Акимат » Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен (2018 жылдың IV - тоқсанында – 14797 теңге) төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.

Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек:

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға;

зейнеткерлік жасқа толуына;

бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;

екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;

2) отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартты бағып-күтуді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек 6 айға дейінгі мерзімге және ай сайын төленеді.

Қажетті құжаттар:  өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі, отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет, қосалқы шаруашылығының бары (жоқтығы) туралы мәлімет, есепшот. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінен өтінішке қосымша : білімі туралы құжат, еңбек қызметін және біліктілігін растайтын құжат қоса беріледі.

Мемлекеттік қызметке құжаттар « Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы қабылданады.

Анықтама телефондары:  36-07-50, 52-33-73

Тұрғын үй көмегі

Осы жерде тұрақты тұратын жекешелендірілген тұрғын үй-жай иелері немесе жалдаушылары болып табылатын аз қамтылған отбасыларына, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған нақты шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен  асқан ретте тұрғын үй көмегі тағайындалады.  

Отбасының жиынтық кірісіне коммуналдық қызметтер үшін белгіленген шығыстар үлесі  

7 % - қатынасы мөлшерінде бекітілген. 

Қажетті құжаттар:  тұрғын үйге құқық беретін құжат, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, есепшот, барлық коммуналдық қызметтер ақысының төленгені (алдындағы тоқсан үшін) туралы түбіртектер, жұмыссыздар үшін Халықты жұмыспен қамту орталығының анықтамасы, отбасының табыстары туралы мәліметтер. Қабылдауды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізеді.

Тағайындау және төлем тоқсан сайын жүргізіледі. 

Мемлекеттік қызметке құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы   арқылы қабылданады. Анықтама телефондары: 56-10-96; 56-16-00.«ШҚО

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы  № 34/228-VI шешіміне сәйкес, атаулы күндер мен мереке күндеріне және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді.«Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтарының жекелеген  санаттарына әлеуметтік көмек» 011 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылға жоспарланған бюджет қаражаты 428,8 млн тенге. оның ішінде: Оның ішінде көпбалалы отбасылардың балабақшадағы тамақтану өтемақысын төлеу  502 балаға - 13,6 мың. тенге.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 17074 алушыға әлеуметтік көмек 424,1 млн. тенгеге көрсетілген, оның ішінде қалалық бюджеттен 8276 алушыға 86,2 млн. тенге әлеуметтік көмек төленген, оның ішінде өтініш бойынша өмірлік қиын жағдай туындағанда біржолғы әлеуметтік көмекті  қажет еткен 226 аз қамтылған азаматтарға (жанұяларға) 12,7 млн. тенге төленген.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай 16360 адамға 396,8 млн. тенге әлеуметтік көмек берілді. Олар Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, Чернобыль АЭС-індегі апат құрбандары, аурулары иондалған сәуле әсеріне байланысты мүгедектер, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған тұлғалар, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған көп балалы аналар, кәмелетке толмаған төрт және де одан асатын балалары бірге тұратын, көп балалы отбасылар.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап көпбалалы отбасылардың бала бақшадағы тамақтану өтемақысын төлеу  әлеуметтік көмегімен 390 жанұя, олардағы 486 бала, жалпы сомасы 13,6 млн. тенгеге қамтылған. 

 

Семей қаласының жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық 
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ  

 

 

 

Өңдеу күні: 14-10-2019