Акимат » Семей қаласының Өрт-техникалық орталығы

Семей қаласының Өрт-техникалық орталығы

Семей өрт-техникалық орталығы алғаш рет 1985 жылы құрылған еді. Қазіргі уақытта ӨТО Шығыс Қазақстан облысы өрт-техникалық орталығының филиалы болып табылады. 

ШҚО ӨТО филиалы қаланың өртке қарсы қызметінің мұражайы және Семей қаласының Өртке қарсы қызмет жасағының ғимаратында орналасқан. Өрт-техникалық орталықта шамамен 3000 жуық мұрағаттар бар, оның басым бөлігі қорда орналасқан.

Қалалық ӨТО базасында мектеп, колледж, институт және бала-бақшалар оқушыларына тұрақты экскурсиялар ұйымдастырылады және өткізіледі. 2002 жылдан бастап ӨТО-ға 12 000 астам адам келді. 

2002 жылдан бастап өрт-техникалық орталықты ӨТО аға қызметкері Наталья Владимировна Рыкова басқарады.

Мекенжайы: ШҚО, Семей қаласы,Дулатовкөшесі, 137, тел. 56-15-15

E-mail: n_rykova@mail.ru

Өңдеу күні: 26-01-2012