Акимат » 2019 жылы Семей қаласында дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2019 жылы Семей қаласында дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 
 
2019 жылы қалада дене шынықтыру және спортты дамыту және дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылданушылардың санын арттыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. 
Семей қаласында тұрғындар қызметіне 391 спорт ғимараты, оның ішінде 7 бассейн, 4 стадион, 5 спорт кешені, 123 спорт залы, 1 дене шынықтыру – сауықтыру кешені, 5 шаңғы базасы, 5 мылтық ату тирі, 2 мұз айдыны (Локомотив, Цементник, Ертіс), 1 коньки тебу стадионы, 22 футбол алаңы, 130 арнайы салынған спорт залдар және 72 қосарланған спорт залдар бар. 2018 жылмен салыстырғанда 16 нысанға көбейді. 
«Қарағайлы» шағын ауданында 5000 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені салынды. Кешен әлемдік стандарттарға сәйкес салынған және тиісті жабдықтармен жабдықталған. Трамплиндері мен 10 метрлік мұнарасы бар секіру бассейні бар. Әр түрлі залдарда қала тұрғындары фитнес, бокс, волейбол, футбол, гандболмен айналыса алады. Кинотеатр мен кафелер, балалардың ойын алаңдары қарастырылған.
Сонымен бірге «Қарағайлы» мөлтек ауданында Мұз айдыны модулінің құрылысы жоспарлануда. Онда хоккей және мәнерлеп сырғанаудан басқа қысқы спорт түрлерінен: шорт – трек, керлинг, коньки спорты және т.б. дамитын болады. Қазіргі уақытта ғимараттың жобалық – сметалық құжаттамасы әзірленуде.   
«Цементник» стадионының аумағында жеке кәсіпкер «Темірхановтың» есебінен жабық футбол залының құрылысы басталды. 
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында № 22 мектеп-лицей аумағында жаңа спорт алаңы ашылды. Бұл сыйлықты қалалықтармен және оның жас тұрғындарына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы ұлттық әл-ауқат қорының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту Қоры сыйлады. Ол хоккей корты, балалар алаңы және workout тренажерлары салынған футбол алаңынан тұрады. Ойын алаңдары жасанды көгалмен, ал балалар мен тренажерлық аймақ – резеңке үгіндіден жасалған жабынмен төселген.
Пәтерлер иелері кооперативтерінің аулаларына ағымдағы жылы 9 «WORKOUT» спорттық алаңдары орнатылып, пайдалануға берілді. «Менің аулам» бағдарламасы аясында 2020 жылы 10 спорттық алаңды орналастыру жоспарланған. 
Жалпы алғанда, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің саны 2019 жылы (730) 2018 жылмен (702) салыстырғанда 28 адамға немесе 4% көбейді, оның ішінде 644 адам немесе 88% жоғары білімді, 86 немесе 12% орта арнаулы білімі бар .    
Кейінгі уақытта қалада дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының біршама өскендігі байқалады. Мысалы 2018 жылы 102660 адам немесе 29,8 % құраса, 2019 жылдың 30 желтоқсанына 104788 адамды немесе 30 % - ды құрады.
Қалада 3000 – нан астам балалар шұғылданатын Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Семей қаласы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» және облыстық спорт басқармасының теңгеріміндегі 3 спорт мектебі: «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі», «Семей қаласы бойынша № 2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебі», «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың бұқаралық түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі», «ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласы бойынша балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» 23 федерация, 27 әртүрлі бағыттағы спорттық клубтар жұмыс істейді. Спорттың 65 түрі дамыған, соның 25 - олимпиадалық спорт түрлері, 40 – олимпиадалық бағдарламаға жатпайтын спорт түрлері. 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі уәкілетті орган ретінде «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. 2018 жылдың 30 желтоқсанында барлығы 487 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2019 жылдың 30 желтоқсанында 569 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қалада 15 мыңнан адамды қамтыған 232 қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілсе, спортшылар 179 облыстық, республикалық, және халықаралық жарыстарға қатысты.
2019 жылдың 03 ақпанында қалада ММА (Mixed Martial Arts) аралас жауынгерлік жекпе – жек бойынша Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтті.
