Акимат » МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

 

Назар аударыңыздар! Балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру керек. Бұндай түсіндіру балалардың көп пайызын қанағаттандырады, олай болмаған жағдайда өздері білгілері келеді, неге оларға ананы не мынаны істеуге тыйым салады:      
  • өзіңнің тегіңді, атыңды, мекенжайыңды жақсылап есіңе сақта және үйдің телефон нөмірін есіңе сақтауға тырыс;
  • сенің ата-ананың аты қалай;
  • ергер үйде ата-анаң жоқ болса, сыртқы есікті ешкімге ашпа;
  • дәрілерді және қауіпті заттарды қолыңа алма, оларды абайсызда жұтып қоюың мүмкін;
  • сіріңкемен, оттықпен ойнама – бұл өртке әкеледі;
  • пәтерде өрт шыққан жағдайда еденге жатып шығатын жаққа қарай еңбектеу керектігін біл, демалғанда тек дым шүберек арқылы дем алу керек;
  • газ плитаға жақын барма;
  • газ плита жұмыс істеп тұрғанда ас үйде жалғыз болма;
  • розеткаға жақындама, оған қандайда бір затты тығуға тырыспа – онда жоғары кернеу;
  • кішкентай балаларға балконға шығуға болмайды;
  • терезесі ашық балконда тұрғанда тентек болма;
  • орындықта шайқалмай отыр;
  • тек ата-ананың қарауымен былауда жуыну керек;
  • есіңе сақта, жер сілкінісі болған жағдайда ең бірінші не істеу керек екенін және бөлмедегі ең қауіпсіз жерді біл
  • аулаға қыдыруға шықпас бұрын ата-анаңа қайда және кіммен болатыныңды айт
  • бөтен көлікке отырма;
  • танымайтын адамдармен сөйлеспе, қайда шақырса да баруға келіспе;
  • танымайтын адамдардан ештеме алма;
  • көлік қозғалысы қатты жолда жалғыз жүрме
  • көшеден басқа жаяу жүргіншілермен бірге тек бағдаршамның жасыл түсіне өт.
  • қоғамдық көліктермен ата-анаңсыз жүрме;
  • аэрозолді кішкентай баллондарды алауға лақтыруға болмайды;
  • иттер мен мысықтарды ызаландырма, олар қорқытуы, тістеуі немесе тырнап алуы мүмкін;
  • бөтелке мен лапошаны шақта;
  • қыста аулада ерекше сақ болу керек;
  • балабақшаға және үйге барар жолда ата-ананың көшеден өту, жол қозғалысы ережесі туралы айтқандарын есіңе сақта;
  • қараңғы түскеннен кейін көшеде жүрме;
  • қараңғы сатымен жалғыз көтерілме;
  • ешқандай себеппен бөтен пәтерге кірме;
  • жедел сатыға бөтен адаммен бірге кірме;
  • балалар үлкендерсіз суда жалғыз қалуға болмайды;
  • үлкендерсіз мұзда жалғыз жүрге;
  • білмейтін жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды жеме;
  • егер таныс емес жерде ата-анаңнан адасып қалсаң, ата-анаңнан адасып қалған жерде тұр – сонда сені тауып алады.
 
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
 
ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖ басқармасында
халық арыздары мен ұсыныстарына шұғыл әрекет ету үшін 
сенім телефоны жұмыс істейді: 56-01-26
Өңдеу күні: 25-08-2011