Акимат » Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2012 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2012 жылдың 1 қаңтарына

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 16 әлеуметтік бағдарламалар бойынша қаржы қаражатының игерілуін қамтамасыз етуде.

2011 жылы 1071695,0 мың теңге игерілді, соның ішінде жергілікті бюджеттен 723123,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 223881,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 124691,0 мың теңге. 

Жиынтық табысы кедейлік шегінен төмен 3282 алушысы бар 980 отбасына 101359,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Жәрдемақының орташа мөлшері 2574 теңге.

18 жасқа дейінгі баласы бар аз қамтылған отбасыларға балалар жәрдемақысы отбасының жан басына шаққандағы кірісі азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға тағайындалады. Есепті мерзімде 2690 баласы бар осындай 1335 отбасы өтініш жасады. Оларға төленген жәрдемақы 27916,0 мың теңге. Жәрдемақының орташа мөлшері 865,0 теңге.

2304 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалып, 36665,0 мың теңге төленді. Жәрдемақының орташа көлемі 1129,0 теңгені құрады.

007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша  258781,0. мың теңге сомасында бөлінген несие толығымен игерілді. Барлығы 16049 алушы қамтылды. Аталған қаражат аз қамтылған, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға, жеке өтініштері бойынша халықтың әлсіз топтарына және азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мерекелік даталарға тағайындалатын әлеуметтік көмектің 17 түріне пайдаланылды. 

2011 жылдың қаңтарынан бастап төлем екі түрге көбейді. Ол қосымша тамақтандыруға мұқтаж туберкулез ауруымен ауыратын сырқаттарға арналған. Жыл басынан шұғыл және жеке өтініштері бойынша мұқтаждарға біржолғы әлеуметтік төлем жүргізуге ерекше назар аударылды. Осы мақсаттарға 3360,3 мың. теңге жұмсалды.

ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, соларға теңестірілгендер, әскери қызмет мерзімінде сырқат болған немесе жарақат алған мүгедектер, ауған соғысына қатысқан тұлғалар және азаматтардың басқа да санаттары ай сайын коммуналдық қызметтер үшін 5000 теңге мөлшерінде өтемақы алып отырады. Осындай, бірақ мөлшері 2000 теңге өтемақыны аурулары Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстармен байланысты мүгедектер, республикалық және облыстық маңыздағы зейнеткерлер алады. Осы мақсаттарға 138854,0 мың.теңге жұмсалды.

8 Наурызға «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен және 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, сондай-ақ 4 және одан көп баласы бар көп балалы аналарға 31460,0 мың.теңге әлеуметтік қолдау көрсетілді. 

Жоспардағы 1273 адамның орнына «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау үшін 1914 көп балалы ана қабылданды. Қалалық әкімдікке – 1914 іс макеті, облыстық әкімдікке 1912 іс макеті тапсырылды.

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісімен – 1899 адам марапатталды.

Облыс әкімінің грантын жеңіп алған медицина академиясында, педагогикалық институт пен Шәкәрім университетінде оқитын 100 студенттің оқуына, шәкіртақысына, жатақханада тұру ақылары төленді. Педагогикалық институттың 7 түлегі оқуды аяқтап, жұмысқа жіберілді. Осы мақсаттарға бөлінген 47648 мың теңге қаражат толығымен игерілді. 

Мүгедектерді оңалту бойынша жұмыс жалғасуда. 2011 жылы жеке оңалту бағдарламасына сәйкес:

- протез-ортопедия құралдары – 503;

- санаторлық-шипажай  жолдамалары –354;

- мүгедек арбалары – 106; 

- есту аппараттары -74, 

- сурдотехникалық құралдар – 100;

- гигиеналық құралдар – 530; 

- тифлотехникалық құралдар - 235 адамға тапсырылды.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалар саны - 267, оларға  45450,0 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленді.

Әрекетке  қабілетсіз 74 азаматқа қорғаншылық тағайындалды.