17 ақпанда алғаш рет Қазақстан Республикасындағы Жастар Жылына арналған  панкратионнан балалар, жасөспірімдер, кадеттер және жастар арасындағы Семей қаласының ашық чемпионаты өтті.
2019 жылдың 10 наурызында Дастенов көшесі 34 А мекен – жайындағы облыстық № 1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында каратэ Шинкиокушинкай бойынша «SEMEY OPEN» Ашық халықаралық турнирі өткізілді.
Ағымдағы жылдың 11 наурызында «Тарлан» спорт кешенінде елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына арналған каратэ Шинкиокушинкай бойынша Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты өтті.
Наурыз айының 17-де Қазақстан Республикасының Қарулы күштері әскери қызметкерлерінің арасында «Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен ІХ республикалық турниріне» іріктеуге арналған «Әскер Барысы 2019» турнирі өтті. 
24 наурызда киокушинкай каратэ бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 5-7 сәуірі аралығында қалада самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 
2019 жылдың 23-28 сәуірінде кикбоксингтен ересектер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 
2019 жылдың 1-2 мамырында қалада тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Жастар жылына арналған жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Семей қаласының Ашық чемпионаты өтті. 
Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында 2019 жылы 15 маусымда «Спартак» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың алты түрі бойынша қалалық спартакиада өтті: мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетика, гір спорты, арқан тарту. Спартакиадаға қаланың әр түрлі мемлекеттік органдарының 17-ден астам командасы қатысты. Спартакиаданың қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
I орын - Семей қаласы бойынша ҰҚКД басқармасы;
II орын – «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы; 
III орын - Семей қаласы бойынша полиция басқармасы.
Ағымдағы жылдың 15 маусымында Степной кентіндегі қалалық ипподромда Қазақ ССР оқу ағарту ісінің озық қызметкерлері, ақын, ұстаз Нұрғаным Ахметқызын және Азмұхаметов Жұмаш Төлеубекұлын еске алуға  арналған ат спорты түрлерінен қалалық жарыс өтті. 
Қалада 6 шілдеде елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы күнін салауатты өмір салтын насихаттау бойынша атап өтті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастырған велошеру барлық азаматтардың қолдауымен өтті. Велошерудің бастауы М. Әуезов атындағы алаңнан басталып, орталықтағы «Ертіс» өзенінің жағалауында аяқталды. 
22-31 шілде аралығында 2003 жылдан үлкен емес жасөсіпірімдер арасындағылардың  футбол командалары арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына өтті.
28 шілдеде Семей қаласына «Бег Мира 2019» атты алау эстафетасы келді. Ең бастысы - спорт және дене шынықтырумен салауатты өмір салтын насихаттау. «Бег Мира - 2019» эстафетасы 22 шілдеде Омбы қаласынан басталды. 20 тамызда осы жерде аяқталды. Айдың ортасында жүгірушілер Қазақстан мен Ресейде әр түрлі қашықтықта жүгіріп, спортшылар жүгіріс кезінде бір-бірін ауыстырып отырады.
2019 жылғы 1 тамыздан 10 тамызға дейін қалада «64» және «100» дойбы бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.
Жыл сайын қаланың ұйымдары және кәсіпорындары еңбек ұжымдарының арасындағы, медициана қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, банк қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, ауыл жастары арасындағы, колледж, жоғары оқу орындары студенттері және оқытушылары арасындағы спартакиадалар өткізіледі. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығының негізінде Қазақстанның спорттық қоғамы  тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күнін мерекелейді. Осы жылы 12-19 тамыз аралығында Семей қаласында Қазақстан Республикасы Спорт күніне арналған бірқатар спорттық шаралар өткізілді.
Бұл күндері қаладағы орналасқан барлық спорттық ғимараттармен нысандар жұмыс істеп тұрды. Өздерінің күш – жігерлерін кәсіпқой спортшылардан басқа, қала тұрғындары да көрсете білді. Салауатты өмір салтын насихаттау және көпшілік өткізілетін жарыстарды көруі үшін, барлық іс-шаралар таза ауада өткізілді.
12-16 тамыз аралығында № 4 жалпы білім беру орта мектебінің аумағында жағажай волейболынан әйелдер командалары арасындағы қала чемпионаты өткізілді. 
