ). Шекті деңгейге жетпеген оқушылар саны – 153. №2,3,4,8,9,11,13,15,18,19,28,32,33,35,41 мектеп түлектерінің көпшілігі төмен деңгей көрсетті.ҰБТ   нәтижесін салыстырған кезде пәндер бойынша ағылшын тілі- 4,9 балл, биология -7,2 балл, дүние жүзі тарихи -1,9 балл, география- 2,8 балл, физика -7,7 балл, химия -3,5 баллға дейін жағымды динамика көрсетті.Қазақстан тарихынан орта балл 4,32-ге төмендеген. 
ҰБТ нәтижесі бойынша пәндерге бөлгенде орта балл көрсеткен:оқу сауаттылығы-16,8 балл, математикалық сауаттылық-11,05 балл, Қазақстан тарихы – 12,4 балл, физика-20,5 балл, химия – 19,3 балл, биология – 21 балл, география-35,91 балл, ағылшын тілі-25,4 балл. 
54 түлектердің ішінде "Алтын белгі" иегерлері бойынша 47 оқушы ҰБТ тапсырды (100 және 100-ден аса балл немесе 74,4% көрсеткен 35 оқушы), 51 түлек мемлекеттік білім беру грант иегері атанды (94,4 %).
Үздік аттестат бойынша 72 оқушыдан 63 оқушы ҰБТ-ға қатысты, 100 және 100-ден аса балл немесе 66,6% (№1,4,8,29,11,16,30,6,42,38,7,22,33,37,39 және Шәкәрім атындағы 3 тілде оқытатын көпбейінді гимназия). 272 түлек мемлекеттік білім беру грантының иегерлері. ҰБТ қорытындысы  жан-жақты сараланып, талданды. Семей қаласының білім бөлімінің кеңесінде қаралды.
Қамқоршылық және қорғаншылық секторы
Қазақстанның мемлекеттік саясаты әр баланың құқығын қорғауға бағытталған. Елбасымыз: «Біздің елімізде дүниеге келген әрбір бала – қазақстандық. Мемлекет оларды қорғау керек» - деген. 
Семей қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім 377 бала  қамқорлыққа алынған, соның ішінде жетімдер – 147, ата-анасының қарауынсыз қалғандар – 147, қамқорлыққа өз еркімен тапсырылғандар – 83, патронаттық тәрбиеде – 35. 
Бүгінгі таңда аса өзекті мәселе болып табылатыны – әлеуметтік жетімдік. Экономикалық тоқырау жағдайындағы халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, отбасын қолдау және қолайсыз отбасын ерте анықтау мақсатында қаламызда «Отбасын қолдау орталығы» мен «Ана үйі» құрылған, олар білім бөлімімен бірлесе  тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларына көмек, қолдау көрсетеді.Білім бөлімі жетім балаларды және аталған категориядағы отбасыларды қолдауға бағытталған жұмыстарды үнемі жүргізеді. Жыл сайын «Қорғаншылар күні», «Мейірім», «Қуан, сәби» атты жалпықалалық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.  
Бұл шараға отбасыларға қамқорлыққа алынған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған  білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері, отбасына бала асырап алғысы кеп жүрген кандидаттар шақырылады. 
Балаларды қамқорлығына алған барлық отбасылар бір балаға 10 АЕК (24050 тенге) мөлшерінде баланы күту үшін  жәрдемақы түрінде мемлекеттен қолдау алады. 
Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға және жетім балаларға арналған мекемелерден жетім бала асырап алған Қазақстан Республикасы азаматы 2015 жылдың қаңтар айынан 75 АЕК мөлшерінде (180 375) біржолғы жәрдемақы алады. 
Патронат тәрбиешілер ай сайын педаогикалық еңбек өтіліне байланысты 30 000-50000 дейін еңбекақы, сонымен қатар бір баланы асырауға 10 АЕК  (24050) алады.  
Бүгінгі таңда Семей қаласында «Мейірім» акциясымен  263  кәмелетке толмағандар қамтылған (балалар үйінде – 111, патронаттық тәрбие мен қамқорлықта -152).Балаларға  әлеуметтік-патронаттық қолдауды 80-нен артық патронаттық ұйымдар  көрсетеді
2017 жылдың 28 ақпанындағы есеп бойынша «Жилстройсбербанк» балалардың есебіне аударылған сома мөлшері – 46 млн.теңгеден асады.
