Акимат » Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау

 
Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау
(2019 жылдың 1 қазанына)
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ 17 бюджеттік бағдарламаның игерілуін қамтамасыз етуде. Бөлімнің ведомстволық бағынысында 4 мекеме бар.
2019 жылдың 1 қазанына 2511,1 млн. теңге игерілді, соның ішінде қалалық бюджеттен 1045,2 млн. теңге, облыстық бюджеттен 482,1 млн. теңге, республикалық бюджеттен 983,2 млн. теңге, ұлттық қор -.603,9
Есепті мерзім ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 5274.
 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы
 
 
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен Қаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын: жұмысқа орналастыру; ақысы төленетін уақытша қоғамдық жұмыстарға тарту; кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесімен және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту сияқты халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары өнімді жұмыспен қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болып табылады.
2019 жыл басынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4759 адам қамтылды. 3280 адамға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, олардың 1936 - тұрақты жұмыс орындарына, уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына - 300 адам, жастар тәжірибесіне оқу орындарының 454 түлегі жолданды, ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға 590 адам қатысты.   
800 адам кәсіптік оқытудын  қысқа мерзімді курстарына, техникалық және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауға 483 адам жіберілді. 
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау бойынша 15 адам жолданды.
«Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқыту курстарына  78 адам жіберілді, олардан 60 адам оқуды аяқтап сертификат алды.
Екінші деңгейлі банктер арқылы 46 адамға қолданыстағы бизнесті кеңейтуге 370,960 млн.теңге сомасында шағын несиелер берілді.  
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 24,995 млн. теңге сомасында 57 адам алды.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін Семей қаласы бойынша 2019 жылға, оралмандар мен қоныс аударушылар қатарындағы 142 адамнан тұратын 47 отбасына квота бекітілді, олардың ішінде 12 отбасы (37 адам) - оралмандар және 35 отбасы (105 адам) - оңтүстік өңірден қоныс аударушылар. Есептік кезеңде жұмыскүші артылған Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарынан 26 отбасы (45 адам) қоныс аударды және Өзбекістаннан 1 оралман көшіп келді. Қоныс аударушыларға субсидия төленді және  тұрғын үйді жалдау (жалға алу) мен коммуналдық қызметтер бойынша шығындары өтелді.  
2019 жылдың 1 қазанына тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 1868 адамды құрады.
 
              Әлеуметтік бағдарламалар
 
Басымды бағыттар мен міндеттердің бірі болып табысы күн көріс деңгейінен төмен адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қолдау есебінен кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. Есепті мерзім ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 18322 азаматы бар 4540 отбасыға көрсетілді. Осы мерзімде төленген сома 1396,2 млн. теңге. 36,7 млн. теңге мөлшерінде 2038 отбасыға тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша есепті мерзім ішінде 424,1 млн. теңге игеріліп, 17047 алушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. 
Біржолғы әлеуметтік көмек мереке және атаулы күндерге: Ауғанстан аумағындағы ұрыс-қимылдарға қатысушыларға, Ауғанстанда қайтыс болған әскери қызметшілердің жанұяларына, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, көп балалы аналарға. Бұдан басқа, қиын өмірлік жағдай туындаған мұқтаж азаматтардың жеке өтініштері бойынша, аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу, шәкірақы, жатақханада тұру үшін мемлекеттік қолдау ретінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтардан құжаттарды қабылдау жалғасуда. Есепті мерзімде экологиялық куәліктерді ресімдеу үшін 11693 құжат жиынтығы ресімделді. Біржолғы ақшалай көмек төлеміне 279 алушыға 8,8 млн. теңге өтемақы төленді.
Халықтың әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж мүгедектер болып табылады. Есепті мерзімде 783 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Есту қабілеті бойынша 167 мүгедекке ымдау тілі маманының, жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы 331 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі көрсетілді. 
Шипажайында 3812 адам «Уба», «Мойылды», «Қарағайлы» және Қазахстан Республикасының басқа шипажайларында, 2244 мүгедек емделуден өтіп, денсаулығын түзеді. Қалалық бюджет қаражаты есебінен «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша 246 мүгедек балаға 50,6 млн. теңге төленді. 
 2010 жылдан қозғалыс аппараты бұзылған 1 – 2 топ мүгедектерін қаланың әлеуметтік маңызды нысандарына жеткізу бойынша қалалық бюджет қаражаты есебінен «Әлеуметтік такси» қызметі ұйымдастырылған. Жыл басынан осы қызметті 314 мүгедек пайдаланды, 7180 тапсырыс орындалдып, осы қызметке бюджеттен 14,1млн. теңге игерілді. 
Бөлім жұмысының басым бағыты мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген балаларға, жалғызілікті қарттарға және бас бостандығынан айырылған, пробация қызметінен, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік қызметтерді көрсету болып табылады.
Қала әкімінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 01-29-ө өкімімен мүгедектердің тыныс-тіршіліктің барлық салаларында объектілер мен қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қаланың қолданыстағы ғимараттары мен құрылыстарына түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 2019 жылға бейімдеу бойынша өңірлік жоспар әзірленіп бекітілді, 75 объектіні төлқұжаттандырылады. 2019 жылдың 1 қазанына барлығы әлеуметтік инфрақұрылымның 371 нысаны түгенделді, 65 объекті ішінара бейімделген. 
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету 3 орталықта мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі: үйден қызмет көрсету және күндізгі бөлімшеде жартылай стационар жағдайында, уақытша бөлімшесінде болу және түнгі бөлімшесінде болу.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағы 1564 адамға, соның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға, 159 – 18 жастан асқан тұлғаларға, 1097 қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарға. Күндізгі бөлімшеде 251 қартқа және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген 52 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кешені көрсетіледі. Қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта екі бөлімше жұмыс істейді: 120 төсек орынға арналған күндізгі бөлімше, 30 төсек орынға арналған түнгі бөлімше. Есепті кезеңде орталыққа 780 адам жүгінді, соның ішінде: уақытша бөлімшесіне 339 адам, түнгі бөлімшесіне 441 адам, 176 адам бейімделіп, 161 адам жұмысқа орналастырылды. 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 14-10-2019