16 тамызда «Бейбітшілік» аралында Қазақстан Республикасы Спорт күніне арналған «Қазақстан соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен «Спортта шекара жоқ» атты спорттық шаралары өткізілді.
17 тамыз күні қала әкімі Е.Б. Сәлімов «Бейбітшілік» аралында салауатты өмір салтын ұстанып жүрген және қалада спорттың дамуына үлестерін қосып жүрген бірқатар қала тұрғындарын құттықтады. 
17 тамыз сенбі күні «Спартак» стадионында БАҚ өкілдері және атқарушы органдар қызметкерлері командалары арасындағы футбол бойынша жыл сайынғы дәстүрлі жарыс өткізілді. 
17 тамызда Әуезов алаңында асық ойынынан және гір спортынан абсалюттік салмақ дәрежесі бойынша жарыстар өтті.
Ал 19 тамыз күні «Бейбітшілік» аралындағы «Арыстан» мәдени – спорттық кешенінде спорт ардагерлерін құрметтеу рәсімі өткізілді. 
Семей қаласы бойынша № 1 ШҚО Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және Әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді. Даңқты балуан спорт мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысып, шаһар жастарымен оқушылары, жас спортшылар құрметпен қарсы алды.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығын орындау бойынша қалада бұқаралық түрде Семей қаласы тұрғындарынан қысқы және жазғы президенттік сынамаларды қабылдау шаралары өткізіліп, 2018 жылы қысқы спорт түрлері бойынша 43739 –дан  астам адам қатысса, жазғы спорт түрлерінен 49627 адам, 2019 жылы қысқы түрлерінен 44239 адам, жазғы спорт түрлерінен 51358 қатысты.
Қалада спорттық туризм анағұрлым танымал болуда, оған 3820 адам үш санат бойынша қосылған: ересектер, жасөспірімдер және кіші мектеп оқушылары.
Қаланың спорттық өміріне белсене қатысатын ардагерлер Кеңесі жұмыс істейді. Сонымен бірге бөлім спорттық федерациялармен, спорттық клубтармен және қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
2019 жылдың 11-17 наурызында Алматы қаласында көру мүшелері зақымданған тұлғалар арасындағы шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты болып, Амантаева Батес күміс медальға ие болды. 
Дүйсенов Әсет 2019 жылдың 2-12 наурызы аралығында Красноярск қаласында өткен ХХІХ Қысқы универсиадада шаңғы жарысы бойынша 2 орынға ие болды.
Алматы қаласында таэквондоның ITF түрінен халықаралық турнир Азия кубогы сарапқа салынды. Азияның бірнеше елінің басын біріктірген турнирге Семей қаласының бес спортшысы бақ сынап, жүлделі орынларға ие болды. Ұлдар арасында Әлішер Қалимолдаев, Виктор Ли үшінші орын алса, қыздар арасында 1 дан қара белбеу иегерлері ішінде Жансұлу Стаханова бірінші орын алды. Сондай –ақ Далила Чикеева да үшінші орыннан көрінді.
Ерасыл Қажыбаев 2019 жылдың 8-10 наурызында Мароккода өткен дзюдо күресінен Әлемдік Гран – Придің күміс жүлдесін жеңіп алды.
2019 жылғы 21-24 сәуір аралығында Доха қаласында (Катар) жеңіл атлетикадан XXIII Азия чемпионаты өтті. Спортсменка Дубовицкая Надежда 1 м. 88 см. нәтижесімен биіктікке секіруде 2 орын алды. 
Алматы қаласында таэквондоның ITF түрінен халықаралық турнир Азия кубогы сарапқа салынды. Турнирге Семей спорт академиясының бес шәкірті бақ сынап, жүлделі орынларға ие болды. Ұлдар арасында Әлішер Қалимолдаев, Виктор Ли үшінші орын алса, қыздар арасында Жансұлу Стаханова бірінші орын алды. Сондай –ақ Далила Чикеева да үшінші орыннан көрінді.
2019 жылы 3-5 мамырда Бангкок қаласында (Тайланд) ММА бойынша Азия чемпионаты өтті. Бірінші орынды Жұматаева Талшын, үшінші орынды Жусупова Шынар иеленді.
2019 жылдың 8 маусымында Нұр – Сұлтан қаласындағы «Барыс – Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі өтіп, нәтижесі бойынша Айбек Нұғымаров жеңімпаз атанып, Ерасыл Қажыбаев күміс жүлдеге ие болды.
2019 жылғы 26-31 шілде аралығында Қытайдың, Тайвань провинциясының астанасы Тайпэй қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Семей қаласының спортшысы Айбар Мұқашев құрама сапында қола медальға ие болды. 
4-9 тамыз аралығында Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтті. Семей қаласының спортшылары Абдуллаева Диана – 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 3 орын, Елизавета Белоусова – 59 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2 орын, Быкова Екатерина 71 кг салмақ дәрежесінде 3 орын алды. 
17-18 тамыз аралығында сол жағалау саябағында Өскемен тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының Чемпионаты және Гундерсен жүйесі бойынша «Спринт» және «Супер-спринт» қашықтықтарындағы триатлоннан Кубоктың төртінші кезеңі өтті. U15 категориясында қыздар арасында 2 орын Бурмантова Снежана, U19 категориясында ерлер арасында 3 орынды Куцев Александр иеленді.
