Акимат » ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖ басқармасы» ММ ескертеді!

ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖ басқармасы» ММ ескертеді!

 

Жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталды.

Балаңызды көшеге, мектепке  жібермес бұрын оған жолда үру ережесін қайта есіне салғаныңыз жөн: 

- балалардың көптеп қаза болуы және ең ауыр жарақаттар алуы да  жол көлік оқиғасынан орын алуда.

Сондықтан балаға көшеде өзін ұстау және қарапайым жолда жүру ережесін үйретуді ерте жастан бастау қажет. Ең тиімдісі баланы өзіңізбен еріте жүріп барлық болуы мүмкін қауіптерді көрсетіп түсіндіру.

Балалардың көшеде жарақатануының 70 % мектептен үйге қайту жолында орын алады. Неге, дейсіз ғой, себебі сабақтан шыққан балалар үйге қайту жолын демалыс басталды деп санайды, өздерін еркін сезінеді. Сондықтан балаңызды мектептен тосып алған жөн,  ал егер балаңыз өздігімен үйге қайтатын болса нақты қай жолмен қайтатынын және неше уақыт жолда жүретіні туралы келісіп алыңыз. Үйге келісімен жұмысыңызға қоңырау шалып, келгенін хабарласын.

Балаңызға ерте кезден, көшеде жалғыз болған жағдайда бөтен адаммен сөйлесуге, танысуға  болмайтынын, әсіресе, шақырған жеріне бармау керектігін айтып түсіндіріңіз:

  • таныс емес адаммен сөйлеспе;
  • бөтен адамның көлігіне отырма;
  • мектептен үйге қайту жолында ойынға айланба;
  • қараңғы түскенде көшеде жалғыз қалма.

 

«ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖ басқармасы» ММ Насихаттау және оқыту бөлімінің бас маманы  Ольга Кривоногова

 

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстарына жедел әрекет ету үшін ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖ басқармасында сенім телефоны жұмыс істейді:
56-01-26
Өңдеу күні: 05-09-2011