Акимат » Семей қаласының сәулет және қала құрылысының 2018 жылдың 1 сәуіріне

Семей қаласының сәулет және қала құрылысының 2018 жылдың 1 сәуіріне

Сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметін 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі Қазақстан Мемлекетінің Заңына және сәулет, қала құрылысы саласындағы заңнамалары, облыстық, қалалық маслихаттың шешімі, облыспен қала әкімдерінің  қаулысы және өкімі негізінде жүзеге асырады. 
Сәулет және қала құрылысы бөлімімен есеп беру кезеңінде мынадай жұмыстар атқарылды. 
Бекітілген бас жобаға  және қаланың даму жобасына сәйкес  қалаға іргелес аудандардан он тұрғын  аудандары (Ақсай, Ұшақтар, Комсомольский, Суық бұлақ, Бобровка, Жарқын, Ақ-қайың , Жибек жолы, Малая Актюба, және Степной) анықталды, жер телімінің жалпы көлемі 4 070,3 га немесе 13 715 жекеленген жер телімі.
Жеке тұрғын үй құрылысындағы жер телімдеріне инженерлік коммуникациялық құрылымдарды тарату (су құбыры, электр қуаты) құрылыс жұмысы 3 кезеңге бөлінген.
1-ші кезең 2017-2021 жылдар аралығында
2-ші кезең 2022-2026 жылдар аралығында
3-ші кезең 2027-2031 жылдар аралығында
Инженерлік құбырларды тартудың бірінші кезеңі Ақсай, Ұшақтар, Комсомольский тұрғын аудандарында жүргізіледі. Нәтижесінде 3 395 жер телімі инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.
Ақсай тұрғын ауданында 1700 жер телімі жоспарланған, оның ішінде 448 жер телімі иелерімен заңдастырылған, 68 жер телімінде жеке үлгіде тұрғын үйлер салынып пайданалуға берілді, 32 жер телімінде жеке үлгідегі тұрғын үйлер салынуда, 752 жер телімі заңдастырылып жатыр, бос жатқан жер телімдерінің саны 500.
Ұшақтар тұрғын ауданында 765 жер телімі жоспарланған, оның ішінде 227 жер телімі иелерімен заңдастырылған, 103 жер телімінде жеке үлгіде тұрғын үйлер салынып пайданалуға берілді, 65 жер телімінде жеке үлгідегі тұрғын үйлер салынуда, 538 жер телімі заңдастырылып жатыр.
Комсомольский тұрғын ауданында 930 жер телімі жоспарланған, оның ішінде 328 жер телімі иелерімен заңдастырылған, 197 жер телімінде жеке үлгіде тұрғын үйлер салынып пайданалуға берілді, 52 жер телімінде жеке үгідегі тұрғын үйлер салынуда.
Екінші кезеңде 5220 жер теліміне инженерлік желілерді тарту жоспарланған: Суық бұлақ -1520;  Жарқан – 2900; Бобровка-200; Ақ қайың -600;
Үшіші кезеңде 5100 жер теліміне инженерлік желілерді тарту жоспарланған: Жібек жолы-2600;  Малая Актюба- 200; Степной -500.
Әкімдіктің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 151 қаулысымен Алматы қаласының «Градо» ЖШС жобалық фирмасы әзірлеген «Қарағайлы» тұрғын үй ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (түзету) бекітілді.
Қазіргі таңда «Қарағайлы» тұрғын алабының ауданы белсенді меңгеріліп келеді. 
Қарағайлы тұрғын ауданында бірінші қабаты қызмет көрсету объектілерімен жабдықталған, бірнеше көпқабатты тұрғын үйлер, инженерлік желілер, жол құрылыстары және ПС-110 кв қондырғысының құрылысы жоспарланып отыр. Назарбаев зияткерлік мектебі, «Абай Арена» спорт кешені, 7 жатақхана құрылысы және 1200 орындық 2 мектеп пен 320 орындық 3 балабақша құрылысы салынбақ. 
Квартал ішіндегі жоспарланған автомобиль жолдарының ені - 6 м, автотұрақтар 1 пәтерге 1,5 автомобильден есептелген. 
Қазіргі таңда жер телімі мынадай құрылыстарға бөлініп отыр:
10 көпқабатты тұрғын үй, ауданы - 4,303 га;
5 көпқабатты тұрғын үй, ауданы - 2 га;
20 көпқабатты тұрғын үй, ауданы - 11 га;
3 көпқабатты тұрғын үй, ауданы - 5,5 га;
1 көпқабатты тұрғын үй, ауданы - 0,66 га
жеке инвенторлар есебінен, 3 көпқабатты тұрғын үй, ауданы- 1 га;
500 орындық мәдени-спорттық «Абай Арена» кешені, ауданы -12,6 га,
Кешеннің проектісі көлемі-71,4 х 91,4 м, биіктігі-25,0 м болатын 3 қабатты ғимаратты көрсетеді. Ғимарат ішінде 5000 көрермен орнымен жабдықталған спорт залы, 5 бассейн, әр-түрлі спорт түрлерімен айланысуға арналған 19 үй-жайлар, компьютерлік клуб, конференц зал, 2 кафе-бар, 30 орындық кинозал және бірнеше қызметтік үй-жайлар қарастырылған. 
320 орындық балабақша құрылысының жұмысы басталды, медігер және инвестор ЖШС «Фирма Азия». 
Тұрғын ауданда су құбыры, жылу құбыры, телекоммуникация құбырлары жұмысының магистралдық желілерімен қамтамасыз етілді, электр желісі құрылымының жұмысы аяқталуда.
Ағымдағы жылдың басында кіші Актюба, Жибек жолы, Степной алабындағы тұрғын үйлерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бекітілген.
2018 жылдың І тоқсандағы есептік кезеңі бойынша қаланың 136 әлеуметтік объектісін жобалауға сәулет-жоспарлау (көп қабатты тұрғын үй құрылысы, бөлмежайды офис, шаштараз, дүкен ретінде реконструкциялау т.б.) тапсырмасы берілді, объектінің мекен-жайын анықтау бойынша 466 анықтама  беріліп, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізілді. 
Сәулет және қала құрылысы кеңесінде айтылған консультативтік-кеңестік органнын үш отырысы өткізілді.
Қайта жаңғырту және жаңа құрылысқа арналған 21 эскиздік жобалар қаралды. Оның ішінде 17 эскиздік жоба келісіліп, бекітуге ұсынылды, ал 3-еуі қайта қарауға жіберілді.
 
 
Сәулет және қала құрылысы бөлімі
 

Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2017 жыл
 
Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2016 жыл
 
Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2015 жыл
 
Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2013 жыл
 
Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2012 жыл
 
Семей қаласында сәулет және қала құрылысының дамуы 2011 жыл
 
 
Өңдеу күні: 10-04-2018