Жетім балаларға үш жылға арналған Кешенді жоспарды жүзеге асыру нәтижесі бойынша 12 пәтер бөлінді, 1 тәрбиеленуші жер телімін алды, 5 тәрбиеленуші жөндеу жұмысын жүргізді және жиһаз алды, 6 тәрбиеленуші мемлекеттен жиһаз және тұрмыстық техника алды. «Мейірім» акциясына белсенді қатысқан патронатты ұйымдардың ішінде – ең алдымен білім беру мекемесі, денсаулық сақтау және ауылшаруашылық бөлімі  және т.б. бар. 
Бүгінгі таңда балалар есебіне «Жилстройсбербанк» патронатты ұйымдар арқылы 46 млн.теңгеден артық қаржы бөлінген.
«2020 – қолжетімді баспана», «Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламалары бойынша қала әкімшілігімен  соңғы үш жылда жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға 107 пәтер бөлінген (2013 жылы – 6 пәтер, 2014 жылы – 88 пәтер, 2015 жылы – 13 пәтер). 
Бүгінгі күні мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет ететіндер есебінде 1323 жетім –бала және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар тұр. 
2016 жылы ШҚО облыс мәслихатымен жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау жөнінде 2016-2018 жылдарға кешенді жоспар бекітілген. Қорғаушылық және қамқоршылық ұйымының қызметін атқаратын білім бөлімімен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды анықтау және оларды есепке алу жөнінде ұдайы жұмыстар жүргізіп отырады, ата-анасының қамқорлығынан айырылудың нақты жағдайлары ескеріле отырып,  қамқорлық пен қорғауға алу, асырап алу түрі анықталады, сонымен қатар олардың келешектегі тәрбиеленуіне, білім алуына және күтілу жағдайына бақылау жүргізіліп отырады. 
2017 жылдың мамыр айында ШҚО мәслихатымен бекітілген «Мейірім» қайырымдылық акциясының аясында Білім бөлімі мен балалар үйі бірлесіп «№8 балалар үйі» ҚММ тәрбиеленушісі – Экштеин Марияға 1 бөлмелі пәтер берілді.
Дарынды балалармен жұмыс
2018 жылдың  28-31 қаңтар аралығында Семей қаласының 3 мектебінен (Шәкәрім атындағы гимназия, №22 мектеп-лицейі, № 47 орта мектеп) 10 оқушы Ақмола облысы Щучье қаласындағы республикалық оқу-сауықтыру «Балдәурен» лагерінде  өткен 1-7-сынып оқушыларына арналған  зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысып қайтты.  
Конкурстың қорытындысы бойынша  барлық қатысушымыз жүлделі орынды жеңіп алды. 
І дәрежелі диплом: 
• Мақсатұлы Хақназар, Бейбітбекова Айша - Шәкәрім атындағы гимназия, 2 - сынып (секция «қазақ тілі мен әдебиеті»);
• Нұрғазин Арнұр, Қыдырхан Шынар - Шәкәрім атындағы гимназия, 2-сынып (секция «физика, техника»);
ІІ Дәрежелі диплом: 
• Серікқызы Ботакөз, Советбекова Аружан - № 47 орта мектеп, 5-сынып  (секция «медицина, психология») 
• Төлеубек Нұрасыл, Нұрдәулет Әмина – Шәкәрім атындағы гимназия, 4-сынып (секция «Валеология, экология»);
ІІІ Дәрежелі диплом: 
• Аманов Арнұр, Аманов Ернұр - №22 мектеп-лицейі, 3-сынып (секция «тарих, өлкетану, этномәдениеттану»);
Жеңімпаздарымыз Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының І, ІІ, ІІІ Дәрежелі дипломдарымен  марапатталды. 
2018 жылдың 4-7 қаңтар аралығында Өскемен  қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге Семей қаласынан 12 мектеп: № 5 Г, № 6 Г, 37  Г, экономикалық лицей, № 1, 3, 22,28,27,29,39, Озерка жалпы орта білім беретін мектептерден  44 оқушы қатысты.  
