Акимат » 2012 жылдың 1 қаңтарына Семей қаласы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы

2012 жылдың 1 қаңтарына Семей қаласы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы

 

2012 жылдың 1 қаңтарына Семей қаласының бюджетіне 23 775,6 млн. теңге, оның ішінде өзіндік кіріс көздері бойынша 9 375,7 млн. теңге түсті.

Жоғарғы тұрған бюджеттен қаланың жылу жүйесін жетілдіру мен қайта іске қосуға, инженерлік-коммунакациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға, білім мектепке дейінгі мекемелерінде мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шараларға трансферттер түрінде 13 832,5 млн. теңге бөлінді.

Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша 23 309,4 млн. теңге игеріліп, оның ішінде білім саласының шығындары 6 226,2 млн. теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету 1 017 млн. теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 516,2млн. теңгені құрайды.

Көзделген қаражат есебінен  бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақы төлемдері қамтамасыз етіліп, әлеуметтік төлемдер жүргізілді.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша халықты жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға бюджеттен 31 млн. теңге, тұрғын үй көмегіне 36,6 млн. теңге, үйде оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмекке – 45,5млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке – 101,4 млн. теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға –  27,9 млн. теңге жұмсалды.

Өңдеу күні: 24-04-2012