Акимат » Семей қаласына БҰҰ Ұлттық еріктісі/ Жоба Ассистенті орнына конкурс

Семей қаласына БҰҰ Ұлттық еріктісі/ Жоба Ассистенті орнына конкурс

 

БҰҰДБ/БҰҰ Еріктілер бағдарламасы «Өңірлік жоспарлауға инновациялық көзқарасты енгізу және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (Семей өңірі үлгісінде)» БҰҰ –ның біріккен бағдарламалары  аясында Семей қаласына  БҰҰ Ұлттық еріктісі/ Жоба Ассистенті  орнына   конкурс жариялайды.

 

Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:

1. Бизнес/ мемлекеттік басқару/ экономика, саясат және қоғамдық ғылымдар бойынша не ұқсас салаларда жоғары білімі болуы;

2. Әкімшілік/ қаржылық  немесе ұқсас салада тәжрибесі -3 жылдан кем болмау керек;  

3.  MS Windows, MS Office бағдарламаларында жұмыс тәжрибесі мен дағдысы болуы;

4. Қазақ және орыс тілдерін жетік білу;

5. Ағылшын тілін білу міндетті;

6. Қазақстан азаматы болу;

7. Жасы: 25-тен асқан;

8. Жеке қасиеттері: еріктілік құндылықтары принциптерин ұстанған, тұлғалар  арасындағы қарым қатынастың жоғары дағдысы болу.

Жұмыс орныСемей қаласы, ШҚО

Толық ақпаратты,  www.undp.kz веб-сайтындағы: бос орын бөліміндегі техникалық тапсырыстан таба аласыз . Осы орынға конкурсқа қатысу үшін тапсырыс  UN Personal_History_Form P11  нысанымен онлайн тәртібінде  толтырып,  2012 жылдың 23 қаңтарына дейін тапсыру керек. 

Өңдеу күні: 11-01-2012