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 27 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олимпиада жүлдегерлері  Шығыс Қазақстан облысы өңірлік ғылыми –практикалық «Дарын» орталығының  дипломдарымен  марапатталды. 
І орын –5 оқушы;
ІІ орын – 8 оқушы;
ІІІ орын – 14 оқушы. 
Семей қаласының командасы «Үздік олимпиадалық команда - 2018» ескерткішіне ие болып, ІII дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық олимпиадада Семей қаласынан қатысқан 44 оқушының 27-сі жүлделі орындарға ие болып, 61 % көрсеткішін көрсетті. ( 2017 ж. 56 % көрсеткіш).
Алматы қаласында өткен ғылыми жоба жарысының республикалық кезеңіне Семей қаласынан 10 мектептен: Шәкәрім атындағы үш тілді  гимназия, №37 Г, Экономикалық лицей, №1, №17, №19, №22 МЛ, №39,  Пригород ОМ, Шүлбі МК 16 жоба, 19 оқушы қатысты.  Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 6 мектептен (Шәкәрім ат. Гимназия, №37 Г, №1 ОМ, №19 ОМ, Пригород ОМ, Шүлбі МК) 8 оқушы жүлделі орындарға ие болып,  2  алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:
-І  дәрежелі Диплом - Шарбекова Диана, Пикулева Влада (№19 ОМ,11-сынып);
-ІІ  дәрежелі Диплом -  Баяхметов Ануар, Есенғалиұлы Нұрмұхамет (№37 Г, 10 сынып)
-ІІІ дәрежелі Диплом - Байбуганова Диана (№1 ОМ, 11 сынып), Самархан Гулия
(Шәкәрім ат.гимназия, 10-сынып),  Овчаров Денис (Пригород ОМ, 10 сынып), Даниярова Айым (Шүлбі МК,11-сынып )
2018 жылдың 31 қаңтарда Өскемен қаласында жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушылары  арасында экономика пәні бойынша республикалық турнирдің  облыстық кезеңі өтті.
Турнирдің мақсаты: Экономикаға ғылым ретінде қызығушылық білдіретін оқушыларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту
Экономикалық турнирге Семей қаласынан Экономикалық лицейдің   4 оқушысы қатысты. 
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша, қатысушыларымыз жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. 
І Дәрежелі диплом - Абдульманова Алсу (11 сынып), Жаксылыкова Мадина (10 сынып).
ІІ Дәрежелі диплом – Абекова Аяжан (11 сынып)
Барлық қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.. 
2018 жылдың 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына Семей қаласы мектептерінен 2 оқушы (Абекова Аяжан, Экономикалық лицей, №38 МЛ) қатысты. 
Халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша №38 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Тулюгалиева  Амина жүлдегер атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және күміс алқа иегері болды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
2018 жылдың 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында ТаулыҮлбі өзенінің
жағалауындағы «Дарын» оқу-сауықтыру базасында өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа Семей қаласы мектептерінен 3 оқушы қатысты:
- Қайратов Тілек - № 22 мектеп-лицейі, 11-сынып; 3
- Новиков Владислав -  № 29 орта мектеп, 11-сынып; 2
- Әлібекқызы Аяулым - № 38 мектеп-лицейі, 10-сынып. 
Конкурстың қорытындысы бойынша Новиков Владислав (№29 ОМ, 11-сынып) пен Қайратов  Тілек (№22 МЛ, 11-сынып) жүлделі  орындарға ие болып, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
2018 жылдың 19-20 наурыз күндері Астана қаласындағы Халықаралық мектепте «Астана – болашақ қаласы: астана архитектурасына 20 жыл » атты VIII Наурыз кездесуі өтті.  
Оқушылар үшін ғылыми алаңға айналған Наурыз кездесулеріне Республика бойынша Зияткерлік және жалпы білім беру мектептерінен жиналған 200-ден астам оқушы қатысса, Семей қаласының ауыл мектептерінен 4 оқушы қатысты:
-Тоқтасынов Ақжарқын, Сагынбекова Аяжан - Знаменка  орта мектебінің 10, 9-сынып оқушылары;
-Зайтзаменова Гүлім -   Жарқын орта мектебінің  8-сынып оқушысы;
-Баешова Дильназ -Б. Исадилов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы.
