Акимат » 2019 жылға Семей өңірінің ауыл шаруашылығының дамуы туралы ақпарат

2019 жылға Семей өңірінің ауыл шаруашылығының дамуы туралы ақпарат

 
Қаланың аграрлық секторында бүгін 602  шаруа қожалығы, 32 өндірістік кооператив, 17 серіктестік,  11  саяжай кооперативі және 32,0  мыңнан астам аулалар мен жер телімдері бар. 
2019 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 32 009,1 млн. теңгені құрады.
 Семей өңірінде ағымдағы жылы барлық егістік алқаптың көлемі 14044 га құрады, бұл 2018 жылғы егілген 13034,8 га егістік алқаппен салыстырғанда 1009,2 га немесе 7,7пайызға артық. 
Ауылшаруашылығы құрылымдары жиын-терін жұмыстарын уақытында аяқтады. 911 га алқапқа себілген дәнді дақылдар толықтай жиналды, 744,7 тонна өнім алынды. 
Егілген 3215 га картоп алқабынан 54,0 мың тонна, 1511,2 га көкөніс алқабынан  30,0 мың тонна,с және 68,5 га бақша дақылдарынан 1096 тонна өнім алынды.  
2019-2020 жылдың қыстамасына 135,0 мың тонна қатаң мал азығы дайындалды.
2019 жылдың қортындысы бойынша ауылшаруашылығы мал басының өсу қарқыны бірқалыпты сақталынып тұр.
2020  жылдың 1 қаңтарына Семей қаласының барлық шаруашылық нысандарында 57,1 мың мүйізді ірі қара, 70,8  мың қой мен ешкі,0,9  мың шошқа, 35,0 мың жылқы және құс 1218,1  мың басты  құрады.
Ағымдағы жылдың 11 айында  22,9 мың тонна ет,  33,1  мың тонна сүт, 2,9 мың. дана жұмыртқа, 113,3 тонна жүн   өндірілді. 
Бүгінгі күні Семей өңірінің ауылшаруашылығы тауарөндірушілері АӨК дамытудың 2019-2022 жылдар аралығындағы  аумақтық бағдарламасын іске асыру Концепциясында көрсетілген барлық көрсеткіштерді орындауда.
АӨК дамытудың аумақтық бағдарламасын іске асыру Концепциясында көрсетілген көрсеткіштер:
-«Сыбаға» бағдарламасы бойынша шетелден  асыл тұқымды 251 бас ірі қара малын және отандық 635 бас мүйізді ұсақ малы сатып алынды.
-Нәтижелі  жұмыспен қамту  және  жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға   арналған  «Еңбек»  бағдарламасы бойынша 53 несие алушыға 194,7  теңге несие  қаражаты беріліп 371 бас ірі қара , 750 бас қой және  72 бас жылқы сатып алынды.
«Нұр» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 1000 бас ірі қара  малына  арналған мал бордақылау алаңын салды. Келешекте 3000 басқа дейін  кеңейту жоспарлануда.
Қазіргі  уақытта  600 бастан астам мал бордақылануда.2019 жылы мал  бордақылау  алаңына 1512 бас бұқашықтар  тапсырылды.
Өңірде ірі қара малының сапасын артыру  мақсатында асыл тұқымды бұқалармен түрлендіру жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы 152 бас  асыл тұқымды бұқалар сатып алынды.
2019 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға 1504,3 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында 172,4 млн. теңге субсидия төленді.
2018 жылдан бастап жерлердің электрондық картасын цифрландыру жүргізілуде (жайылымдық, егістік, шабындық).  Өткен жылы 13261 га егістікке (140,0%) және 6727 га шабындыққа (115,0%) цифрландыру жүргізілді. Бүгінгі күнге ақпараттық орталықтың мәліметі бойынша жайылымдық жерді цифрландыру алаңы 770 га немесе 82,0% құрады. 
2019 жылы «Жайлымдық  жерлерді суландыру бағдарламасы» бойынша   31 шаруа қожалықтардың  құдықтары қайтадан қалпына келтірілді.
2019  жыл бойынша Семей өңіріне 720 тонна көлемде сүт сатып алу туралы тапсырма жеткізілді. Сүт жинау жұмыстары жыл басынан басталып, бүгінгі күні Озерка, Ертіс, Достық, Жиеналы, Көкентау, Новобаженоваауылдық округтерінен сүт қабылдау пункттеріне 738,8 тонна сүт жиналып өткізілді.
Аумақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және инфляциялық үрдістерді тежеу мақсатында тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде. Жылдың басынан бастап 55 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып және өткізіліп, онда 401,8 млн теңгегі өнім өткізілді. Семей қаласының ауылшаруашылығы өнім өндірушілері өткізілген ауылшаруашылығы жәрмеңкелерінде қала тұрғындына   ауылшарушалығы өнімін нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатты. 
Бұдан басқа, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен тізбеге сәйкес, ағымдағы жылы әрбір сенбі күні Бородулиха, Бесқарағай, Абай аудандарының ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін сатуда. Ауылшаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғастырылады. 
Өңірде  тамақ өнеркәсібі дамуда. 2019 жылдың 11 айының көрсеткіші бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 23,8 млн. теңгені құрады. НКИ- 95,0 %.
Өңірде өндірілген тамақ өнеркәсібі өнімдерін республикамыздың барлық аймақтарының халқы тұтынады. Биылғы жылы «Семей ет комбинаты»ЖШС-і және «Арай-EASTFOOD» ЖШС-і Ресей Федерациясының Москва және Новосібір қалаларына 59,8 тонна шұжық және консерві өнімдерін экспортқа шығарды.
 
 

Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2018 жыл 
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2017 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2016 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2015 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2014 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2013 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2012 жыл
 
 
Семей өңірінде ауыл шаруашылығының дамуы 2011 жыл
Өңдеу күні: 14-01-2020