Жаксыбаева Ажар ерлер мен әйелдер арасындағы Full-Contact каратэден 1-ші Ашық Азия чемпионатында (7-8 қыркүйек Куала-Лумпур қ. (Малайзия) 3 орын алды. 
Үндістанның Нью-Дели қаласында самбо күресінен жасөспірімдер, жастар арасында және ерлер мен әйелдер арасында жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты аяқталды. Чемпионат 12-16 қыркүйек күндері өтті. Жарысқа 21 мемлекеттен келген 300-ден аса спортшы Үндістанда бақтарын сынап, баптарын байқады. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 30-ға жуық самбошы қатысқан болатын. Жасөспірімдер арасында сынға түскен Есентай Имаханов 60 кг. салмақ дәрежесінде чемпион атанды. 
2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-сұлтан қаласында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен Әлем Чемпионаты өтті. Семей қаласынан еркін стильдегі бар балуандар Қалиев Расул, Кайсанов Данияр, Казюлина Ирина қатысты.
2019 жылдың 11-13 қазаны аралығында Өзбексатнның Ташкент қаласында самбо күресінен жастар және жасөспірімдер  арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Жасөспірімдер арасында сынға түскен Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшысы Есентай Имаханов 60 келіде күміс жүлдегер атанды. 
Ағымдағы жылдың 24-27 қазаны аралығында Грецияның Ираклион қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп, спортшылар Ахметжанов Алихан 55 кг. салмақ дәрежесінде күміс медальға ие болса, Құмарова Дильназ 40 кг. салмақ дәрежесінде алтын медальды иеленіп, жеңіс тұғырында көрінді. 
26 қазан мен 4 қараша аралығында Констанца қаласында (Румыния) армрестлингтен мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы 41-ші әлем чемпионаты өтті. Семей қаласының спортшысы Данияр Тайменов алтын медаль жеңіп алды.
2019 жылдың 15-17 қарашасында Бахрейн Корольдігінің астанасы Манамада ММА аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионаты өтіп, қала спортшысы Талшын Жұматаева алтын медаль жеңіп алды. 
2019 жылғы 15-17 қараша аралығында Рим қаласында (Италия) панкратионнан әлем чемпионаты өтті. Онда республика құрамасының сапында қала спортшысы Кабдиев Тельжан алтын медальға ие болды.
Айбек Нұғымаров 2 желтоқсанда Алматы қаласында өткен қазақ күресінен «Әлем Барысы» чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 
2019 жылдың 20-21 желтоқсан аралығында Нұр-сұлтан қаласында қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты өтіп, Ықыбаев Дастан, Қайырбеков Архат жеңімпаз атанса, Манасбаев Бекзат күміс жүлдегер атанды. 
2014 жылдың 23-27 желтоқсан аралығында Алматы қаласында биатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, оның қорытындысы бойынша Галина Вишневская 1 орынға ие болып, ересектер арасында биатлон бойынша Әлем Чемпионатына жолдама алды. Титиевская Кристина мен Бауэр Кирил эстафеталық жарыста 1 орын алып, жастар арасындағы Әлем чемпионатына жолдама алды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты берілген мақалада «Қазақстан Семей» телеарнасымен бірге апта сайын «Намыс» спорт бағдарламасы жүгізіледі.
Жыл сайын спорт саласындағы жоғары көрсеткіштерге ие болып жүрген спортшылармен кездесулер өткізіліп, онда атақты спортшылар жеңіс тұғырына қалай жеткендіктері туралы айтып береді. Сонымен бірге мекемелер ұжымдарымен оқу орындарында кездесулер, мастер - кластар өткізіледі. 
2020 жылға арналған міндеттер:
- Барлық санаттағы тұрғындар үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жағдай жасау және ары қарай салауатты өмір салтын насихаттау;
- 2020 жылы дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысушылардың санын арттыру бойынша жұмыстар;
- «Мұз Айдыны модулін» салу және пайдалануға беру»;
- Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.   
 
 
 
 
 
 
 
Дене шынықтыру мен спорт бөлімі

 

 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2018 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2017 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2016 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2015 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2014 жыл
 
 
Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2013 жыл
 
 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 09-01-2020