Семей қаласы жалпы орта білім беру мектептерінен қатысқан оқушыларымызға әр номинация бойынша дипломдар мен  сертификаттар берілді.
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы – білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының бірі. Есепті кезеңде аталған бағытта біршама жұмыстар жүргізілген.
Семей қаласының БАИ және ҚазИГЗУ (наурыз айында) «Жасөспірімдер балалармен жұмыс жүргізудің заманауи инновациялық технологиялары» модулі бойынша тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларға тәлімгерлер мен аула клубтарының педагог ұйымдастырушыларына, «Өрлеу» ШҚО орталығымен (наурызда) бірлесіп, дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Ата-аналар қоғамдастығымен жүргізілетін жұмысты іске асыру мақсатында («Әкелер кеңесі мен аналар кеңесін құру туралы» 2016 жылғы 
25 қаңтардағы №01-04/50 бұйрық) ата-аналар білім бөлімінің жұмысына әрдайым тартылады. Наурыз айында «Отбасылық тәрбие тәжірибесін жалпылау» тақырыбында білім бөлімінің ата-аналар қоғамдастығымен жүргізілетін жұмыстар бойынша ашық есік күні өткізіледі.
Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» жобасын іске асыруға баса назар аударылған. Аталған жобаны іске асыру аясында білім беру мекемелері «Менің мектебім» акциясына белсене қатысты. Акция мақсаты – кабинеттерді заманауи жарақтандыру. Кабинеттердің жаңа жабдықты қабылдауға әзірлік кестесі әзірленді. Кабинеттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарға 2018 жылы қалалық бюджеттен 60 101 мың теңге бөлінген. Әзірлік кестесіне сәйкес 2018 жылғы наурызда 
20 кабинетті әзірлеу, 2018 жылғы сәуір айында – 48, 2018 жылғы мамыр айында 14 және 2018 жылғы маусым айында 1 кабинетті әзірлеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 31 кабинет жаңа жабдық және жиһаз алуға дайын, әзірлік актілері бар. Кабинеттерді әзірлеу және мектептерді жаңа модификацияланған кабинеттермен қамтамасыз ету үшін меценаттармен демеушілік жәрдем көрсету жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 
Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жұмыс жүргізіледі, қаңтар айының басында білім бөлімі басшысының, ІІБ МПС қатысуымен жалпы орта білім беретін мектеп директорларымен, директордың ТІ жөніндегі орынбасарларымен және мектеп инспекторларымен 2017 жылдың қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Оқушылары қылмыс жасаған жалпы орта білім беретін мектеп басшыларының есептері тыңдалды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мақсатында қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінде қаңтар айының 15 мен 20 аралығында әкелер Слетінің мектепішілік кезеңі өтті. Бұл кезең шеңберінде  «Әкелер мен балалар – келешекке көзқарас» дөңгелек үстелі, «Әкелер спартакиадасы» - үстел теннисі, тоғыз құмалақ, дойбыдан жарыстар, «Әкем және мен – спорттық отбасы!» спорттық эстафеталары, мектеп инспекторының, балалары мектепішілік және КТІ есепте тұрған әкелерді шақыртумен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ашық отырыстар өткізілді. 
8 ақпанда Балалар мен жастардың шығармашылығы Сарайында қалалық әкелер Слеті өтіп, оған қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінен 300-ге жуық әке қатысты. Үздік әкелер білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Слет қорытындысы бойынша Резолюция қабылданды;
Білім беру мекемелерінде 2018 жылғы 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында «Өмірге ИӘ деп айт!» республикалық ақпараттық кампаниясы өткізілді, оның мақсаты қоғам назарын бала денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардың, үгіт пен насихаттың жағымсыз әсерінен қорғауға тарту болып табылады. Әлеуметтік желілердің жағымсыз әсерінен қорғау мәселелері бойынша тақырыптық лездемелер, саяси ақпараттар, сауалнамалар, тренингтік сабақтар, акциялар, сайыстар, дискуссиялық алаңдар өткізілді;
Ақпан айында сондай-ақ №10 ЖОББМ қала мектептерінің 100 сынып жетекшілері үшін мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлқының профилактикасы бойынша консультациялық алаң ұйымдастырылды. Алаң жұмысына сондай-ақ «Отбасы Орталығы» ҚҚ және Психикалық денсаулық орталығының өкілдері қатысты;
Республикалық акция шеңберінде ақпан айында барлық жалпы орта білім беретін мектептер  «Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» акциясының іс-шараларына қатысты. Рейдтік іс-шаралардың жоспары мен кестесіне сәйкес Семей қаласының  ІІБ өкілдерімен бірге себепсіз сабақ босатып жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында базарлар, көлік жуу орындары, компьютерлік салондар араланды. Сондай-ақ сәтсіз отбасылары да қаралды. Рейдке  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп  инспекторлары және мектеп психологтары жұмылдырылып, тұрғын-үй-тұрмыстық жағдайларының актілері толтырылып, отбасыларының әлеуметтік мінездемесі құрылды. «Нұр Отан» партиясының өкілдері №38 ЖОББМ сәтсіз отбасыларын аралап және материалдық көмек көрсетті;
Зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында № 49 ЖОББМ 27 ақпан күні «Балалық шақ қорғалады» ұранымен прокуратура, ІІБ өкілдерін шақырумен ер мұғалімдермен кездесу өткізілді. Барлығы 450 ер адам қатысты.
