Акимат » Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен (2018 жылдың II - тоқсанында – 13386 теңге) төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.
Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға;
зейнеткерлік жасқа толуына;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2) отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартты бағып-күтуді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек 6 айға дейінгі мерзімге және ай сайын төленеді.
Қажетті құжаттар:  өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі, отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет, қосалқы шаруашылығының бары (жоқтығы) туралы мәлімет, есепшот. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінен өтінішке қосымша : білімі туралы құжат, еңбек қызметін және біліктілігін растайтын құжат қоса беріледі. 
Мемлекеттік қызметке құжаттар « Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы қабылданады.
 
Анықтама телефондары:  36-07-50, 52-33-73 
 
Тұрғын үй көмегі  
 
Осы жерде тұрақты тұратын жекешелендірілген тұрғын үй-жай иелері немесе жалдаушылары болып табылатын аз қамтылған отбасыларына, коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған нақты шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен  асқан ретте тұрғын үй көмегі тағайындалады.  
Отбасының жиынтық кірісіне коммуналдық қызметтер үшін белгіленген шығыстар үлесі  7 % - қатынасы мөлшерінде бекітілген. 
Қажетті құжаттар:  тұрғын үйге құқық беретін құжат, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, есепшот, барлық коммуналдық қызметтер ақысының төленгені (алдындағы тоқсан үшін) туралы түбіртектер, жұмыссыздар үшін Халықты жұмыспен қамту орталығының анықтамасы, отбасының табыстары туралы мәліметтер. Қабылдауды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізеді.
Тағайындау және төлем тоқсан сайын жүргізіледі. 
Мемлекеттік қызметке құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы   арқылы қабылданады.
 
Анықтама телефондары: 56-10-96; 56-16-00.
 
 
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 
 
Өңдеу күні: 09-04-2018