171 есту бойынша мүгедекке ымдау тілі мамандарының, жүріп-тұруы қиын 75 1-топ мүгедегіне жеке көмекшілердің қызметтері көрсетілді. Осы қызметтерді көрсетуге 7530,0 мың теңге сомасында қаражат жұмсалды. Есепті мерзім ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерді көлікпен тасымалдау қызметін (әлеуметтік такси) көрсету бойынша 3800,0 мың теңгеге 2498 өтінім орындалды.

Мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген балаларға, жалғыз басты азаматтарға, белгілі тұрағы жоқ адамдарға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету бөлім жұмысының басым бағыты. Әлеуметтік қызметкерлер 1110 зейнеткер мен еңбекке жарамсыз азаматқа үйлеріне барып түрлі қызмет көрсетеді. Олар азық-түлік, дәрі-дәрмек, отын жеткізуді шешеді, үйлерін тазалаумен және жөндеумен айналысады. Мүмкіндігі шектелген балаларды және 18 жастан асқан мүгедектерді әлеуметтік қолдау оңалтудың сатылы бағдарламасына сәйкес әрқайсысымен жеке жүргізіледі. Барлығы 348, соның ішінде 258 – психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, 90 - психоневрологиялық ауытқулары бар  18 жастан асқан мүгедектер. Күндізгі бөлімшеде – 3-жастан – 18–жасқа дейінгі 27 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені көрсетіледі. 2011  жылы белгілі тұрағы және құжаттары жоқ 510 адам әлеуметтік бейімделуден өтті, 311 адамның құжаттары ресімделді, 157 адам жұмысқа орналастырылды.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың құжаттарын қабылдау жалғасуда, 2011 жылы  650 адам қабылданып, зейнетақы төлеу орталығына 650 іс макеттері тапсырылды. 835 алушыға 16,4 млн теңге сомасына ақшалай өтемақы төленді. 

Еңбек нарығының жағдайын жақсарту, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, кәсіптік оқу, әлеуметтік жұмыс орыны, қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі. 

Есепті мерзімде 4600 адамға жұмысқа орналасуға қөмек көрсетілді. 

Кәсіптік оқуға 634 адам жіберілді, оның ішінде  55 адам Бизнестің жол картасы 2020 бойынша. 

 «Жастар тәжірибесі»  бағдарламаға 877 түлек қатысты, оның 487 -і Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша. 

Әлеуметтік жұмыс орындарына 282 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, оның 89-і ауылдық округтерден. 

Қоғамдық жұмыстарға 1268 жұмыссыз жіберілді, оның 252-і ауылдық округтерден. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын іске асыру мақсатында 2011 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 316 қаулысымен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бекітілді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша кәсіптік даярлауға (мемтапсырыс)  - 567 адам, кәсіптік қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге  547 адам  жіберілді.

772 адам жұмысқа орналасты, соның ішінде 421 адам әлеуметтік жұмыс орындарына.

Ауылдық кәсіпкерлерді және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтарды  ауылдағы өз ісін ауылдық округтерде ұйымдастыру және кеңейтуге тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Ұсынылған бизнес-ұсыныстардың ішінен 168,550 млн.теңге сомасына 132 жұмыс орнын құру арқылы 91 бизнес-жобалар іріктеліп алынды. 

2011 жылдың 30 желтоқсанына 91 бизнес-жобалар бойынша шағын несие берілді. 168,550 млн.теңге игерілді.

Жоғары айтылған шараларды іске асыру арқылы  қаланың еңбек нарығындағы жағдай дұрысталды,  жұмыссыздар санының төмендеуіне қол жеткізілді.  

2011 жылдың аяғына  тіркелген жұмыссыздар саны  1200 адам құрады, 2010 жылмен салыстырғанда  33  адамға төмен.        

Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеп және 5,6%-ды құрады.

Өңдеу күні: 24-04-2012