Қоғамның балалардың құқықтары туралы құқықтық ақпараттылығын арттыру мақсатында білім бөлімінің мамандары Қазақстан-Семей телеарнасының апталық қорытынды бағдарламасына қатысты. 
Оқытудың зайырлы сипаты, діни экстремизм және терроризм профилактикасы туралы заңнаманы орындау үшін 2018 жылғы 
19 наурызда ІІБ ОЭП және Семей қаласы бойынша ШҚО ҰҚКД АТЦ өкілдерінің қатысуымен УТО нысандары ретінде, жарылғыш құрылғылар табылып және террористік сипаттағы актілер жасалу қаупі туындау жағдайындағы мекеме басшылығы мен персоналының іс-қимыл Алгоритмі бойынша семинар өткізілді.    Діни экстремизм профилактикасы және діни радикализмге деген иммунитетке баулу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айының 29 жұлдызында жалпы орта білім беретін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі және тарих пәнінің жас мұғалімдері үшін семинар-тренинг өткізілді. 
Есептік кезең ішінде әскери-патриоттық тәрбиеге бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілді:
- Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары арасында «Зайцевті еске алу Кубогына» жарыстар (қаңтар);
- әскер-интернационалист Б.Керімбаев кубогына әскери-спорттық жарыстар (қаңтар);
Ауған елінен әскерді шығаруға арналған әскери-патриоттық-тәрбие бойынша айлық (ақпан);
- Халық қаһарманы генерал Ертаев Кубогына әскери-спорттық жарыстар (ақпан);
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова Кубогына әскери-спорттық жарыстар (наурыз);
- «Айбын» әскери-патриоттық жиыны (наурыз).
Іс-шаралар тек оқушылардың қатысуымен ғана емес, сонымен қатар педагогтар арасында да өткізіледі:
- «Ең үздік сынып жетекшісі» қалалық сайысы (ақпан);
- «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - 2018» қалалық сайысы (наурыз).
Сонымен қатар бірқатар шығармашылық және спорттық іс-шаралар өткізілді:
- «Жас музыкант» қалалық сайысы (наурыз);
- қала алаңдарында Наурыз мейрамын мерекелеу (наурыз);
- Өлкетану мұражайымен бірге мектеп мұражайларының қалалық сайысы  (наурыз);
- спорттың 6 түрі бойынша мектеп оқушылары арасында қалалық спартакиада (қыркүйек - наурыз);
- мектеп мұғалімдері арасында спорттың 9 түрі бойынша «Сергектік және денсаулық» қалалық спартакиадасы (қазан – наурыз) ;
- баскетбол, волейбол, футзал, футбол бойынша Ұлттық Мектеп Лигалары (қараша – наурыз).
- «Жұлдызша» шайбалы хоккей бойынша қалалық жарыстар». Облыстық турнирге қатысу (ақпан);
- мектеп оқушылары мен педагогтар арасында қысқы спорт түрлерінен Президенттік тестілерін тапсыру (ақпан).
 

 
 
Білім бөлімі
 
 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2017 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2016 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2015 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2014 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2013 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2012 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2011 жыл

 

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2010 жыл

Өңдеу күні: 05-04-2018